Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Мәтіндік құжатқа диаграммаларды кірістіру

22 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Информатика
информатика (қоғамдық – гуманитарлық бағыт) 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатқа диаграммаларды кірістіру
Сабақтың мақсаты: Диаграмма құру үшін ең алдымен мәлімет керек екенін түсінеді, диаграмма түрлерімен танысады, кестеге мәліметті енгізуді және одан кейін қолданатын операциялармен жұмыс жасап үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Диаграмма тұрғызуды үйренеді. Жаңа тақырыпты толық меңгереді. Тапсырмаларды орындайды
Ресурстар: «Информатика негіздері» журналы, Информатика әдістемелік құрал, электронды тақта, проектр, плакаттар, маркерлер, стикер, қалпақтар.
Әдіс – тәсілдер: СТО, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, «Ыстық орындық» әдісі, тест, тәжірибелік тапсырма, сұрақ - жауап, «Ойлан, топтас, талқыла» әдісі.

Ұйымдастыру: (2 мин)
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Психологиялық дайындық. Сынып ішінде ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында бейне ролик көрсетіп, қандай тұжырымға келгендерін, не көргендерін, кім не айтатынын сұрау. Әр оқушы өз пікірін айтады.

Үй тапсырмасын тексеру: (9 мин)
 Үйге берілген «Рецензиялау. Емле ережесі. Ескерту. Құжатты қорғау» тақырыбына «Ойлан, топтас, талқыла» әдісі арқылы постермен жұмыс жасайды. Әр топ өз жұмысын қорғайды. Оқушылар бірін - бірі тыңдайды.

Жаңа сабақ (12 мин )
1. Диаграмма дегеніміз не? Қалай түсінесіздер?
2. Диаграммамен не жасауға болады?
3. Пайдасы қандай? деген сұрақтарға жауап беру арқылы «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша жаңа сабақты өздері ізденіп, бір – біріне түсіндіреді.

Ақ қалпақ: Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламада диаграмманы гистограмма, бағандар, пирамидалар, конустар, және т. б. түрінде құруға мүмкіндік береді. Диаграмманы қалай құрамыз? деген сұраққа жауап беретін болсақ Диаграмманы құру үшін Кірістіру – Диаграмма командасын орындаймыз немесе диаграмма шебері құралын пайдаланамыз.

Сары қалпақ: Диаграмма - бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. Диаграммалар – деректерді графикалық бейнелеудің ыңғайлы сайманы. Диаграммалар өзінің көрнекілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс парағының әр ұяшығын мұқият қараудан жеңіл әрі түсінікті. Диаграмма ұяшықтарда байқалмай қалған кестелерді көруге көмектеседі.

Қара қалпақ: Көбінесе ендірілген диаграмманың қажетті мөлшерін дәл анықтау қиын, оны тек диаграммаға берілген мәліметтерді көргенде ғана айтуға болады. Сондықтан ендірілген диаграмманың мөлшерін, пропорциясын өзгерте отырып, оны ойдағыдай түзетуге тура келеді. Сонымен қатар оқулықта диаграмманың барлық түрі толық көрсетілмеген. Диаграмманың элементтері туралы мәлімет берілмеген және оларға жекешелеп тоқталмаған.

Қызыл қалпақ: Диаграмманың тиімді, жақсы жақтарын айтып өтеді.
Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі. Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма өзіміз математика мен сызудан білетініміздей көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай - ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді.

Жасыл қалпақ: Шығармашыл қалпақ болғандықтан эссе жазады.
Мәтіндік редакторларда тек мәтін теріп қана қоймай, есеп құжаттарымен, графикалық нысандармен, кестелермен жұмыс жасауға болады. Диаграммаларды көбіне мектептегі оқушылардың білім сапасын әр тоқсан сайын салыстыру мақсатында қолданады. Диаграмманы әр адам өзінің қызметіне қарай қолдана алады. Диаграмма құру үшін бізге ең алдымен сандық, мәтіндік ақпараттар керек.

Көк қалпақ: Сарапшы қалпақ. Диаграмма түрлері мен элементтері туралы толықтыратын болсам Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі: горизонталь немесе категориялар осі және вертикаль немесе мәндер осі болады. Көлемді диаграммалар құрғанда үшінші ось қатарлар осі қосылады. Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады: тор, тақырып және аңыз. Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.
Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

Оқушы қызметі: (7 мин)
Шығармашылық жұмыс ( Тәжірибелік тапсырма ) 119 бет
1. Жаңа құжат ашып, Диаграмма батырмасын шертіңдер
2. Төмендегі берілген мәліметтерді кестеге енгізіңдер. А1ұяшығына сынып, В2 ұяшығына сапа мәндерін жазып қоямыз. А2 ұяшығына 10 – сынып, В2 ұяшығына 76%
А3 ұяшығына 11 – сынып, В3 ұяшығына 85%
А4 ұяшығына 9 – сынып, В4 ұяшығына 89%
А5 ұяшығына 8 – сынып, В5 ұяшығына 95%
А6 ұяшығына 7 – сынып, В6 ұяшығына 100% Осы мәндер бойынша диаграмма өздігінен өзгеріп отырады, сондықтан өзімізге керекті диаграмма түрін көрсетеміз.

Сергіту сәті (2 мин)

Сабақты бекіту: ( 5 мин)
120 бет «Өзіңді тексер!» тест сұрақтарына жауап беру
1. Жол дегеніміз не?
А) баған В) кесте С) мәтіндер тізбегі Д) қатар орналасқан ұяшықтың бірлестігі Е) А және В жауабы
2. Баған дегеніміз не?
А) қатар орналасқан ұяшықтың тік бірлестігі В) қатар орналасқан ұяшықтың бірлестігі С) жол Д) кесте Е) А және В жауабы
3. Диаграммалардың түрлерін атаңдар:
А) бағандық, сызықтық, дөңгелек, нүктелік, сақиналық, конустық, пирамидалық В) үшбұрышты С) төртбұрышты Д) түзу сызықты Е) қисық сызықты
4. Диаграмма құру үшін қандай әрекет жасаймыз?
А) Түр мәзірінен Сызғыш батырмасын басу В) ctrl+D С) ctrl+shift+D Д) А және E жауабы Е) кірістіру мәзірінен иллюстрациялар тобындағы Диаграмма батырмасы
5. Ұяшық дегеніміз не?
А) кесте құстың ұясы С) баған мен жол қиылысы Д) жолдар жиынтығы Е) бағандар тізбегі

Жауабы: 1 – д 2 – а 3 – а 4 – е 5 – с

Сабақты қорытындылау: (3 мин)
«Ыстық орындық» әдісі. Бүгінгі өтілген жаңа тақырып бойынша оқушылар орындыққа отырған оқушыға сұрақ қояды.

Кері байланыс «Блоб ағашы» арқылы орнату (2 мин)

Үйге тапсырма: (1 мин)
§ 17
Бақылау сұрақтары
«Диаграмма түрлері» мәнжазба
Бағалау (2 мин)
Топ басшысының бағалауы. Әр топ басшысы өз тобындағы оқушыларды белсенділігіне байланысты бағалайды.

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектептің
информатика пәні мұғалімі Турниязова Базаргуль Онгаровна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 705
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру
Жылдамдық, жылдамдық бірліктері және Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу мен шығару жайлы білімдерін қалыптастыру, есеп шығаруға, қолдана білуге, енгізу мен шығару операторларын қолданып программалар құрастыруды үйрету. Б
Кілт тасушы «Соль», «Ля» деп ән саламыз
Кілт тасушы «Соль», «Ля» деп ән саламыз
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы, М. Б. Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп балабақша кешені Музыка пәні мұғалімі Сарсенгалиева Жаннагуль Ануарқызы
Қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі
Қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі
Word мәтіндік редакторы туралы түсінік қалыптастырып, редактордың мәні мен мәзірі, сонымен қатар құралдар тақтасының құрылымы жайлы білім беру.
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
Word бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.