Бәйге бөлімі


Inkscape бағдарламасында контурды жасау және редакциялау

Inkscape бағдарламасында контурды жасау және редакциялау. (7 сынып)
Сабақтың мақсаты: басқа нысандардан арнайы құралдарды пайдаланып, контур жасап үйрену, нысандармен әрекет жасау
Оқушылар білуі тиіс:
- Контурды анықтауды;
- Қарындаш, Қалам, Каллиграфиялық қалам құралдарының көмегімен контур кезеңдерін салуды.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- Қарындаш, Қалам, Каллиграфиялық қаламды пайдаланып, фигуралардан контур жасауды, ерекшелеуді, түйін (узел) құралының көмегімен түйіндерді редакциялауды;
- контурлық әсерлерді қолдануды
Дамытушылығы:
• Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тапсырма орындаған кезде тиімді пайдалану;
• Алдына қойған мақсатқа жетуді ұғындыру;
Тәрбиелілігі:
• оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• өз бетімен жұмыс істеуге үйрету;
• құралдарды тиімді қолдану, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: көрсете – түсіндіру, сұрақ - жауап, жеке жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: слайд, видеопроектор, лездік тест, таратпа тапсырмалар, сәйкестендіру тесті, шыңға шығу макеті, жұмыс дәптер, компьютерлер, оқулық.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, геометрия, логика.

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
ІІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІV. Білімді өзектендіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
VІ. Қорытындылау
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында психологиялық дайындық өткізу.
Балалар, сіздердің алдарыңызда «жазғы табиғат» көрінісі, бұл табиғат сіздерге жақсы көңіл - күй сыйласын. Мұндағы табиғат көрінісін, әдемі түстермен, Күнге – сары түс берсек, аспанға – көк түс, өсімдіктерге – жасыл түс беріп жандандырайық. Бұл түстердің мағынасын ашайық:
Сары түс – белсенділік белгісі.
Көк түс – әділдік, мейірімділік, тұрақтылық белгісі.
Жасыл түс - бүгінгі сабақта жақсы жетістіктерге жетуге әкеледі.
Сәттілік тілеймін!

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру (слайд 2, 3)
1. Сәйкестендіру сұрақтары (кесте)

2. Лездік сұрақтар
1. Нысанды ерекшелегеннен кейін оны.................... болады.
(жылжытуға, өлшемін және түсін өзгертуге, түрлендіруге, бұруға, бейнелеуге)
2. Нысанды қосарлау үшін............................................... бұйрығы қолданылады.
(Түзету – Қосарлау немесе Ctrl + D)
3. Клондау бастапқы нысанды өзгерте отырып, клон – нысандарды............... мүмкіндік береді. (өзгертуге)
4. Бірнеше нысанға бір уақытта әрекеттер жасау үшін оларды............................
(ерекшелейді (Shift басып тұрып) және топтпастырады Ctrl + G)
5. Топтастыру амалына кері амал -....................... (нысанды бөлу (Ctrl + Shift + G))

ІІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою (слайд 5)
ІV. Білімді өзектендіру
Өткен сабақтағы компьютерде орындалған тәжірибелік тапсырмалардың орындалуын талдау, кездескен қиыншылықтар мен уақытты көп алған тұстарына тоқталу.

V. ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ
Проблемалық жағдай. Қалаған суретті алу үшін фигураларды қолдану жеткілікті ме? Тек қана сурет салу құралдарын пайдалану арқылы кескінді алуға болмайтын суретті көрсету (слайд 6). Оқушыларға өз тәсілдері арқылы кескінді алу мүмкіндігін беру. Осыдан, оқушылар нысандарды түрлендіру жеткіліксіз екендігі, редактордың арнайы мүмкіндіктерін пайдалану керектігі туралы қорытынды жасауы қажет.
(Сабақты түсіндіру кезінде, слайдпен қатар Inkscape бағдарламасын қолданып, оқушыларды өзіме ілестіріп, көрсетіп отырамын).
• Контурларды жасау және редакциялау үшін Қарындашты, Қаламұшты, Каллиграфиялық Қаламұшты, Түйіндерді пайдаланамыз.
• Контур – құйып бояу мен жиектеу параметрінен тұратын қисық сызықтардың тізбектелуі.
• Контурлар - Түйіндер құралын қолданумен редакцияланады:

Контурды жасау. Контур – Нысады контурлау (Оконтурить объект). Контурлармен жұмыс істейтін құралдар: (суреті көрсетіледі)

Түйіндерді редакциялау, фигураларды өзгерту, қисық сызықтармен жұмыс жасау үшін қолданылатын құралдардың ерекшеліктерін көрсету (слайд 7, 8, 9, 10)
Қарындаш – кез келген түзудің суретін салу үшін қажет. Қарындаш параметрлері:
• Тегістеу (сурет көрсетіледі)
• Пішін (сурет көрсетіледі)

Қарындашпен салынған қисық сызықтардан көптеген түйіндері бар қисық алынады. Жеке түйіндерді құралдар параметрлерінің панеліндегі Түйіндердегі батырмамен жоюға болады.
Қаламұш
Құралдар қисықтармен қоса, түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.
Қаламұшта төрт режім қолжетімді:
• Безье қисығы;
• Спиро қисығы;
• Тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір - біріне қатысты кез - келген бұрыштарда);
• Тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір - біріне қатысты тікбұрыштарда).
Контурдың Түйіндер санын автоматты түрде Контур – Жеңілдету (Упростить) (Ctrl+L) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.
Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады. Контурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter пернесін басу арқылы орындалады. Контурды соңғы түйіннен бастап толықтыруға болады.
Контурларды біріктіруге, үзуге, тегістеуге және түзетуге, түрлендіруге болады.

Каллиграфиялық қаламұш
Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған параллель екі котурды құрайды. Каллиграфиялық суретті қаламұшпен құру:
Тапсырма
Қаламұштың әртүрлі пішінін пайдалана отырып, әр режімде S әрпін алуға тырысыңдар.

Каллиграфиялық қаламұш құралының баптауы мен пішінін өзгерте отырып, бірнеше контур жасаңдар. Нәтижелерді салыстырыңдар.

V. Тәжірибелік жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (оқулықтың 129 бетіндегі А, В, С деңгейлері).
А деңгейі. Киім үлгісін салу.
В деңгейі. Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасау.
С деңгейі. Киіз үйді салып, оны қазақтың ұлттық ою - өрнектерімен безендір.

VІ. Қорытындылау
«Шыңға шығу» макеті арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, тұжырымдама жасау.
Кері байланыс:
- Маған қызықты болғаны.....
- Маған қиын болғаны......
- Сабақ несімен ұнады.... т. б.

VІІ. Бағалау. Компьютерде тәжірибелік тапсырмаларды орындауды бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру. § 24 оқу, 128 беттегі бақылау сұрақтарына жауап жазу.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Қарағайлы кенті, ЖББ №16 орта мектебінің
ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі:
Әділхан Назым Әділханқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 7
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 3 мам 2016 23:31
Өте жақсы құрылған сабақ жоспары. Маған ұнады
Пікірлер #2: 3 мам 2016 23:43
Өте жақсы жазылған
Пікірлер #3: 10 мам 2016 00:53
Керемет супер
Пікірлер #4: 14 мам 2016 19:57
Керемет , өте жақсы
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Тауық пен балапан

    Жеке бөлшектерді біріктіре отырып, тауықтың балапанын мүсіндеуді үйрету; қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамдарын және тілдерін дамыту
  • Аяз ата

    Аязатаның бейнесін салуды үйрету, балаларда мейірімділік пен сүйіспеншілік сезімін оята отырып, Жаңа жыл кешінің аса сыйлығы қонағы – Аязатаның қалай пайда болғанымен таныстыру.
  • Ұзын құлақ, ақ қоян

    Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен - кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген ...
  • Сын есім

    Сын есім жайында түсініктерін пысықтау, сын есімнің сұрақтарымен таныстыру, сын есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу ...
  • Ақтан жырау

    Ақтан жырау шығармашылығын, «Не жаман» термесін білу
  • Ажарлы күз арулары

    Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын Көңілді серіппелі күйін ашсын, Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып Береке бірлікпенен ортақтассын.
  • Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі. Таулардың пайда болуы. Ескі және жас таулар.

    Таулардың пайда болуы жайлы сипаттама беру, қатпарлы және қатпарлы - жақпарлы таулар, таулардың өзгеруі туралы білімдерін кеңейту
  • Қазақстан аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның таралуы

    Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуын сипаттау арқылы тақырыптық және кескін картамен жұмыс жасау барысында іскерлік дағдылары мен икемділіктерін дамыту
  • Ы. Алтынсарин "Әке мен бала" әңгімесі

    Ы. Алтынсариннің қазақ әдебиетіндегі орны туралы оқушы білімдерін толықтыру, әдебиет теориясынан түсінік беру, әңгімені талдау. Мәтіннің мазмұнын түсініп айтуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, ...
  • Сәкен Сейфуллин «Аққудың айырылуы»

    Сәкен Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. Поэмадағы негізгі идеяны түсіндіру. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Тірек кестелерге сүйене отырып, ауызекі сөйлеу ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 4
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 4
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика