Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ғажайып көрме - ЭКСПО 2017

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ғажайып көрме - ЭКСПО 2017

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Ашық тәрбие сағаты 4 - сынып
Мақсаты: ЭКСПО көрмесі туралы мәлімет беру, білімдерін тереңдету, көрменің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру. Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға, шығармашылыққа баулу. Отанымыздың жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Түрі: таным сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.
Көрнекілігі: "Ғажайып көрме" мульттоптамасы, бейнероликтер, тақырыпқа байланысты түрлі тапсырмалар, суреттер, слайд.
Барысы:
І. Кіріспе
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар! Осы қараша айының 16 - нан бастап Біздің мектебімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына байланысты түрлі іс - шаралар өтіп жатыр. Сол іс - шаралардың жалғасы ретінде бүгін 4 - сыныпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
- Тәрбие сағатымыздың тақырыбын мына сурет қиындыларын дұрыс құрастырстырып, оқушылардың өздері тауып ашқанын жөн көріп отырмын.
/ Алдын - ала қиып дайындалған ЭКСПО логотиптерінің суретін құрастырып, сабақтың тақырыбын ашуды сұраймын /
- Бұл суреттен не көріп тұрмыз? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыз не туралы? Тақырыбы қандай болар екен? /оқушылар өз ойланын айтады/
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Ғажайып көрме - ЭКСПО 2017"

ІІ. Тұсаукесер
- Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс - шаралардың өтуіне ұйытқы болып келеді. Осындай істердің жалғасы ретінде Қазақстан ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Астана ұсынған көрменің тақырыбы "Болашақтың энергиясы" деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және "жасыл" технологияға арналған.

ІІІ. Негізгі бөлім
"Назар сал, тыңда"әдісі. /Н. Ә. Назарбаевтың ЭКСПО - 2017 көрмесін жеңіп алған уақыттағы теле арналарға берген сұхбатын тыңдату/
- Балалар, ЭКСПО дегеніміз не? Оның мақсаты қандай? Оның біздің елімізге қандай пайдасы бар? / бейнежазбадан көргендері бойынша әңгімелесу /
- Жақсы, балалар, көргенімізді толықтыру үшін, одан әрі жақсы мәлімет алу үшін мен сіздерге мынадай мәтіндер алып келдім. Барлығымыз дауыстап оқып берейік.
/оқушыларға дайын мәтінді оқыту/
Мейіржан: Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір - біріне жетістіктерімен мақтанып, табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып, барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе "ЭКСПО" деп аталады
Гүлдана: "ЭКСПО" атауы – өзінің аты айтып тұрғандай, "экспонат" деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Онда ЭКСПО - ның кезекті таңдаған тақырыбына орай жұрттың бұрынғы - соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады.

Әлихан: Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 168 мемлекеті мүше болып отыр. Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы (ХКБ) құрылған. Штаб пәтері Парижде орналасқан. Қазақстан ХКБ - на 1997 жылы мүше болып кірді.

Әбілмансұр: Жалпы, ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар. Оның бірі - халықаралық әмбебап көрме. Ол бес жылда бір рет өткізіледі. Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай алады.

Аян: Екіншісі - халықаралық мамандандырылған көрме. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, 2 - 2, 5 жылда бір рет өткізіледі. Мерзімі – үш ай. Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні – екіншісі. Мамандандырылған халықаралық көрменің өтетін уақыты 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығы деп белгіленді.

Дәурен: 2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, ЭКСПO - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЭКСПО - 2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.

Алғабек: Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100 - ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
- Иә, балалар, бүгін сіздер көрме туралы біршама мәлімет алатын боласыздар.
Халықаралық көрмелер тарихы туралы жинақтаған мәліметтерге назар аударайық.

"ЭКСПО тарихы " /бейнеролик көрсетіледі/
- Осы көргендеріңізді "Суретті танып сөйле" ойыны арқылы айтып берулеріңіз керек.
/көрген бейнеролик бойнша сурет беремін, оқушылар суреттен қай көрме екенін тауып, берілген ақ параққа жабыстырып айтады/
Алғашқы бүкіләлемдік көрме Лондонда өтті 1851 жыл Хрусталь сарайы.
Париждегі Эйфель мұнарасы.
Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы.
Брюссельдегі Атомиом
Финадельфия, АҚШ 1876 жыл Александр Беллдің телефон аппараты.
Париж, Франция 1878 жыл Фонограф - Томас Эдисонның дыбыс жазуға және жаңғыртуға арналған құрылғысы.
Чикаго, АҚШ 1893 жыл инженер Джордж Феррис жобалаған алғашқы аттракцион биіктігі 80 метрден асты, ал оның салмағы 2 мың тоннаға дейін жетті.
Чикаго, АҚШ 1893 жыл аяқ киімге арналған алғашқы сыдырма - ілгек.
Буффало, АҚШ 1901 жыл жұртшылыққа рентген сәулелері таныстырылды.
Лент - Луис, АҚШ 1904 жыл алғашқы балмұздаққа арналған жейтін стақан.
Нью - Йорк, АҚШ 1939 жыл тікелей эфирде хабар тарату көрсетілді.
Кез - келген матаны берік әрі созылғыш ететін жаңа синтетикалық материал - нейлон таныстырылды.
Осака, Жапония 1970 жыл тұңғыш ұялы телефонның алғашқы нұсқасы және ұялы байланыс технологиясы таныстырылды.
Чикаго, АҚШ 1982 жылы саусақтардың басқанын сезетін алғашқы сенсорлық экран көрсетілді.

- Өте жақсы, балалар, тапсырманы дұрыс орындадыңыздар. Келесі кезекте мен сіздерді "Ғажайып көрме" мульттоптамасының кейіпкерлерімен көрмеге саяхаттауға шақырамын.
"ЭКСПО алаңына саяхат"
/2 - бөлімді көріп жақынырақ танысады/
- Саяхатымыз қызықты болды ма?
ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге шамамен 173 гектар жер бөлінген. Кешенде жүзге тарта павильон салынады деп жоспарланды. Көрме кешенінің құрылысы басталған ЭКСПО ғимараттарын салуда "жасыл экономиканың" негізгі қағидалары сақталып, қалаларды байыпты жобалау ескерілген. Ең әуелі көрменің инфрақұрылымы халықаралық көрмелердің техникалық талаптарына сай болуы, оның ішінде экологиялық қауіпсіз материалдарды пайдалану, қуатты үнемдейтін нысандар салу керектігі ескерілген.
Бұл баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.
- Балалар, мульттоптамадағы балалардың Робогидке көмектесуде қандай оқиғаларды бастарынан өткізгенін көргілеріңіз келсе, осы көрменің біздің еліміз үшін қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар, сол туралы "Менің ойымша...." деп бастап бір сөйлеммен өз ойларыңды айтуларыңызды сұраймын.
/осы тақырыпта бір сөйлеммен әрқайсысы өз ойларын айтады, сосын мульттоптаманың жалғасын көреді./
"Ғажайып көрме" 3 - бөлім.
- Сіздер үшін қызықты, пайдалы болды ма? /балаларды тыңдау/

ІV. Қорытынды бөлім
Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл - ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады. Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу, қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді. Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек. Елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын халықаралық ақпараттық - экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.

Рефлексия "Қызықты жарнама"
- Балалар, сіздер кішкентай болсаңыздар да осы көрмеге өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек. Сондықтан мен сіздерге мынадай қағаз қиындыларын беремін. Ал сіздер осыларды құрастыруларыңыз керек. Дұрыс құрастырғанда мынадай жануарлар, жемістер шығады. Сол құрастырғандарыңызды пайдаланып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен байланыстырып, жарнамалайсыздар.
/бірінші топ жемістер құрастырады, екінші топ табиғаттағы жан - жануарларды құрастырып, тақырыппен байланыстырып қызықты етіп жарнамалайды/

/ оқушылар тапсырма орындап отырған уақытта қатысып отырған ұстаздарға көрме туралы бейнеролик қосып қоямын/

- Балалар, "Тәуелсіздікке - 25 жыл", "Ғажайып көрме - ЭКСПО 2017" жақсы өз деңгейінде өтуі үшін шын жүректен тілегімізді айтып, сабағымызды аяқтаймыз.
/тақтада ілінген суреттегі картаның тұсына гүлді тілек айтып жабыстырады /

- Өтсін уақыт, үлгереміз бәріне,
Келгелі тұр күллі әлем жеріме.
Бір береке кіргелі тұр бүгінде,
ЭКСПО боп Астанамның төріне! - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. ЭКСПО - 2017 көрмесі туралы көптеген мәлімет алды деп есептеймін. Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Келгендеріңізге көп - көп рақмет, сау болыңыздар!

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Көкбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Төлегенова Эльвира Мәтжанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 357
12
57 дауыс
Оқи отырыңыз
Әбілхан Қастеев туындылары
Әбілхан Қастеев туындылары
Қастеев өмірі, туындылары туралы мағлұмат, суретші туралы білімдерін толықтыру; танымдық түрлі жұмыс түрлерін жүргізу. Оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту, таным-білігін арттыру; сауаттылығын арттыру.
ЭКСПО - 2017 Қазақстанның болашағы
ЭКСПО - 2017 Қазақстанның болашағы
ЭКСПО деген қандай көрме?. Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір - біріне жетістіктерімен мақтанып, табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып, барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді.
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Жылы және салқын түстер. Жылы түсте натюрморт орындау
Жылы және салқын түстер. Жылы түсте натюрморт орындау
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі - түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен үш түске бөлінетінін білеміз.
Бар ізгілік бір өзіңнен басталған
Бар ізгілік бір өзіңнен басталған
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.
Пікірлер (12)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
janibek
janibek Қолданушы 2 қаңтар 2017 14:40
1
Өте жақсы құрылған екен. Сәттілік "5" деп бағалаймын.
Laila
Laila Қонақ 16 қаңтар 2017 17:03
1
ЭКСПО 2017 ашық сабағы өте жақсы
AnuarBekbaev
AnuarBekbaev Қонақ 19 қаңтар 2017 00:17
1
Өте жақсы деп бағалаймын. Керемет!
AnuarBekbaev
AnuarBekbaev Қонақ 19 қаңтар 2017 00:19
1
Керемет! Өте жақсы! Супер!
AnuarBekbaev
AnuarBekbaev Қонақ 19 қаңтар 2017 00:22
2
Құрылымы өте жақсы екен! Я поставлю "5"
AnuarBekbaev
AnuarBekbaev Қонақ 19 қаңтар 2017 00:24
2
Құрылымы өте жақсы екен! Я поставлю "5"
Мадина
Мадина Қонақ 19 қаңтар 2017 21:39
1
Керемет жазылғын!
Клара
Клара Қонақ 19 қаңтар 2017 21:43
1
Жақсы жазылған екен!!!!
Лайла
Лайла Қонақ 19 қаңтар 2017 21:45
1
Өте тамаша, әрі мағыналы smile
ademialpeis
ademialpeis Қонақ 21 қаңтар 2017 21:07
1
Мен бастауыш сынып бөлімінің ішіндегі барлық қатысушылардың сабақтарын оқып шықтым. Ішінде осы сабақ жақсы құрылған, керекті тың тақырып. Сондықтан өз дауысымды беріп отырмын. Мұғалімге жеңіске жетуін тілеймін!
Самал
Самал Қонақ 22 қаңтар 2017 23:01
1
үздік деп бағалаймын!
Самал
Самал Қонақ 22 қаңтар 2017 23:03
0
сабақты үздік деп бағалаймын