Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.

23 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Химия
Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы. № 6 (6. 4) көрсетілім. №7 (7. 1) зертханалық тәжірибе.
Сабақтың мақсаты: Білімділік – Қышқылдардың құрамы, алынуы, жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан тірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық – Оқушылардың қызығуы, ынта - қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге үйрету.
Тәрбиелік – оқушыларды топқа бөлу арқылы ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс жасауына, бір - бірінің пікірін тыңдап құрметтеуге, баға беруге тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: СТО, «Өрмекші торы» «Таныстыру станциясы», «Тәжірибе ауылы», «Формулалар ауылы», «Диалогтік оқыту»
Сабақтың түрі: Аралас, демонстрациялық
Сабақтың негізгі дерек көздері: Интербелсенді тақта, слайдтар, «Химия әлеміне саяхат», суреттер, электронды оқулық, бейорганикалық қышқыл үлгілері, плакат, маркер, стикерлер
Оқыту нәтижелері: Қышқылдардың химиялық формуласын біледі. Қышқылдардың жіктелуін оңай ажырата алады, қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттерін үйренеді.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі;
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударту. Ынтымақтастық атмосфераны орнату.

Үй тапсырмасын сұрау;
І. «Шаттық шіңбері» құрып,
І)«Өрмекші торы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1) Оксидтер дегеніміз не?
2) Оксидтер нешеге жіктеледі?
3) Оларды ата!
4) Негіздік оксидтерге мысал келтір.
5) Қышқылдық оксидтерге мысал келтір. 6) Екідайлы оксидтерге мысал келтір.
(Оқушылар өздеріне бағытталып лақтырған жіпті қағып алып, берілген сұраққа жауап береді де мұғалімнің өзіне қайта лақтырады. )

ІІ) интербелсенді тақтада берілген кестеден оксидтердің формуласын тауып, 2 түрде оқыту.

Жұптық жұмыс: екі оқушы шығады да, мысалы: «диалюминий триоксиді немесе алюминий оксиді, екідайлы оксид» деп атайды.
ІІІ) интербелсенді тақтада берілген элементтерді пайдаланып, оксидтердің формулаларын құрастыру.
Оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасай отырып, формулаларды құрастырады.
Топқа бөлу:

Сурет қиындыларын төңкеріп қойып, оқушыларға алғызу. Сол бойынша топқа бөлу және жазуларына назар аударту арқылы жаңа тақырыпты ашу.
(Оқушылар сурет арқылы топқа бөлініп отырады.
І топ: «аскорбин қышқылы»
ІІ топ: «ацетисалицил қышқылы»
ІІІ топ: «сірке қышқылы»
Сурет жазуларына қарай отырып «қышқыл» сөзінің барлық топта қайталанатынына көңіл бөле отырып, бүгінгі жаңа тақырыптың «қышқылдар» туралы екенін айтады.)
«Проблеманы шешу» тақтада бейнеленген суреттің жаңа тақырыпқа қатысын анықтау.(6 - 7 слайд)

(оқушылар суреттерде құрамында қышқылы бар заттар бейнеленгендігін айтады.)
Яғни, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қышқылдар туралы екенін анықтадық.
ІІІ Жаңа сабақ:
Мағынаны тану
Өмірмен байланыстыра отырып, қышқылдарға біраз ақпар беру. (8 - 12 слайдтар)
Қышқылдардың жіктелуіне тоқталу.
Қышқылдар дегеніміз не?
Қышқылдардың жіктелуіне тоқталу. (17, 18, 19слайд)
1 - БӨЛІМ: «Таныстыру станциясы»

Қышқылдардың жіктелуі туралы ақпар беру.
Дәптермен жұмыс:
«ЖИГСО» әдісі арқылы өз бетімен білім алуына мүмкіндік беру. Электронды оқулықтан тыңдату.
І топ: қышқылдардың алынуы;
ІІ топ: қышқылдардың қасиеттері;
ІІІ топ: маңызы, қолданылуы
(Оқулықты пайдалана отырып, қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттеріне, алынуы мен маңызына, қолданылуына тоқталып, дәптерлеріне жазады, да оқып, бір - біріне түсіндіреді)
ІІ БӨЛІМ «Тәжірибе ауылы» тәжірибе жасамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру және Бекетовтің металдардың кернеу қатарындағы сутекті бөліп шығаратын металдарды еске түсіру.
1 - тәжәрибе:
Белсенді металл +қышқыл → тұз+сутек
2 - тәжірибе:
Белсенді металл оксиді +қышқыл → тұз+су
Әр топ өздері әртүрлі тәжірибе жасап, әр түрлі реакция теңдеулерін құрады.
Әр топтан бір - бір оқушыдан шығып, тәжірибені орындап, реакция теңдеуін жазады.
Мысалы: 1) Zn + 2HCl = ZnCl ₂ + H₂

1) Метилоранж - қызарады;
2) Фенолфталейн - түссізденеді;
3 - тәжірибе: Индикатор қағаздарын пайдаланып, қышқылдарды анықтау.
1) Метилоранж - қызарады;
2) Фенолфталейн - түссізденеді;
3) Лакмус – қызғылттанады
Сергіту сәті: интербелсенді тақтада жазылып тұрған қышқылдардың формулаларын, «Ауада қышқылдардың атын баспен, көзбен, бір қолмен, екі қолмен, аяқпен кезек жазу»

Бекіту:
1 - тапсырма:
«Семантикалық картамен жұмыс»
Топқа семантикалық карта тарату

2 - тапсырма:
«Қышқылдардың формуласын теріп жаз»
Қышқылдардың формулаларын теріп жаз:
H₂ O, SO2, HBr, Na₂CО₃, MgBa H₂CO₃, SO₄,
KOH, H₃PO₄, P₂O₅, Ca, H₂S, HNO₃, NH₃,
HCl, BaS, Na₂O, H₂SiO₃, NaCl, H₂SO₄

3 - тапсырма:
«Кім зерек?» есептер шығару
1) Күкірт қышқылының молекулалық массасын есепте - H₂ SO₄
2) Реакция теңдеуін аяқта, типін анықта:
Mg + Br2 =...
Al2O3 + НCl =...
Cu+ Н2SO4 =...
BaCl2 + Н2SO4 =...

(Оқушылар берілген кестені толтырып, алған білімдерін қорытады. Тақтада берілген тапсырмаларға ауызша жауап бере отырып, бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытады.)
Қорыту:
1 - тапсырма:
Проблемалық жағдай: «Үшінші артықты тап!»
1) HCI ---------------------- HCI ----------------- H₂SO₃
2) H₂SO₄------------------- H₂SO₃-------------- H₂SO₃
3) HN₃--------------------- H₂S ------------------- H₃ SO₄

2 - тапсырма:
Химиялық формулаларын жаз.
Азот қышқылы -
Күкірт қышқылы -
Күкіртсутек қышқылы -
Тұз қышқылы -
Ортофосфор қышқылы -
Көмір қышқылы -

Алматы облысы, Көксу ауданы,
Жапсарбаев атындағы орта мектептің
химия пәнінің мұғалімі:
Наурызбаева Гульназ Чапетовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 864
3
7 дауыс
Оқи отырыңыз
Дәнекерлер, дәнекерлердің құрамы және оларды қолдану
Дәнекерлер, дәнекерлердің құрамы және оларды қолдану
Қызылорда облысы, Қазалы аудандық Оқушылар Үйінің «Радиотехника» үйірмесінің жетекшісі Алматова Ұлбосын Қуанышбайқызы
Жану және баяу тотығу, оксидтер
Жану және баяу тотығу, оксидтер
Оксидтердің жіктелуі, құрамы, құрлысы, алынуы қолданылуы туралы түсінік беру Оксидтердің құрылыс ерекшеліктерін ажыратып тануға танымдық көзқарасын дамыту
Алюминий және оның маңызды табиғи қосылыстары
Алюминий және оның маңызды табиғи қосылыстары
Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орны, табиғатта кездесуі, алынуы және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы білім беру.
Ауа – газдар қоспасы
Ауа – газдар қоспасы
Ауаның құрамын алғаш рет француз ғалымы А. Лавуазъе 1774 жылы анықтады. XVIII ғасырға дейін табиғат зерттеуші ғалымдар реакция кезінде түзілетін газдардың бәрін «ауа» деп санап, әрқайсысын ерекше қасиетіне бола, мысалы, сутекті «жанғыш ауа»,
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт – бірнеше мыңдаған жылдардан бері адамдар пайдаланып келе жатқан элементтің бірі. Соның бір дәлелі: біздің дәуірімізге дейінгі 680 ж. теңіз соғысында арабтарға қарсы византиялықтар жаңа өте күшті қару «грек отын» пайдаланады.
Пікірлер (3)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Зауре
Зауре Қонақ 4 мам 2016 20:31
0
Әріптесіміз Гүлназдың сабақ жоспары мазмұнды құрылған. Ең бастысы, мақсаты нақты, қолжетімді
Майра
Майра Қонақ 10 мам 2016 15:45
0
Гүлназ! Сәттілік тілеймін! Сабақ жоспарың әдістемелік тұрғыдан қарағанда өте жақсы құрылған. Барлық кезеңдер қамтылған. Сізге шығармашылық табыс тілеймін!
Алтаева Шынар
Алтаева Шынар Қолданушы 11 мам 2016 01:02
0
Гульна Чапетовна сізге сәттілік тілеймін! Тек алдан көрініңіз.