Бәйге бөлімі


Ой мен ойын

Ой мен ойын

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Сынып: 8 - 11
Мақсаты:
1. Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, тәуелсіздік туралы түсіндіру, ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.
3. Оқушыларды адамгершілікке, эстетика мен этикаға, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, тәуелсіздік туралы түсіндіру, Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен Тарихқа құрмет – ұрпаққа міндет айлық жоспары аясында «Тәуелсізбін. Егеменмін. Азатпын» атты апталық кезеңінде өткізілген ой мен ойын сайысымызға қош келдіңіздер! Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16желтоқсан - тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді. Тәуелсіздік. Қандай қасиетті, ұғым. Тәй - тәй басқан шағынан бастап талай - талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте - бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан - теңіз, әліде берері тіпті мол - деп сайысымызды бастаймыз. Олай болса қатысушыларымызбен таныс болыңыздар. Қатысушыларды жеке - жеке таныстырып шығамын. Екі топ ұрандарын айтып топ басшыларын сайлайды.
Олай болса сайысымызды бастамас бұрын әділдікті дөп басып, салмақты шешімді кесіп айтатын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1. Бетпе-бет топ басшыларының сайысы. Екі топ капитандары ортаға шақырылады команданың өзге ойыншылары жасырылған бір сөзді бірдей кезектесе отырып өз топбасшысына түсіндіреді. Қай капитан бірінші боп тапса соның тобына ұпай есептелінеді. дұрыс сөз 5 ұпайға тең. Жасырылатын сөздер. Атом, су, иілгіштік, жылу, айырылу реакциясы, қоспа, тұндыру, зат, иод, масса, қант, сынауық, бор, мұз, созылғыш, қышқыл, реттік нөмір, құм, қыздыру, айдау, сынғыш, қосылу реакциясы, ертінді, темір, топ.

2. Суреттер сөйлейді ойыншылар кезекпен өз командаластарына жасырылған белгілі мақалдарды сурет салу арқылы түсіндіру керек. Әр ойыншыға 1 мақал және 30 секунд уақыт беріледі, әрбір дұрыс жауап 10 ұпайға тең.
1 - топқа
1. Қойдың сүті – қорғасын.
2. Темірді қызған кезінде соқ.
3. Аз сөз - алтын, көп сөз күміс.
4. Мылтықтың күмісін айтпа, тиісін айт.
5. Темір кессең ұзын кес, соға келе ұзарар,
Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар.
2 - топқа
1. От көмір жейді, тот темір жейді.
2. Жер – қазына, су – алтын
3. Алтын жерден, батыр - елден.
4. Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
5. Арпа бидай ас екен, алтын - күміс тас екен.

3. Хронология бұл байқаудың тапсырмасы фотосуреттерде ұсынылған картиналарға қатысты жауаптар тақтада ұсынылған сандарда ойыншылардың мақсаты берілген 1 минут уақыт ішінде фотосуреттер мен сандардың дұрыс сәйкестіктерін табу. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпайға тең.
1 - топқа
1. Д. И. Менделеев периодтық кестені қай жылы ұсынды? 1869ж
2. Темірде қанша нейтрон бар? 30
3. Италиян ғалымы А. Авогадро өз атымен аталатын заңын қай жылы тұжырымдады? 1811ж
4. Н. Назарбаевтың туған жылы? 1940 жылы
5. Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген жылы? 1960 жылы
6. Қазақстан Президентінің төсбелгісі қанша бунақтан тұрады? 20
2 - топқа
1. Периодтық кестеде қанша топша бар? 2
2. Озонды М. ван Марумь қай жылы ашқан? 1785ж
3. Кавендиш сутегін қай жылы анықтады? 1776ж
4. ҚР - ның жаңа гимні қай жылы қабылданды? 2006ж
5Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға қай жылы енді? 1993ж
61993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді? 500 сом Ұпай сандары
Ұпай сандары.

4. Өлең сөздің патшасы әннің мәтіні мәнерлеп оқылады екі командадан бір - бір қатысушыдан шығып әннің атауы мен орындаушысын табу керек ұпай бірінші болып тапқан ойыншының командасына есептеледі. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпай.

1. Астанам көп қараймын мен келбетіңе
Болғансың жас қайыңдай өз тербетіле,
Жаннаттай жан біткенді елжіретесің
Біз үшін жаннат қала сен жер бетінде.
«Елімнің жүрегі» - Астана. Алтынай Жорабаева

2. Бір кемеде келеміз бірге жүзіп
Көргеніміз күнде той күнде қызық
Сұлу қыздар бар бізде, жігіттерде бар,
Теуіп кесте темірді жүрген үзіп
Төреғали Төрәлі Қазақ жастары

3. Жұлдыздар жерге жақындап,
Байланып қалған секілді,
Қаз қатар өскен тату бақ
Ойланып қалған секілді. «Алматы түні» Дос Мұқасан

4. Желтоқсан бірде,
Ел тоқсан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы,
Сол жылы бірақ
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы. Желтоқсан желі.

5. Жүрегің қазақ, сенесің бе?
Халқыңның қамы үшін, Аянба арысым.
Ақ болсын, пәк болсын кіршіксіз намысың.
Себебі, сен қайсар қазақтың Арысың, жанысың, бағысың, барысың Төреғали Төрәлі Жүрегің қазақ, сенесің бе?

6. Қосамын әнге атыңды,
Тосамын әр хатыңды.
Сағындым алма бағын,
Арайлы Алматымды.
Сағындым аққу үнін,
Сағындым ақ гүліңді.
Алматым, сыйладың сен,
Шабытты шаттығымды. Муз арт «Сағындым алматымды».

7. Мына байтақ әлемде
Қорған болар жан елде
Қабыландай қайратты жігіттерім бар елде
Бірі қыран қанатты бірі бөрі қабақты
Қамал болсын деп елге алла бізді жаратты. Біздің елде туған ұлдар. Әбдіжаппар Әлқожа

8. Той басталды Отырарда
Сұлу сырдың бойында
Кеудесінде оты жанған
Қызылқұмның Қойнында
Бұл аймақтың сұлулығын
Талай ақын толғаған
Осындай той Отырарда бұрын соңды болмаған. Отырардағы той. Бағдат Самиденова.

5. Сөз жұмбақ қатысушылардың көздері байланып қолдарына әр түрлі әріптер беріледі, жасырылған жұмбақтың жауабын қолындағы әріпке қарай табу басты шарт, сұрақпен бірге қатысушылардың әріптері де ауысып тұрады. 30 секунд
әрбір дұрыс жауап 30 ұпайға тең.
1. Медицинада емдеу мақсатында қолданылатын сәулелік ванна(радон)
2. Пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам бассүйегіндегі саңылауларды жабуға қолданылатын элементтер (титан)
3. Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі (Пруст)
4. Гемоглобин құрамындағы элемент. (темір)
5. Сұйық металл. (сынап )
6. Ең қатты минерал? (Алмас)
7. Үй тұрмысында сәндік үшін қолданылатын бейметалл? (күміс)
8. Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент (мырыш)
9. Қандай элементтің тұрақты мекен – жайы жоқ? (сутек)
10. Адамға ең алғаш болған белгілі металл? (алтын)
Ұпай сандары

6. Бәрін білем команданың бір өкілі жасырылған танымал тұлға туралы білетін ақпаратын айтып түсіндіру қажет ойыншылар тапқан бойда келесі танымал тұлғаны түсіндіруге уақыт қалады. әбір дұрыс жауап 5 ұпайға тең.
1. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841 — 1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.
2. Абылай хан — 1771 — 1781 Қазақ хандығының 18 - ші ханы. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады.
3. Тәуке хан (1635 - 1715) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен - тайшының қызы.
4. Абай — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.
5. Тұрсынбек Қабатов - қазақстандық танымал актер, КВН - ның жарқын жұлдызы. Республикалық «Тазша бала», халықаралық «Шабыт» байқауының жеңімпазы, Қазақстанның бұрынғы «Астана. kz», қазіргі «Қазақтар» құрама командасының белді ойыншысы болған.
6. Нұржан Төлендиев - қазақстандық танымал актер, алдараспан театрының бұрынғы мүшесі, алты баланың әкесі.
7. "KeshYou" тобы - ең алғашында топ Маржан, Әнел, Зумрад есімді үш қыздан құралды.
8. Бәйтерек тобы – елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірімен аттас қазақстандық танымал топ.
Ұпай сандары

Қорытынды: Біздің басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміз! Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып, қадірлей білгені абзал. Бүгінгі «Тәуелсізбін. Егеменмін. Азатпын» атты апталық өткізілген ой мен ойын сайысымызды осымен аяқтаймыз.

Ақтөбе обылысы, Байғанин ауданы
Көкбұлақ орта мектебінің
Химия пәні мұғалімі
Өтемісова Гүлназия Болатбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 9
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 16 қаңтар 2017 14:10
Өте жақсы екен, маған ұнады. Өз дауысымды осы мұғалімге беремін.
Пікірлер #2: 19 қаңтар 2017 00:32
Өте жақсы сабақ!
Пікірлер #3: 22 қаңтар 2017 02:50
Фууууу, фууу, фууууу
Пікірлер #4: 22 қаңтар 2017 04:49
Сыныптан тыс жұмыс жақсы екен .
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Алдар көсе Шықбермес Шығайбай

    Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру. Ертегілердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Ым - ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің ...
  • Рационал сандарға амалдар қолдану

    Рационал сандарда қолданылатын амалдардың әдіс - тәсілдерін меңгеру, есеп шығару барысында тиімді қолдана білу, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару.
  • Түркіменстан Республикасы

    Білім берудегі жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы Түркіменстан Республикасының өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, пайдалы қазбалары, шаруашылығын анықтау, сыни тұрғыдан ойлана отырып, ...
  • Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат

    Оқушылардың шығарма авторы туралы жинаған мәліметтерін білген білімдерін бекіту, шығарманы жан - жақты талдауға үйрете отырып, меңгерту
  • Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Жаңа химиялық элементтердің ашылу туралы мәліметтер

    Менделеевтің периодтық жүйесінің маңызы. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарына сипаттама беру, элементтің басты сипаттамалары, олардың атом ...
  • Қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы

    Оқушыларға қылқанжапырақтылардың маңызы туралы білімдерін жетілдіру. Табиғат байлығына байланысты көзқарастар және оқушылардың дүниетанымын дамыту. Өз білімдерін өздері бағалай білуге үйрету.
  • Алмастың тіс жуғышы. Адамдар

    Өз жанұясына деген сүйіспеншілікке, құрметтеуге, қамқорлауға тәрбиелеу. Өз іс тәжірибесінен әңгіме айтуға үйрету Қол моторикасын дамыту, майлықтардан умаждаудың әдістерін пайдалана отырып, әртүрлі ...
  • Күн жарқырап, шөп шықты

    Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес (қағазбен бастыру, шиыршықталған қағаздар арқылы) тәсілдерімен жұмыс істеуге үйрету. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шығармашылық қиялын ...
  • Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері

    Жаз және күз мезгілдерінің белгілері бойынша түсініктерін қортындылау, жүйелеу; осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді, күн мен түннің ...
  • Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы

    Демобилизация - армияның сандық құрамын қысқарту немесе әскери қызметін өтегеннен кейін босату; қаруланған күштерді және, сонымен қатар, халықаралық шаруашылықтың нақты салалары әскери жағдайлардан ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 3
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 3
Роботтар: 0
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика