Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы,
Боровской с., «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің
Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі» ММ
информатика пәні мұғалімі
Ахметбекова Гульжан Халеловна

Информатика 5 сынып
Қатысатын категория: информатика

Сабақтың тақырыбы: «Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік: WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: ойын сабақ, сұрақ - жауап.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютерлер, оқулықтар, жұмыс дәптерлері, интерактивті тақта, презентация,

Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Өткен тақырыпты қайталау.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
IV. Тапсырмаларды орындау
V. Сергіту кезеңі
VI. Сабақты бекіту кезеңі.
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
• Оқушылармен сәлемдесу;
• Жоқ оқушыларды түгендеу;
• Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
• Сабаққа белсене қатысқан балаларға жұлдызшалар беріліп отырады, сондықтан жақсы баға алуға тырысайық.

II. Өткен тақырыпты қайталау. Сонымен балалар, өткен сабақта біз Paint графикалық редакторын өткен болатынбыз. Есімізге түсіру үшін мен сіздерге мына тапсырмаларды дайындадым (тұсаукесерде 1 - ші беттегі сілтеме). Яғни, тақтада Paint графикалық редакторының құралдары бейнеленген. Әр құралға тышқанмен басқан кезде бірінші жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі. Жұлдызшаларды ең көп жинаған оқушы сабақ соңында марапатталады. Жалпы 16 сурақ негізделген.
Жауаптар:
1. Ерікті аймақты белгілеу құралы - бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады
2. Белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады
3. Өшіргіш түрлі - түсті өшіргіш - бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған
4. Құю ( Заливка) құралы - бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды
5. Түс таңдау құралы - бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді
6. Масштаб құралы - бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді;
7. Қарындаш - бұл кез келген сызықты әр түрлі жуандыққа сызуға арналған
8. Кисть - ерікті сызықтарлы салуға арналған. Кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады;
9. Бүріккіш - пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді;
10. Жазу - бұл сурет ішіне мәтін орналастырады;
11. Сызық - түзу сызықтар салуға арналған
12. Қисық - тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді;
13. Тік төртбұрыш - тік төртбұрыштар салуға арналған
14. Көпбұрыш - ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады
15. Эллипс - шеңбер және эллипс салуға арналған
16. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш - бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

ІІІ. Жаңа түсініктер:
Біздің әрқайсымыз қандай да бір жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мен хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазады және т. с. с. Кейде өздерің қолжазба мәтінін де оқуға тура келеді. Ол кітап оқығаннан әлде қайда қиынырақ. Барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді. Қайсыбір сөзді қате оқуың да мүмкін. Нәтижесінде мәтінді қате түсінесің.
Арнайы программалардың – мәтіндік редактордың көмегімен кез - келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:
• мәтін - сақтау үшін аз орын талап етеді;
• керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;
• мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады;
• өз құжаттарыңды түзетуге;
• құжатыңды суреттермен безендіруге болады.
WordPad мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:
• Мәтіндік құжаттарды құруға;
• Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
• Мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін өзгертуге;
• Құжатты басып шығаруға.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Іске қосу - Бағдарламалар - Стандартные - WordPad.
Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі ашылады.
WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныс болайық.
Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір – бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ – сөз - жол – абзац - бет - мәтін.
Абзацтар бір - бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.
Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар. Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементтері де жатады.
Абзацтың ең негізгі қасиеттері:
• Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері;
• Мәтінді түзеу тәсілдері;
• Шегіністер мен интервалдар.

IV. Тапсырмаларды орындау
Компьютерде тәжірибелік жұмыстар жасау.
1 - тәжірибе.
Оқушылар Word Pad бағдарламасын ашып, қалауы бойынша өздері бір шумақ өлең құрастырып жазады, болмаса жатқа білетін өлеңдерін компьютерге теріп жазады
2 - тәжірибе.
Оқушылар «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбына эссе жазады.

V. Сергіту кезеңі
Ал балалар компьютерде жұмыс жасап болсақ, бәріміз сергіту жаттығуларын жасаймыз. Бәріміз тақтадан көрсетілетін іс - қимылды қайталайсыңдар.

VI. Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтарын атаңдар?
Артықшылықтары:
• Мәтіндік құжаттарды құруға;
• Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
• Мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін өзгертуге;
• Құжатты басып шығаруға.
2. WordPad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
WordPad мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
3. WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
Іске қосу - Бағдарламалар - Стандартные – WordPad
4. WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңдар.
Олар:
• Жылдам қолжеткізу тақтасы
• Жолақ
• WordPad батырмасы
• Сызғыш
• Жай - күй жолы
5. Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?
Терезенің сол жағы, оң жағы, ортасы мен ені бойынша тегістеу.

Салыстыр. Paint графикалық редакторы мен WordPad мәтіндік редакторының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырып көрейік. Ал балалар кім салыстырып айтып береді?
Жауабы:
Paint – графикалық редактор. Ал WordPad – мәтіндік редактор болып табылады.

VII. Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау. Жинаған жұлдызшаларға мен жасаған тәжірибелік жұмыстарға байланысты бағаланады.
Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау.
Рефлексия: үлестірілген алақан парақшаларына сабақты бағалайды.
• Бас бармақ Не ұнады?
• Балан үйрек Жаңа не білдім?
• Ортан терек Не жөнінде ойландыңыз?
• Шылдыр шүмек Өз қоржыныма не аламын?
• Кішкентай бөбек Не білгім келеді?

VIII. Үйге тапсырма: «Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.» §19 тақырып. Дәптерге "Менің сыныбым" атты тақырыпқа әңгіме жазу.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Слайдын жүктеу
2 264
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE - да керісінше. REPEAT - UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin - end операторлық жақшаны қолданбаса да
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы, Баянауыл аудандық білім бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің мұғалімі Абылкасова Балкен Көкенқызы
Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы
Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы
Интернет 1960 жылдары АҚШ - та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір - бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ - ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.