Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Компьютерлік графика және оның түрлері

11 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
№42 жалпы білім беретін мектептің
информатика пәні мұғалімі
Сатыбалдиева Индира Калдыбековна

Информатика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Компьютерлік графика және оның түрлері».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: графика туралы түсінік беру. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары туралы жалпы түсінік беру. Қолдану салалары. Оның түрлері. Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа (ашық) сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, компьютер, слайдтар, бағалау парақтары
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сергіту сәті
3. Үй тапсырмасын қайталау
4. Жаңа сабақ түсіндіру
5. Практикалық жұмыс
6. Сабақты бекіту.
7. Оқушыларды бағалау
8. Рефлексия
9. Үй тапсырмасын беру.

1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру)
2. Сергіту сәті
3. Үй тапсырмасын қайталау (тест тапсырмасы арқылы тексеру)
Өзіңді тексер!!!
1. Алгоритм дегеніміз -...
А) іс - әрекет
Ә) толық сипатталған тапсырма
Б) алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.
В) математикалық есептің шешілуі

2. Антивирус – ол...
А) файлдарды сығуға арналған программа
Ә) файлдарды көшіруге арналған программа
Б) компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа
В) вирустарды құруға арналған программа

3. Нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. Ол не?
А) модельдеу
Ә) модель
Б) алгоритм
В) цикл

4. Ақпараттық модель:
А) компьютердің көмегімен жүзеге асады
Ә) нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы
Б) нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар
В) статистикалық модель

5. Блок - сызба алгоритміндегі енгізу - шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі?
А) сопақша
Ә тіктөртбұрыш
Б) ромб
В) параллелограмм

6. DIV амалы....... жүзеге асырады.
А) бүтін санды бөлуді
Ә) бүтін санды бөлудің қалдығын алу
Б) бүтін санды бөлудің бөлшектік қалдығын алу

4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Адам өмірінде суреттің орны ерекше. Бұрынғы уақытта жазуды білмейтіндер сурет арқылы өз өмірлері туралы жеткізетін болған және де кез - келген затқа сурет салатын болған. Олар үшін суреттің орны ерекше.
Осы жерде Альберт Энштейннің сөзі еске түсіп отыр: «Ең қарапайым әдіс - тәсілмен терең ойды білдірудің өзі - өнер»
Ал өзіміз балалық шағымыздағы кітаптарымызды еске түсірейік. Олар қандай болып еді? Неге балалар кітаптарында суреттер көбірек бейнеленген? Дұрыс, сурет арқылы ең қиын деген мәліметтің өзін оңай игеруге, яғни қабылдауға болады.
Ал, информатика пәніндегі сурет – бұл компьютерлік графика. Ал балалар біздің бүгінгі жаңа сабағымыз: «Компьютерлік графика және оның түрлері».
Графика дегеніміз – бұл сызба құралдарының көмегімен жасалған сурет.
Ал, графикалық редактор дегеніміз – графикалық бейнелерді құруға немесе өзгертуге арналған программа.
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Компьютерлік графика: 1) Екі өлшемді графика
2) Үш өлшемді графика болып бөлінеді.
Екі өлшемді графикаға: растрлық, векторлық және фракталдық.
Растрлық графикада кескіндер түрлі - түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер
СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Үш өлшемді графика: Үш өлшемді графика (3D Graphics) — көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.
Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар: - 3D Studio MAX 5; - AutoCAD; - Компас;
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Конструкторлық графика - инженер - конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР – дың (систем автоматизации проектирования - жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика) - деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.
Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды.

Графиктік файлдардың форматтары:
Графиктік формат – бейнені кодтау тәсілі.
ВМР - форматы (ағылш. тіл. Bit Map – «биттік карта»). ВМР – графиктік файлдың стандартты форматы.
PSD - Adobe PhotoShop пакетінің стандартты форматы, көп қабатты бейнелерді сақтайды.
CDR форматы - Corel Draw бағдарламасының форматы және ол векторлық бейнемен қоса, растрлік графиканы және мәтінді сақтау мүмкіндігін береді.
РNG - форматы - ағыл. т. Portable Network Graphic Format – «желі бойынша графиканы жіберу форматы», «пинг» деп оқылады).
GIF - форматы - (ағылш. т. Graphics Interchange Format – «графиканы алмастыруға арналған формат»).
JPEG - форматы - фотобейнелерді сығып сақтауға арналған аса әйгілі формат.

5. Практикалық тапсырма (деңгейлік тапсырмалар орындау)

Толық нұсқасын жүктеу
11 867
1
54 дауыс
Оқи отырыңыз
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын тигізетінін оқушыларға жете түсіндіру.
Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы
Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы
Интернет 1960 жылдары АҚШ - та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір - бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ - ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Ойын ережесі Ойынды бастамас бұрын банктен 25 пайыздық жылдық үстемемен 2000 теңгеден несие аласыңдар. Жыл соңында, яғни сабақ аяқталарда банкке несиелеріңізді үстемесімен қайтаруларың керек.
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік. - Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? - Ұяда қанша балапан бар дейді? - Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді? - Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Admin
Admin Админ 12 ақпан 2016 22:21
0
Ұстаздарға сәттілік! Бәйгеге қатысу үлкен жауапкершілікті талап етеді!