Бәйге бөлімі


Құжаттың құрылымы, беттердің нөмірленуі, колонтитулдер

Құжаттың құрылымы, беттердің нөмірленуі, колонтитулдер.

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға құжаттың құрылымы, беттердің нөмірленуі және колонтитулдерді көрсету. Оларға мәтіндік құжатқа колонтитулды құруды, беттерді нөмірлеуді, құрылым режимінің батырмалары жайлы үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы
Пәнаралық байланыс: сурет, ағылшын, орыс, қазақ тілдері
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, анимация, оқулық, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы, кеспе қағаздар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі(2 МИН): 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру (8 МИН): «Ақпараттық диктант» арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін арнайы кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар жазып болған соң интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен өздерінің диктанттарын тексеруге мүмкіндік алады.
1. Алмасу буфері дегеніміз не? {құжаттар мен қолданбалы программалар арасында мәтіндік немесе графикалық ақпарат алмасуға арналған дербес компьютер жадының арнаулы бөлігі}
2. Арнайы және еркін түрде алынған символдарды экранға шығаруды қай терезеде орындайды? {Символ сұхбат терезесінде орындайды }
3. Символ сұхбат терезесін алу үшін не істейміз?
{Кірістіру (Вставка) => Символ бұйрығын орындау керек}
4. Керекті символды құжатқа кірістіру үшін тінтуірмен кестедегі символды ерекшелеп...... батырмасын басамыз. { Кірістіру }
5. Құжат тартымды немесе әдемі көріну үшін құжат бетінің фонын өзгертуге болады. Ол үшін.......... батырмасын басамыз.
{Бетті белгілеу => Беттің түсі (Фон) }
6. Бағандағы мәтінді бөлу: мәтіні бар бағанмен жұмыс істеу кезінде бағандағы мәтінді бөлгіміз келсе, қандай бұйрықтарды орындаймыз?
{Беттерді белгілеу =>Бөлу (Разрывы) =>Баған (Колонка) }
7. - белгішесі қандай қызмет атқарады?
8. - белгішесі қандай қызмет атқарады?
9. - белгішесі қандай қызмет атқарады?

ІІІ. ЖАҢА ТАҚЫРЫПҚА КІРІСПЕ (3 МИН)
1. Орысша “ДОКУМЕНТ” сөзінің қазақша аудармасы қандай? – ҚҰЖАТ
2. Септік жалғауы? – ТЫҢ
3. Орысша «Структура» сөзінің қазақша аудармасы қандай? -- ҚҰРЫЛЫМ
4. Қазақ әліппесінде 42 әріп бар. Соның 37 - ші әріпін тап? – Ы.
Осы сөздерден «Құжаттың құрылымы» деген сөйлем бүгінгі тақырыбымыз ашылады.

ҚҰЖАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. БЕТТЕРДІҢ НӨМІРЛЕНУ КОЛОНТИТУЛДАР.

IV. ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ (11 МИН)
І. Құжат сызбасы режиміне өту үшін Түр мәзіріндегі Көрсету немесе Жасыру тобындағы Құжат сызбасына қанатша қою қажет (64 - сурет). Құжат сызбасы режимі тақырыптардың құжатта орналасуын көруге мүмкіндік береді. Қажет тақырыпқа шертсек, құжаттың кез келген жеріне ауыса аламыз.
Егер мәтінде бөлімдер, бөлімшелер болса, онда құрылымды келесі үлгіде құруға болады:

Мәтінді қарапайым стиль түрінде;
Әрбір тауарлар мен тақырыптарға атауларын беру арқылы;
Мәтінге сілтеме ретінде

Құжат сызбасы режимінен шығу үшін Түр мәзірінен Көрсету немесе Жасыру тобында Құжат сызбасы сызбасы батырмасын шертеміз.
Құрылым режимі Құжат сызбасы режиміне ұқсас. Бұл режимде тақырыптарды негізгі мәтінмен және тақырыпшалармен бірге араластыруға болады. Құрылым режиміне өту үшін Түр мәзірінен Құжатты көру режимдері тобынан Құрылым батырмасын басу қажет (65 - сурет).
Структура (Құрылым)

Беттердің нөмірленуі
Бетті нөмірлеу сұхбат терезесін ашу үшін Кірістіру (Вставка) => Беттің нөмірі батырмасын шертеміз, нөмірді құжаттың қай жағынан (жоғарғы әлде төменгі) және нешінші беттен бастап нөмірлеу керектігін белгілейміз.
Колонтитул Жоғарғы немесе Төменгі колонтитул болып бөлінеді. Олар беттің төменгі және жоғарғы жағында орналасқан мәтіндер.
Колонтитулдарды құру үшін Кірістіру мәзірінен Колонтитул батырмасын шертеміз. (66 - сурет).
Колонтитулдармен жұмыс істегенде Конструктор мәзірі пайда болады. Бұл қосымша колонтитулдармен жұмыс істеуді жеңілдетеді (68 - сурет).
Колонтитулдармен жұмыс режимінен шығу үшін Конструктор мәзіріндегі Колонтитулдар терезесін жабу батырмасын шертеміз.
Оқушыларға өз сөзіммен түсіндіремін. (дәптерге түсіру)

V. ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ БЕКІТУ. БАҒАЛАУ (19 МИН)

VІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА (2 МИН)
Орындалмай қалған деңгей тапсырмаларын орындау;
§14. 94 - 98 БЕТТЕРДІ ОҚУ;
99 - беттегі тестті шешу;
Өткен тақырыптарға байланысты сөзжұмбақ немесе ребус құрап келу.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,
№33 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі Аширова Лаззат Бейсенбековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 2
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 2
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика