Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Кестелер, кестелерді құру

12 сәуір 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Кестелер, кестелерді құру
«Үздік ұстаз» конкурсына
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: Оқушыларды кестелердің негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру, Microsoft Office Word программасында кестелерді құрудың түрлі әдістерін қарастырып, деректерді енгізуді үйрету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық тыңдаушылар: Мәтіндік процессорды қалай ашу керек екенін біледі. Мәтіндік процессордың негізгі ұғымдарын біледі.
Көпшілігі: Мәтіндік процессорды қалай ашу керек екенін біледі. Мәтіндік процессордың негізгі ұғымдарын біледі. Мәтіндік процессордың интерфейсін біледі.
Мәтіндік процессордың негізгі ұғымдарының қолданылу аймағын біледі. Кесте құра алады, оны сақтай алады.
Кейбір тыңдаушылар: Кесте құрып, оны қалай сақтау керек екенін біледі. Берілген ашық сұрақтарға дәлелді түрде жауап бере алады.

Тілдік мақсаты Оқушылардың өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға мүмкіндік беру. Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдері: Болжау стратегиясы. Блум таксономиясы. Ойлан. Бірлес. Бөліс. Бала философиясы
Ақпарат көздері: 6 - сынып, «Информатика» оқулығы

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Жұмыс түрлері: Топтық, жеке, ұжымдық
Жалпы ресурстар: Интербелсенді тақта, компьютер, тақырыптық слайдтар, үлестірме материалдары.
Бағалау түрлері Оқыту үшін бағалау: мұғалім мадақтауы, «Басбармақ» әдісі арқылы, Блоб ағашы, Критериалды бағалау.

Ұйымдастыру 3 мин
Мұғалім оқушылардың сабаққа деген ынтасын тексеру мақсатында оқушыларға сурет салдырады.
Топтық жұмыс.
«Мозаика» арқылы топқа бөлу. 2 мин
Мозаика арқылы оқушыларды 2 топқа бөлемін. Топ ережесімен таныстырамын.

3 - әрекет. Топтық жұмыс.
БІЛІМ. 5 мин
Үй тапсырмасын қоржындағы асықтарды таңдату арқылы интербелсенді тақтадағы тапсырмамен тексеремін.

4 - әрекет.
Топтық жұмыс. Ойлан. Бірлес. Бөліс.

ТҮСІНУ.
«Болжау стратегиясы» арқылы тақырыпты ашу
Жеке, топтық жұмыс
Алдын ала мәтін беремін.
Берілген мәтіннен Жерден 300 жарық жылдан артық ара қашықтықта орналасқан және Күннен жарықтығы 7000 есе артық жұлдыздар туралы ақпарат табыңдар.

Мәтіндегі тапсырманы орындату арқылы тақырыпты болжатамын. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіру.

5 - әрекет.
Топтық жұмыс.
ҚОЛДАНУ. 8 мин
MS Word бағдарламасының құрылымын көрсете отырып, түсіндіремін.

6 - әрекет.
Жеке жұмыс
ТАЛДАУ. 8 мин
Оқушыларға берілген мәтіндегі тапсырманы кесте құрғызу арқылы орындатамын.

Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
№122 жалпы білім беретін мектептің
информатика пәні мұғалімі
Сагынгалиева Арайлым Нурлановна

Толық нұсқасын жүктеу
2 010
0
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Word Pad мәтіндік редакторы
Word Pad мәтіндік редакторы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Word Pad мәтіндік редакторы туралы мағлұмат беру және бұл мәтіндік редактордың мүмкіндіктері, жұмыс жасау ережесімен таныстыру.
Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру
Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру
Графика — бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho – жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай - ақ заттардың ең
Қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі
Қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі
Word мәтіндік редакторы туралы түсінік қалыптастырып, редактордың мәні мен мәзірі, сонымен қатар құралдар тақтасының құрылымы жайлы білім беру.
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Word - ты іске қосу, Word терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы, Баянауыл аудандық білім бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің мұғалімі Абылкасова Балкен Көкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.