Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Күншуақ

28 наурыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала бақша
Бірінші кіші топ
«Таным» білім беру саласы
Сабақтың тақырыбы: «Күншуақ»
Сабақтың мақсаты:
Пішін, көлем және түс бойынша түсініктерін қалыптастыру; бір және көп деген сөздерді айырып білуге үйрету, танып білуін өніктіру, сенсорлық эталонын бекіту; эмоциялық көңілді көтеру, баланың енжарлық салып сөйлеуін толықтырып, байытып және түсінетін сөздер қорын молайту.
Міндеті:
Білім беру үдерісі: көлем және түс бойынша түсініктерін қалыптастыру.
Дамыту: Есту, көру сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбие: Сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру, ұжымда жұмыс істеу қасиеттерін тәрбиелеу.
Сөздік: көп, біреу, үлкен, кіші.
Сабақтың көрнекілігі:
Ойыншық аю, үлкен және кішкене доптар, үлкен және кішкене қораптар, түрлі - түсті шариктер, құм толтырылған қораптар, жоғарыға ілінген картоннан жасалған күндер, түймелер қадалған күн, жіптер.

Сабақтың жүрісі:
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын, бір - біріңмен сәлемдесіп, достарыңды құшақтаңдар.
Айтайық көзімізге:
«Қайырлы таң, көздерім»
Қайырлы таң, көздерім, ояндыңдар ма?
(Балалар көздерін уқалайды).
Қайырлы таң, құлақтарым, ояндыңдар ма?
(Балалар құлақтарын уқалайды).
Қайырлы таң, жақтарым, ояндыңдар ма?
(Балалар жақтарын уқалайды).
Қайырлы таң, қолдарым, ояндыңдар ма?
(Балалар қолдарын уқалайды).
Қайырлы таң, аяқтарым, ояндыңдар ма?
(Балалар аяқтарын уқалайды).
Қайырлы таң, Күнім! Біз ояндық, күлеміз!
(Қолдарын жоғары көтеріп, күледі).
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің топта неше күн бар? (Көп). («Күндер» төбеде ілініп тұрады). Қазір біз күндерге тақпақ айтып, олармен сәлемдесеміз.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды нұрымыз.
Қайырлы таң күніміз!
Балалар: Қайырлы таң! (Балалар қол шапалақтайды).
Тәрбиеші: Қолдарыңды жоғары көтеріңдер, тағы бір жолы Күнмен сәлемдесеміз. Ой, қандай азаматсыңдар! Күн бізге жылы, көңілді және жағымды болып қалды.
Тәрбиеші: Балалар, мен көріп тұрамын, сендер бір - біріңді жақсы көреді екенсіңдер, сондықтан келіңдер, бір - біріңе сыйлық даярлаңдар. (Тәрбиеші алдын - ала даярланған қораптарға таза құм төгіп, саусақтарымен Күннің суретін салуға ұсыныс жасайды). Балалар тапсырманы орындайды. Сабақтың жүрісінде тәрбиеші балаларға сұрақ береді: Күн қай геометриялық пішінге ұқсайды? (Дөңгелекке). Күннің тағы нелері бар? (Нұрлары). Күннің нұрлары қандай? (Ұзын, қысқа).
Тәрбиеші: Азаматсыңдар! Қараңдаршы, бір - біріңе қандай әдемі, әсем сыйлық даярладыңдар! (Балалар суреттерін қарайды).

Тәрбиеші: Балалар, естідіңдер ме, біреу жылап жатыр. Бұл жылаған – Күн. Ол Күннің нұрлары жоқ екен, келіңдер, көмектесейік (балалар Күннің жанына келіп, текеметке отырады, әр бір бала бір - бір нұрдан алып, Күндегі түймелерге қадайды, одан соң көзін, аузын, мұрнын қадап және нұрларды әр түрлі түстегі жіптермен әсемдейді). Азаматсыңдар! Міне, енді Күн көңілді, қуанышты және бізге қарап күлімдеп тұр. Біздің Күніміздің түстері қандай? (балалар жауап береді).
Тәрбиеші: Балалар, біз Күнді қуантып жатсақ, бізге Аю өзінің сыйлығымен келіпті. Ол сыйлықты алу үшін, Аю бізге даярлаған тапсырмаларды атқаруымыз керек. Сендер тапсырманы атқаруға даярсыңдар ма?
Балалар: Иә! Даярмыз!
Сергіту: Күн
Бұлт тарқап, күн ашық болды.
Күнге қарай создық қолды. (Қолдарын жоғары көтереді).
Оңға, солға жаздық қолды. (Қолдарын оңға, солға жаяды).
Біздің сергу аяқталды,
Қолдарымыз дем алды.
Тәрбиеші: Балалар, дем алдыңдар ма?

Ал, енді Аюдың тапсырмасын орындайық. Қараңдаршы, бұл жерде не жатады? (Доптар). Қанша доп бар? (Көп). Олардың көлемдері қандай? (Үлкен, кішкентай). Дұрыс, келіңдер, бірден доп алыңдар. Айша, сенің қолыңда неше доп бар? (Бір). Ал, Жандалида қанша доп? (Бір доп). Дәуренде бір, Жібекте бір доптан. Бұл жерде екі қорапша тұр, олардың көлемдері қандай? (Үлкен, кішкентай). Келіңдер, енді доптарды қорапшаларға саламыз. Үлкен қорапқа - үлкен доптарды, кішкене қорапшаға - кішкене доптарды. (Доптар қораптарына салынып жатқанда тәрбиеші балалардан доптың көлемін және түсін атауды сұрайды).

Тәрбиеші: Азаматсыңдар, балалар! Аю өзінің тапсырмасын атқарғандарыңа әбден қуанышты, сондықтан ол сендерге сыйлығын бергісі келіп тұр. Қараңдаршы, бұл не? (Түрлі түсті шарлар), (тәрбиеші балаларға әр түсті шарларды таратып береді).
Тәрбиеші: Енді Аю үйіне кетуі керек, біз Аюға рахметімізді айтып, қоштасайық. (Балалар Аюға рахмет айтып қоштасады).

Сабақты жиынтықтау.
Тәрбиеші: Балалар, сендерге тапсырма орындау жақты ма? Біз не жасадық? Сендерге бір - біріңнің жасаған сыйлықтарың ұнады ма? Біз бүгін өте жақсы іс жүргіздік. Қане, өзімізге қол шапалақтайық және басымызды сипайық. Азаматсыңдар! (Балалардың еңбек нәтижесін мадақтау).

Күтілетін нәтиже:
Пішін, көлем және түстерді біледі; бір және көп деген сөздерді қолданады; сабақта белсенді болады; сұрақтарға толық жауап беруге үйренеді және сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Павлодар облысы, Естіс ауданы, Голубовка ауылы
МҚКК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі:
Смагулова Назия Зайкеновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 164
11
59 дауыс
Оқи отырыңыз
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы және оны әріп таңбасымен таныстыру; Дауысты және дауыссыз дыбыстар жөнідегі түсініктерін пысықтау;
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы, №5 «Айгөлек» МКҚК балабақшасының тәрбиешісі Бисенова Жансая Ғлажадинқызы
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Алматы облысы, Райымбек ауданы Кеген ауылы, «Балауса»бөбекжай - балалар бақшасының тәрбиешісі Алпысбай Алмагүл
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша әдіскері Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Пікірлер (11)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Аина
Аина Қонақ 28 наурыз 2016 22:24
0
Шыгармашылык тилеймин
Аина
Аина Қонақ 28 наурыз 2016 22:25
0
Жумысыныз унады....
Гульзия
Гульзия Қолданушы 1 мам 2016 12:14
0
сабақ өте тамаша жазылған, шығармашылық тілеймін
Бахриденова Айнагүл
Бахриденова Айнагүл Қонақ 1 мам 2016 19:51
0
сабақ жақсы жоспарланған. балалардың жас ерекшеліктері есепке алынып, олардың сыни көзқарастарың дамытады. Сәттілік тілеймін
nurgali
nurgali Қолданушы 1 мам 2016 23:54
0
сабақ өте тамаша жазылған
nurgali
nurgali Қолданушы 1 мам 2016 23:56
0
Үзінді: nurgali
Сәттілік тілеймін

Сәттілік тілеймін
Кызжибек
Кызжибек Қонақ 2 мам 2016 13:34
0
Оте Жаксы.саттилик тилиймин!
Гульмира
Гульмира Қонақ 2 мам 2016 14:42
0
Голосую за Смагулова Назию!
nurgali
nurgali Қолданушы 2 мам 2016 15:06
0
Үзінді: nurgali
Үзінді: nurgali
Сәттілік тілеймін

Сәттілік тілеймін

Үзінді: Гульмира
Голосую за Смагулова Назию!
nurgali
nurgali Қолданушы 2 мам 2016 15:09
0
Үзінді: nurgali
Үзінді: nurgali
Үзінді: nurgali
Сәттілік тілеймін

Сәттілік тілеймін

Үзінді: Гульмира
Голосую за Смагулова Назию!
Саулентай
Саулентай Қонақ 2 мам 2016 15:36
0
Тамаша сабақ! Балаларды дамыту жұмысына өте қажет.