Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы

13 наурыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Информатика
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Сабақ мақсаты: Алдынғы өтілген тақырыптар мен Word бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.
Білімділік. Оқушылар негізгі терминдер мен түсініктерді білуі тиіс. Word ортасында жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқушылар объектілерді құру, көшіру, жылжыту, іздеу, құжаттарды ашу және программаларды іске қосу істерін үйреніп, өз жұмыстарын талдау тәсілдерін меңгеруі керек.
Дамытушылық. Танымдық қызығушылығын, логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін, қадағалау - тексеру, реакция деңгейін жетілдіру, топ мүшелерімен бірігіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік. Пәнге деген қызығушылықты арттыру, сыйласу, қарым - қатынас жасай білу, ұжымдық сезімді ояту сияқты рухани тәрбие негізін қалыптастыру.
Программалық - дидактикалық жабдықтамалар. Дербес компьютер, Excel ортасында жасалған кроссворд, тапсырма бағалау парағы, таратпа материалдар, электрондық оқулық.

Сабақты өткізу барысы.
Сабаққа дайындық.
Сабақ алдында оқушыларға тапсырма және бағалау парағы таратылады. Оқушылар компьютеріне алдын - ала дайындалған кроссворд пен тапсырмалар жазылған.

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу (3 мин)
Оқушыларды компьютерлерге отырғызып, алын - ала дайындалған тапсырмалар мен кроссвордты ашып беру.
Сабақтың жүруі.
Бүгінгі біздің сабағымыз 4 турдан тұрады. Ұпайларды есептеу жеке - жеке оқушы үшін жүргізіледі.

ІІ. Сабақ мақсатының қойылуы (жүргізілуі) (3 мин)
Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – бұрынғы өтілген тақырыптар мен Word бөлімі бойынша алған білімдеріңді тексеру және қайталау. Сендер негізгі терминдерді қалай есте сақтағандарыңды, Word - та жұмыс істеу тәсілдерін қалай игергендеріңді көрсетулерің керек. Жұмыс соңында осы қойылған мақсатқа жету жолында істеген жұмыстарыңды мұғалім баға қояды. Бүгінгі сабақта табысқа жетулеріңе тілектеспін.

ІІІ. Қайталау (10 мин)
Интерактивті тақта көмегімен оқушылар электронды оқулықтағы WORD тақырыбы бойынша қайталау сабағын жүргіземін. Программаны қалай іске қосатынымызды, онда жұмыс істеу түрлері, текстік редактордың жұмыс жасау мүмкіндіктері туралы біраз еске түсіреміз. Қайталау ретінде электронды оқулықтағы тапсырмаларды өз беттерінше орындауға беремін.

IV. Кроссворд. (9 мин)
Оқушылар Компьютердің жұмыс үстеліндегі 8 - сынып папкасын ашып, ішіндегі Кроссворд. xls адресіндегі файлды ашып, ондағы кроссвордты шешулері керек.

Бұл турда берілген уақыт ішінде дұрыс жауапты ең көп берген оқушыға ұпай қосылады.
Оқушылар өздері Тапсырмалар парағындағы критерийлерге қарап отырып, берген дұрыс жауаптарының санына байланысты өздеріне өздері ұпай қояды.
V. Зертханалық жұмыс. (10 мин)
Бұл бөлімде оқушыларға оқулықтың 72 және 77 беттеріндегі практикалық жұмысты орындауға беремін. Тапсырмада берілген Ай мен күн деген қазақ халық ертегісін осы текстік редакторда әртүрлі автофигуараларды пайдаланып, өз беттерімен осы ертегіні бейнелеп беру керек.

VI. Викторина. (7 мин)
Бұл тарауда өтілген тақырып бойынша сұрақтар беріледі. Сол сұрақтың дұрыс жауаптарын жауап парағына орналастыру керек.
Барлығы 6 сұрақтан тұратын тапсырмада төмендегідей амалдарды орындау керек. Оны орындау үшін әрбір оқушыға бір - бірден жауап парағы, тапсырмалары таратылады.

VII. Қорытынды. (3 мин)
Барлық турдан алған ұпайларын қосып, оқушыларды жеке - жеке бағалаймын.

ШҚО, Аягөз ауданы, Баршатас ауылы,
«О. Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ - нің
Информатика және математика пәнінің мұғалімі Баукенова Майгул Азимжанкызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 427
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Word - ты іске қосу, Word терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Слайдтарды демонстрациялау
Слайдтарды демонстрациялау
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы, Баянауыл аудандық білім бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің мұғалімі Абылкасова Балкен Көкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.