Бәйге бөлімі


Күкірт және оның қосылыстары

Химия 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: күкірт және оның қосылыстары туралы толық мағлұмат беру; реакция теңдеулерін дұрыс жазуға үйрету.
Дамытушылық: есептер шығарту арқылы ой - өрістерін дамыту; сын тұрғысынан ойлай алу қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: жеке тұлғаны өз ерекшеліктеріне қарай қоршаған ортаны қорғауға, ұйымшылдыққа, шапшаң ойлауға, қазақы дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақта қолданылатын технология элементі: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының элементтері.
Сабақтың көрнекіліктері: Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, кестелер, слайдтар, қосымша әдебиеттер (есептер жинағы), баспасөз ақпараттары.
Пәнаралық байланыс: математика, биология, экология, физика, қазақ тілі, жаратылыстану.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысымын, оқу - құралдарын тексеру. Сынып тазалығына назар аудару.
2. Психологиялық ахуал. «Мен сенемін...»
3. Үй тапсырмасын сұрау. «Кім жылдам?» ойыны. Сұрақтар:
1. Периодтық жүйеде қанша бейметалл бар?
2. Электртерістігі жоғары бейметалл.
3. Кремний жер қыртысында таралуы бойынша нешінші орында?
4. Бейметалдардың тотықтырғыштық қабілеті период бойынша қалай өзгереді?
5. Көміртектің ұшқыш сутекті қосылысының формуласы.
6. Химиялық реакцияға түспейтін бейметалдар.
7. Негізгі топшада бейметалдардың қасиеттерінің өзгерісі.

4. Үй тапсырмасын бекіту. Есеп:
Су құрамында қанша пайыз оттек және қанша пайыз сутек бар?

5. Жаңа сабаққа кіріспе. Жұмбақ:
Таңбам менің доллардың бейнесінде,
Өзіме отыз екідей салмақ үйлесімді.
Латынша сульфур деген атауым бар,
Емдік те қасиетім бар, сенесің бе?

6. Жаңа сабақ.
1. Күкірт атомының құрылысы. (Бұнда оқушылар өз беттерінше күкіртке периодтық кесте бойынша сипаттама береді және оны тақтаға, дәптерлеріне орындайды.)

2. Табиғатта кездесуі. (Мұғалім баяндап түсіндіреді.)
Күкірт – бірнеше мыңдаған жылдардан бері адамдар пайдаланып келе жатқан элементтің бірі. Соның бір дәлелі: біздің дәуірімізге дейінгі 680 ж. теңіз соғысында арабтарға қарсы византиялықтар жаңа өте күшті қару «грек отын» пайдаланады. «Грек оты» - күкірт. Оны алғаш рет бос уақытында алхимиямен айналысқан Гелиополия қаласының тұрғыны архитектор Коллоникос ойлап тапқан. Күкірт ежелден іске жаратылғанымен, элемент екенін ХҮІІІ ғасырда А. Лавуазье анықтап, ХІХ ғасырда Г. Дэви және Ж. Гей - Люссак химиялық анализ арқылы анықтаған. Күкірт табиғатта бос күйде, қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысындағы пайыздық мөлшері - 0, 1%. Құрамында күкірті бар кен орындары Қазақстанның Орталық, Оңтүстік, Шығыс аудандарында көптеп кездеседі. Сульфатты қосылыстары Арал, Каспий теңіздерінде, барит ең көп кездесетін минерал (Майқайың, Төртқұдық, Мырғалымсай, Қарағайлы, Қайрақты, Тұйық, Жалайыр, т. б.), сульфидтік минералдары (халькопирит, мыс «жылтыры») Жезқазған, кенді Алтайда көп. Емдік қасиеті бар минерал сулар да баршылық (Алмаарасан, т. б.). Ақтөбе, Ақтау, Атырауда өндірілетін мұнай мен газ құрамында күкірт қосылыстары көп кездеседі. Күкірт тірі ағзаға қажетті нәруыздың құрамына кіреді. Шаштағы каротинде, құстардың қауырсындарында, жануарлардың жүндерінде күкірт көп болады. Бос күйіндегі күкірттің адам өміріне аса қауіптілігі жоқ, бірақ аз мөлшерінің іш жүргізетін әсері бар. Майда түйіршікті күкірттің теріні тітіркендіретін қасиеті бар. Күкірт қанның ұюына көмектеседі. 0, 25% күкірт – ақуыздың аса маңызды құраушысы. Денеде 130 - 140 грамға дейін күкірт болады.

3. Физикалық қасиеттері. «Жазбаларды сөйлетейік» ойыны. (Бұнда оқушыларға слайд арқылы түрлі жазбалары бар тапсырма беріледі. Сол тапсырма бойынша оқушылар күкірттің физикалық қасиетіне байланысты өз ойларын айтады және мұғалім қосымша толықтырады.)
«Жазбаларды сөйлетейік» ойынының тапсырмалары:
ρ ═ 2, 07 г/см ³
И
САРЫ
t(б)═112, 8 ⁰C
ҚАТТЫ
t(қайн.) ═ 444, 6 ⁰C
ЭТ – 2. 50
АМОРФТЫ
суда ЕМ
ромбты
СS ₂ Е
МОНОКЛИНДІ
119 ⁰C – та сары қоңыр сұйықтық,
160 ⁰C↑
ИІЛІМДІ
S ₈→ S ₆→ S ₄→ S ₂
Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістері: ромбты, моноклинді, аморфты, иілімді. Кәдімгі температурада ромбты күкірт тұрақты, табиғатта осы түрі көп кездеседі. Ол иіссіз, сары түсті, суда ерімейтін, морт сынатын, қатты кристалды зат. ρ ═ 2, 07 г/см ³, балқу t ═ 112, 8 ⁰С, қайнау t ═ 444, 6 ⁰С, ЭТ – 2, 50. Күкірт S ₂, S ₄, S ₆, S ₂, S ₈ молекулаларын түзе алады. S8 тәжге ұқсас ромбты, тұйықталған пішінде болады. Ол 119°C - та балқиды да, сары қоңыр түсті сұйықтыққа айналады. 160 ⁰C - тан асқанда молекуладағы атомдар саны азайып, ашық тізбекке айналады, иілімді түрөзгеріске көшеді. Күкірт СS ₂- де, бензолда оңай ериді, спирт пен эфирде нашар ериді. Қайнаған күкіртті жылдам суытса «күкірт түсі» делінетін ұнтақ пайда болады. Ағаш қалыптарға құю арқылы «таяқша күкірт» алынады.

4. Химиялық қасиеттері. (Күкірттің химиялық қасиеттеріне орай слайд арқылы бірнеше тәжірибелер көрсетіледі. Сол тәжірибелерге және мұғалімнің айтқан мәліметтеріне сәйкес оқушылар өз беттерінше реакция теңдеулерін тақтаға және дәптерлеріне орындайды.)
1 - тәжірибе. Күкірт оксидін алу және түзілген затқа су қосу. Қандай зат түзілгенін индикатор қағазы арқылы анықтау.
2 - тәжірибе. Күкіртсутектің түзілуі.
3 - тәжірибе. Сынап (ІІ) сульфидінің түзілуі.
4 - тәжірибе. Күкірт қосылысының қоршаған ортаға әсері.
Күкірт химиялық реакция кезінде әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
1. Күкірт оттекте көгілдір жалын түзе жанады. Мұнда күкірт тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді.
2. Күкірт металдармен жоғары температурада әрекеттесіп, сульфидтер түзеді. Алтынмен, иридиймен, палладиймен әрекеттеспейді. Шашылған сынапты күкірт ұнтағын себу арқылы жинап алады. Оны демеркуризация дейді.
3. Күкірт сутекпен әрекеттескенде тотықтырғыштық қасиет көрсетеді. Күкіртсутек пен оның тұздарын қорғасын (ІІ) нитраты арқылы анықтайды.

5. Күкірт қосылыстары. Қасиеттері.
1. Күкірт (ІV) оксиді – өткір, тұншықтырғыш иісі бар түссіз газ. - 10°C - та сұйық күйге ауысады, ал 73°C - та қатаяды. 1 л. суда 20°C температурада 40 көлем күкіртті газ ериді, күкіртті қышқыл түзіледі.
2. Күкірт (VІ) оксиді – кәдімгі жағдайда ұшқыш, түссіз сұйықтық. Ылғал тартқыш. Ауада түтінденеді. Суда жақсы ериді, көп мөлшерде жылу бөле отырып, күкірт қышқылын түзеді. 44, 6 ⁰C - та қайнайды, 16, 8 ⁰C - та металдық масса түрінде қатаяды. 50 ⁰C - тан жоғары температурада қыздырғанда SO3 кристалдары ерімей, бірден буланады.
3. Күкіртсутек – шіріген жұмыртқа иісті, түссіз газ. – 60 ⁰C - та сұйық күйге ауысады, ал – 86 ⁰ C - та қатаяды. Судың бір көлемінде 2, 5 көлем күкіртсутек ериді.

6. Қолданылуы. (Бұнда оқушылар оқулықтан күкірттің және оның қосылыстарының қайда қолданылатындықтарын өз беттерінше оқып, «Топтастыру» стратегиясы бойынша тақтаға қолданылу аймақтарын бір - бірлеп жазады.

7. «Білгенге маржан.» (Бұнда оқушыларға баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардан мәліметтер беріледі.)
«Химия өнеркәсібінің наны немесе теңіз күкірті сан тарапқа жол тартуда.»
Кариб теңізінде орналасқан шағын арал - мемлекет – Доминикада көптеген гейзерлер (Ыстық бұрқақ) мен күкіртті сулар бар. Мұндай суларға шомылып қана қоймай, денсаулықты нығайтуға да болады. Аралдағы табиғат жаратқан тағы бір таңғажайып – «Бойлинг - лейк», яғни «Қайнап тұратын көл». Морн - Труа - Питон ұлттық паркінде орналасқан көл 60 м. созылып жатыр. Қайнап тұрған көлден шыққан бу көп мөлшерде күкірт бөліп шығарады. Сол себепті де көлді жағалай өсімдіктер сирек кездеседі. Күкірт өсімдіктердің қаптап өсуіне кері әсерін тигізеді.
Қоршаған ортадағы түрлі техника құралдарынан, зауыт - фабрикалардан, темекі түтінінен бөлінетін күкірт қосылыстарының адам өмірі үшін зияндылығы орасан зор. Күкірт пен оның қосылыстары ауадағы оттекпен және су буымен әрекеттесіп қышқыл түзеді. Ол жаңбыр, қар арқылы жерге түсіп, зиянын келтіреді. Зияндылықтарды жою үшін ҚР Президентінің 2006 жылдың 14 қарашасындағы бұйрығы бойынша «Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдар арасындағы тұрақты дамуға өту туралы Концепциясы» мақұлданды. Оның мақсаты - экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси аспектілер балансын дамыта келе Қазақстан Республикасында халықтың өмір сүру жағдайын көтеру және мемлекеттің келешекте бәсекеге қабілеттілігін ұзақ уақытқа арттыру.

7. Сергіту сәті.

8. Жаңа сабақты бекіту. «Қалай түсінесің?» ойыны. (Оқушыларға түрлі сөздер беріледі. Сол сөздерге өз ойларын жазады, оқиды.)
«Қалай түсінесің?» ойынында оқушыларға берілетін сөздер: қышқыл жаңбыр, күкірт, демеркуризация, көксағыз, мұнай.

9. «Есептер шығарайық!» кезеңі.
№8 (оқулық, 74 - бет.)
Есеп шарты:
Төмендегі айналымдарды іске асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар: мырыш → мырыш сульфиді → күкіртсутек → күкірт (ІV) оксиді → күкірт (VІ) оксиді.
№3 - 34 /И. Нұғыманов, Р. Жұмаділова, Ж. Аганина Химия - 9. Есептер мен жаттығулар жинағы. Алматы «Мектеп» 2005, 74 - бет./
Есеп шарты:
11, 2 л. күкіртсутекті (қ. ж.) толық жаққанда 251, 2 кДж жылу бөлінеді. Егер 2 моль күкіртсутек жанса, қанша жылу бөлінеді? Күкіртсутектің осы мөлшерінің массасы қандай?

10. Рефлексия. (Оқушыларға стикерлер таратылады. Стикерлерге оқушылар сабақ туралы өз ойларын, ұсыныстарын жазып, оқиды.)

11. Үйге тапсырма: §15, «Күкірт және қазақ халқының дүниетанымы.» тақырыбында реферат жазу.
№3 - 26. /А. Е. Темірболатова. Есептер мен жаттығулар жинағы – 9 - сынып. Алматы «Мектеп» 2009, 62 - бет./
Массасы 4 г. күкіртті жаққанда түзілетін күкірт (ІV) оксидінің көлемін қ. ж. есепте.
12. Бағалау.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Қораши елді - мекені, Қарабұлақ орта мектебінің
химия пәні мұғалімі Жумакулова Гулбану Жолдиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 7
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Ұлы Жеңіске мың тағзым!

    Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн.
  • Ұлы далада ұлғайған ілім (терең таным)

    Ұлы далада ұлғайған ілім (терең таным) Шынында да, қай заманда болмасын, заманына қарай жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып келгені рас.
  • Қызым ибалы, ұлым намысты болсын десең…

    Ұрпақ тәрбиесіне үстірт қарамаған бабаларымыздың жақсы дәстүрі бүгінде мемлекеттік тұрғыда жалғасын тауып отыр. Дүниеге келген әрбір нәресте балабақшадағы бүлдіршін, мектеп қабырғасындағы оқушы мен ...
  • Абылай хан-тарихи тұлға

    Қанша уақыт өйтсе де, қазақ халқының жадына Абылай хан қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді.
  • Абайдың педагогикалық еңбектеріндегі тәрбиенің мәні

    Қазақ халқының бір туар ғұлама Ұлы Абайдың кез - келген педагогикалық еңбектерін дұрыс түсініп игеру арқылы ғана, шынайы халқымызға тән тәлім тәрбиеміздің қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік ашамыз.
  • Мазмұндама «Екі дос»

    Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету, логикалық ойлау қабілетін, есте ...
  • Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз...

    Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін!
  • "Қазақ елі-550 жыл"

    Құрметті ұстаздармен студенттер Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
  • Алаштың ұлы тарланы

    Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттерді алаш арысы, аудармашы, ғалым, публицист Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;
  • «QYZYQ EKEN»

    Мақсаты: Студенттердің ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын ынтасын арттыру. Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Студенттерді ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 2
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 2
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика