Бәйге бөлімі


Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру

Физика және информатика кіріктірілген сабақ (7 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру.
Сабақтың жалпы мақсаты
▪ Танымдық: Оқушылардың жылдамдық, жылдамдық бірліктері және Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу мен шығару жайлы білімдерін қалыптастыру, есеп шығаруға, қолдана білуге, енгізу мен шығару операторларын қолданып программалар құрастыруды үйрету. Бірін - бірі бағалауға баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасау
▪ Эмоциялық: Психологиялық жағымды орта қалыптастырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту
▪ Әлеуметтік: Бір - бірімен қарым - қатынас жасауға жағдай жасау.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың формасы: топтық, жеке
Сабақтың көрнекілігі: проектор, слайдтар, бейнесабақ, стикер, плакат, түрлі - түсті маркерлер, постер, зертханалық машиналар, тік ұшақ, қайық, FreePascal ортасы.
Оқу нәтижесі
▪ Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат алады;
▪ Жылдамдық. Жылдамдық бірліктерін күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді;
▪ Енгізу және шығару жайлы мағлұмат алады;
▪ Енгізу және шығару операторларын қолданып программалар құрастырады;
▪ Бірін - бірі бағалай алатын болады;
▪ Пәнге деген қызығушылығы оянады, оқушы бойына білім, білік, дағды қалыптасады, шығармашылық қабілеттері дамиды;
Негізгі идеялар: Физикалық шамалар және Паскальда программа құрылымдары қарастырылады, оны дамытады, түрлі зертханалық жұмыстар жайлы түсініктеме беріледі, топ ішінде өзгелердің пікірін тыңдап, ортақ шешімге келудің жолдарын үйренеді. Жаңа оқыту үлгісін жасау, сабақ құрылымына модульдер идеясын енгізу арқылы кеңейтілген мүмкіндіктер беру, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге төселу;

Тапсырма көздері 1. Сыни тұрғыда ойлана отырып бағдарламаның жұмысын талдау;
2. Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары(постер қорғау);
3. Ашық сұрақтар беру;
4. АКТ мүмкіндіктерін кеңейту;
5. Кеңейтілген тапсырмалар беру.

Сабақтың жоспары: 1) Оқушыларды ұйымдастыру
а) ұжымдық іс - әрекет;
ә) мотивациялық кезең;
б) оқушыларды топқа бөлу;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
2) Үй тапсырмасын тексеру
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру
5) Сабақты бекіту
6) Сергіту сәті
7) Зертханалық жұмыс
8) Қорытынды
9) Рефлексия
10) Үй тапсырмасы

Сабақ барысы

Мотивациялық кезең
Сыныптағы затқа өзін теңеп, оның жақсы ұғымымен сабаққа қатыстыру.(Мысалы: Мен өзімді партаға теңеймін, өйткені, бұл партаға небір ғұлама ғалымдар отырып, білім алған мен де сол кісілер сияқты сол деңгейге жеткім келеді).
Топқа бөлу
Компьютер құрылғыларын қолдана отырып үш топқа бөлу:
1. Енгізу
2. Шығару
3. Бейтарап

Үй тапсырмасын сұрау
1. «Тест» тапсырмасын интербелсенді тақтадан көрсету. (Оқушылардың қолына жауаптар парағы беріледі және сол параққа дұрыс жауаптарын белгілейді)
Орындап болған соң, сағат тілі бойынша жұмыстарын ауыстырып, оқушылар бірін - бірі бағалайды. Әр топ басшысы бағалау парағында ұпайларын қояды. (слайд 2)
1. Айнымалы атауында қолдануға болмайтын символды көрсетіңдер:
А) сызу символы В) латынның бас әріптері
С) + белгісі D) екі таңбалы сандар
2. Программада қолданушыдан оның есімін сұрау керек. Ол айнымалы үшін әліметтердің қандай типін анықтау керек?
А) Real B) Shortint C) Integer D) String
3. Екі бүтін санды бөлетін программа үшін айнымалылар типін анықтайтын жазбаны таңдаңдар:
А) var B) var C) var D) var
a, b, c: integer; a, b, c: real; a, b: integer; a, b: integer;
c: real; c: boolean;
4. Айнымалылар мен олардың типтерін сипаттауға арналған бөлімді таңдаңдар:
А) Procedure B) Type C) Var D) Label
5. Төмендегі жағдайлардың қайсысында денені материялық нүкте деп есептеуге болады?
А) ұшақ Астанадан Мәскеуге сапар шекті
В) мәнерлеп коньки тебуші еркін жаттығу орындауда
С) оқушының таңертеңгілік дене шынықтыру жаттығуын жасауы
6. Айдың Жермен салыстырғандағы траекториясы.
А) парабола В) дөңгелек С) серіппе іспеттес
7. Жаяу адамның қозғалыс траекториясы
А) тұманды із В) тас жол С) соқпақ жол
8. Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі
А) жол В) қозғалыс траекториясы С) материялық нүкте

2. «Сәкестігін тап» информатикадан жұмыс дәптеріндегі тапсырма. (слайд 4)

3. Техникалық диктант. Физика пәнінен негізгі ұғымдарды қайталау (слайд 5)
1. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені материалдық нүкте деп айтады.
2. Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.
3. Орын ауыстыру деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні, яғни векторды айтады.
4. Дене кез келген тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
5. Дене кез келген тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалыс бірқалыпты емес қозғалыс деп аталады.
(Лидер оқушы топтағы оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалайды)

Жаңа сабаққа кіріспе (слайд 6 - 7)
5 - сыныпта біз сендермен енгізу және шығару құралдарымен танысқан болатынбыз.
Енгізу құралдарына нелер жатады:...............
Шығару құралдарына нелер жатады:..............
Осы құрылғылардың қайсысына есептің берілгенін және шешу нәтижесін шығаруға болады? (монитор)
Бүгін сендер мәліметтерді енгізу және шығару операторларымен танысасыңдар.

Жаңа сабақ (слайд 8)
Бейнесабақ көмегімен оқушыларға жаңа сабақ туралы қысқаша ақпарат беру.

Сабақты бекіту (слайд 9 - 10)
Топтар арасында есептер беріледі. Есептің дұрыстығын FreePascal ортасында программасын құру арқылы тексеру.
Есеп №1
ADSL - байланысы арқылы 5120 бит ақпарат беріліп жатыр. Егер ақпарат 40 секунд ішінде түгел берілетін болса, ақпараттың берілу жылдамдығы неге тең?
Есеп №2
Велосипедші 150м жолды 2, 5 м/с жылдамдықпен жүрген. Осы ара қашықтықты велосипедші жүріп өтетін уақытты есептеңдер.
Есеп №3
Мотоциклшы 30км/сағ жылдамдықпен 5 сағатта қанша жол жүреді?

Сергіту сәті (слайд 11)
« Жұмбақтар»
1. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Уақыт)
3. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама сияқты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
4. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын белгісі)
Зертханалық жұмыс (слайд 12)
Топ басшылары тапсырмаларын таңдайды: ұшақ, зертханалық машина, қайық
Әрбір нысанды бірқалыпты қозғалады деп есептеп, 2 жағдайда тәжірбие жүргізу.
FreePascal ортасында жылдамдығын есептейтін программасын құру.

Постер арқылы қорғау.

Бағалау
Топтар бірін - бірі бағалайды.
Бағалау критерийлері: (слайд 13)
1. Теориялық білімінің қамтылуы. - 1балл
2. Тәжірибенің орындалуы. – 2 балл
3. Топтың ынтымақтастығы. – 3 балл.

Қорытынды
Бағалау парақтары бойынша бағалау
Рефлексия
Кері әсер парағы.
1) Кіріктірілген сабақ барысында ұнағаны...
2) Кіріктірілген сабақ барысында ұнамағаны...
3) Кіріктірілген сабақ барысына ұсынысыңыз және тілегіңіз...
Үйге тапсырма (слайд 15)

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Жаңақорған кенті, №169 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі Надирова Фарида Кенжебекқызы
физика пәні мұғалімі Құлмырзаева Мадина Қылышбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 11
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 10 мам 2016 00:25
Тамаша сабақ
Пікірлер #2: 13 мам 2016 00:16
Жеңіс тілеймін. Өте жақсы құрастырылған сабақ
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • 8 наурызға арналған ер жігіттер концерті

    Аруларымызды, ардақтыларымызды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, осы күн туралы бірқатар қызықты ойларды ортаға салып көрейік.
  • 8 наурызға арналған көшпелі папка

    8 наурызға арналған көшпелі папка
  • 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған. Шуағын шашқан аялы алақан

    Адам барма ана сүтін татпаған Алуан-алуан ауыр сынды аттаған Адалдықты ар намысты сақтаған Мен анамның сонысымен мақтанам
  • Сиқырлы сурет сырлары

    Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі - түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
  • Бастау олимпиадасы логикалық есептер

    Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Үстел үстінде неше стакан қалды? Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам қыдырып жүр?
  • Үй құстары (тауық, балапан)

    Балаларға тауық пен балапанмен таныстыру. Үй құстарының тіршілігі туралы түсінік беру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Тілдерін дамыту.
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Гүл - ғажайып дүние

    Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер Жайнар кезім келді деп. Қанаттарың желбіреп, Таңмен бірге оянып Күн нұрына боянып Көрік бердің далаға.
  • Алдар көсе Шықбермес Шығайбай

    Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру. Ертегілердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Ым - ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің ...
  • Рационал сандарға амалдар қолдану

    Рационал сандарда қолданылатын амалдардың әдіс - тәсілдерін меңгеру, есеп шығару барысында тиімді қолдана білу, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару.

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 4
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 4
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика