Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ауа – газдар қоспасы

27 наурыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Химия
Сатылай кешенді талдау сабағы ( 8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Ауа – газдар қоспасы.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ауаның құрамы, ашылу тарихы, азот, оттек, көмірқышқыл газы және салғырт газдар жөнінде түсінік беру.
ә) Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын, ойлау қабілетін дамыту
б) Оқушыларды ауаны қорғауға, табиғатты қорғау үшін өз үлесін қоса білуге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық, сызбалар, суреттер, «Таза ауа – жанға дауа».
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау.
Пәнаралық байланыс: Экология, валеология, ҚР Конституциясы.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші есебін тыңдау.
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Үй жұмысын сұрау. Мына жоспар бойынша оттек
пен озонды салыстыра отырып сұрау.
1. Құрылысы
2. Алынуы
3. Физикалық қасиеті
4. Химиялық қасиеті
5. Қолданылуы
6. Табиғатта кездесуі

3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылардың алдына бірі сумен толтырылған бірі бос екі стақан қойылып сұрақ беріледі:
- бұл стақандардың ішінде не бар?
- бос стақанның ішінде ауа бар.
Бізді қоршап тұратын газдар қоспасын атмосфералық ауа деп атаймыз. Енді ауа тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаймыз.

Анықтамасы
Ауа – газдар қоспасы
Ашылу тарихы
Ауаның құрамын алғаш рет француз ғалымы А. Лавуазъе 1774 жылы анықтады. XVIII ғасырға дейін табиғат зерттеуші ғалымдар реакция кезінде түзілетін газдардың бәрін «ауа» деп санап, әрқайсысын ерекше қасиетіне бола, мысалы, сутекті «жанғыш ауа», көмірқышқыл газын «орман ауасы» деп атаған. Тек XVIII ғасырдың аяғында ауа – газдар қоспасы екендігі дәлелденді.
Қасиеті
Түссіз, иіссіз, дәмсіз газ.
Құрамы
Көлемі бойынша ауада 78% азот, 21% оттек, 1% салғырт және басқа газдар кездеседі.

Азот – түссіз, иіссіз, ауадан аздап жеңіл газ. Онда тірі организмдер тіршілік ете алмайды. Сондықтан «азот» грекше – «тіршілікті қолдамаймын» дегенді білдіреді.
Оттек – иіссіз, түссіз, дәмсіз газ. Ауадан сәл ауыр. Суда аз ериді.
- 183⁰- та сұйылады, - 218⁰- та қатады.
Көмірқышқыл газы – жану, шіру, тыныс алу нәтижесінде түзілетін газ.
Салғырт газдар – He, Ne, Ar, Kr, Xe. Түссіз, молекулалары бір атомнан тұратын газдар. Өздерінен түрлі - түсті жарық шығарады.
He - Ашық сары
Ne - Қызыл
Ar - Көгілдір

Ауаны ластаушы газдар. Табиғаттың әртүрлі құбылыстарында, мысалы, жер сілкінгенде, жанартау атқылағанда, отын жанғанда, зауыт - фабрикалар жұмыс істеп тұрғанда, автомобилдерден аз мөлшерде кездейсоқ газдар ауаға таралуы мүмкін. Оларға азот оксидтері: NO, NO ₂, күкірт оксидтері: SO ₂, SO ₃, күкіртсутек H ₂S жатады. Осы оксидтер жауын және қар суында еріп, ауадан топыраққа өтеді. Жану процесі ауадағы оттек газының мөлшерін азайтады да, көмірқышқыл газының массалық үлесінің көбеюіне әсер етеді. Әсіресе ормандарда, мұнай ұңғымаларында, шахталарда, өрт болғанда оттек көп шығын болады. Ал көмір, бензин, т. б. отындар толық жанбаса атмосфераға күйе, иіс газы СО, т. б. газдар таралады. Ұшақ пен ғарыштың ракета қозғалтқыштары да атмосфераға улы газдар таратады. Тіпті темекі тартудан да зиянды заттар таралады, себебі темекі толық жанбайтындықтан уытты заттардың мөлшері көбейеді.

Ауа арқылы жұғатын аурулар. Мектеп дәрігерінің кеңесі тыңдалады.
Ластауыштар. Адам денсаулығына әсері
1. Қоқыстар
- Респираторлық аурулар, өкпенің ісігі
2. Көмірсутектер және ұшып жүретін органикалық қосындылар
- Ісіктер пайда болады
3. СО - тұншықтырғыш газ
- Ойлау қабілеті төмендеу, ұйқышылдық пайда болуы, бас ауруы, жүрек соғуы, тез дем алу, ұрықсыз қалу, миакард инфаркті
4. NO2 – азот оксиді
- Респираторлық аурулар, жаңа ісіктер пайда болуы, ишемия ауруы
5. SO2 – күкірт оксиді
- Респираторлық аурулардың күшеюі
6. Қорғасын және басқа ауыр металдар
- Қан азаюы, есінің жоғалуы, соқыр ауруы, гипертония, жүйке ауруы
7. О3 - озон
- Шырышты қабықты тітіркендіру
8. Қышқылдар, негізінен күкіртті және азотты
- Демікпе ауруы жиіленеді
9. Кешенді әсер: фотохимиялық түтін (смог) – HNO3
- Бас ауруы, жүрек айну, көздің кілегей қабығын тітіркендіруі, тамақты тітіркендіруі, өкпе аурулары күшеюі, қолқа демікпесі

Ауаны қорғау. Ауа мұхиты жерде тіршілік ететіндердің бәрінің мекені болғандықтан, оны ластанудан қорғау барлық адамзаттың міндеті. Сыртқы ортаны, ауаны ластайтын электростанциялардың, өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтары, т.б. зиянсыз болуы үшін ғалымдар жаңа технология ойлап табуда. Адам өзі өмір сүретін жер бетіндегі экологияны жақсартуды жоспарлы түрде іске асырып отыруы керек.
Біздің елімізде «ауа атмосферасын қорғау» ҚР Конституциясы арқылы бекітілген.

Маңызды түйін. «Таза ауа – жанға дауа». Оқушылар өздерінің шығармашылығы бойынша дайындаған өлеңдерін, шығармаларын, салған суреттерін қорғайды.

Электронды оқулықтан оқушылар керектілерін дәптерлеріне жазып алады.

4. Бекіту мақсатында есептер шығару
№ 1 есеп
Оттек бойынша тығыздығы 2 болатын газдың салыстырмалы массасын анықта.
№ 2 есеп
Мынадай газдар қоспасы: 0, 3 моль сутек, 0, 4 моль азот, 0, 3 моль көмірқышқыл газы қалыпты жағдайда қандай көлем алатынын есепте.

5. Бағалау. Көп жетон жинаған оқушыларды бағалау.
6. Үйге тапсырма. §26 оқу, 1 - 5 жаттығуларды орындау.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,
Сарыағаш ауданы, №17 Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
Химия пәні мұғалімі Қабулова Қатира Дабылқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 938
0
18 дауыс
Оқи отырыңыз
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт – бірнеше мыңдаған жылдардан бері адамдар пайдаланып келе жатқан элементтің бірі. Соның бір дәлелі: біздің дәуірімізге дейінгі 680 ж. теңіз соғысында арабтарға қарсы византиялықтар жаңа өте күшті қару «грек отын» пайдаланады.
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Әңгіменің идеясын таниды, жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі, шығармалары жайлы түсінік, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныса отырып, ата - ана мен бала қарым - қатынасы жайлы мағлұмат алады.
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.