Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Векторлық және растрлық графиканы құру мен өңдейтін программалар

27 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиканы құру мен өңдейтін программалар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушыларды компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: зерттеу сабақ.
Сабақтың әдісі: тест, тапсырмалар
Көрнекілік: компьютер, жұмыс дәптері, үлестірмелі тапсырмалар, суреттер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен ақпаратты қайталау
3. Жаңа сабақты баяндау. Кестемен зерттеу жұмысы
4. Сабақты бекіту
5. Сергіту сәті
6. Компьютермен жұмыс.
7. Сабақты қорыту, бағалау.
8. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесіп, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен ақпаратты қайталау.
1. Компьютерлік графика дегеніміз не?
2. Оның түрлерін ата?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Графикалық редакторларды екі топқа бөлуге болады: растрлық және векторлық. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Векторлық және растрлық графиканы құру мен өңдейтін программалар». Сабақты түсіндіру барысында кестені толтырып отырасыңдар.
Кестемен зерттеу жұмысы

Растрлық графикада кескіндер түрлі - түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез - келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай - ақ кескіннің әр нүктесін ақ - қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).

Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолданылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілері жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графикада кескіндердің негізгі элементі - сызық болып табылады.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады.
Векторлық графиканың кемшіліктері:
Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар, яғни фотобейнелерді кодтау расторлық әдістен көп жады алады. Сондықтан векторлық әдісті көбіне графикалық суреттерді салуға пайдаланады. Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
Осы кескіндерді компьютерде өңдеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар пайдаланылады. Графикалық редактор - графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға, көруге арналған программа.

Қарапайым растрлық кескіндерді салуға мүмкіндік беретін растрлық редакторлардың қатарына Paint, Adobe Image Ready. Adobe Photoshop, Corel Photo Paint, Gimp, Photofinish редакторлары фотобейнелерді өңдеу үшін пайдаланылады.
Векторлық кескіндер Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, СorelDRAW, Adobe Illustrator, Inkscape секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Суретті сақтаған кезде, белгілі бір графикалық пішімде файл жасалады.
Графикалық файлдың пішімі - графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі.

▪ Растрлық графика файлдарының пішімі (кесте көрсетіледі)

▪ Векторлық графика файлдарының пішімі
SVG, EPS, WMF
WMF векторлық форматы Windows - тың форматы болып табылады. Бейнелерді алмастыру буфері арқылы жіберу үшін қолданылады. Windows - тың барлық бағдарламалары қабылдай алады.

ІҮ. Сабақты бекіту
Кестені толтырып болсаңыздар, өткізіңіздер.
ТЕСТ
1. Растрлық кескінмен жұмыс істейтін программаны көрсетіңдер
А) CorelDRAW
В) Paint
С) Inkscape
2. Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?
А) растрлық
В) векторлық
С) фракталдық
3. Векторлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады
А) BMP
В) SVG
С) GIF
4. Фотобейнелерді өңдегенде қандай графикалық редакторды қолданасыңдар?
А) векторлық
В) фракталдық
С) растрлық
5. Векторлықкескінмен жұмыс істейтін программаны көрсетіңдер
А) Corel Photo Paint
В) Paint
С) Inkscape
6. Қандай кескін үлкейтіп, кішірейткенде сапасын жоғалтпайды?
А) векторлық
В) фракталдық
С) растрлық

Тест жауабы
1 2 3 4 5 6
В А В С С А

№2 тапсырма. Топтық жұмыс.
Топтарға тапсырмалар таратылып, қандай графикалық редактормен жұмыс істегендерін айтады.

Сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Бұл редакторда түрлі қылқаламдармен (акварель, фломастер, гуаш) сурет салуға болады және салынған суретті сапасын жоғалтпай үлкейтуге болады. (Photoshop)
2. Қарапайым графикалық редактор (Paint)
3. Adobe Photoshop графикалық редакторының форматы (Psd)
4. Растрлық кескіннің стандартты форматы. Индекстелген түстерді 256 - ға дейінгі және RGB - моделіндегі толық түсті бейнелерді қолдайды. (Bmp)
5. Фотобейнелерді сығып сақтауға арналған формат. Сығу файл өлшемін 5 - 15 есеге дейін азайтады. (Jpeg)
6. 256 түстен тұратын анимациялық бейнелерді құру үшін қолданылатын растрлық формат. (Gif)

Ү. Компьютермен жұмыс.
Кеспе қағаздардағы суреттерді Microsoft Word бағдарламасында орындау.

ҮІ. Сабақты қорытындылау, бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма
§20 оқу, 5, 9 тапсырмалар.

Астана қаласындағы
№40 Әлкей Марғұлан атындағы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Аманкулова Айгуль Жуманазаровна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 686
0
8 дауыс
Оқи отырыңыз
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы
Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы
Интернет 1960 жылдары АҚШ - та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір - бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ - ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.