Негізгі > Информатика > Әртүрлі саладағы модельдер

Әртүрлі саладағы модельдер


17-04-2017, 23:14. Орналастырған: Koktem
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі саладағы модельдер
Сабақтың мақсаттары: модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, проектор, үлестірмелі тапсырмалар, презентация, видео, электронды тест.

Ұйымдастыру
2 мин Сабаққа назарларын аудару, түгендеу, оқушыларға бағалау парағының жүргізілетінін ескерту. Тақырыппен таныстыру, мақсатын айту (Винер сөзін оқу керек)
Топқа бөлу (Эйфиль мұнарасы мен Васка да Гама көпірі) суреттерді қиып, сәйкестендіру, топ басшысын анықтау 1 мин
Қосымша №1

Білу 3 мин
Өткен материалға шолу
Тест жұмысын орындау (қосымша №1)

Түсіну 2 мин
Берілген модельдердің түрлерін анықтау (қосымша №2) Партаның үстінен әр оқушы бір модельден алып, модельдің түрін анықтап, сипаттайды. (ақпараттық және материалдық модельдер. Оның ішінде модель емес заттар да бар.)

Қолдану 10 мин
Бүгінгі біздің тақырыбымызды ашу үшін келесі модельдерге назар аударайық. Ғылымның қай саласында төмендегі модельдер қолданылады деп ойлайсыңдар? (Берілген модельдерді әр салаларға орналастырыңдар. Постер жапсыру, қорғау) Тапсырма: Кез келген модельді зерттеу.
Қосымша №4

Талдау
Алған білімдерін практикада қолдану:
- компьютерлік емес Оқушыларға А4 беті ұсынылады. Қағаздан кез - келген заттың моделін құру керек.
- берілген элементтерден модель құру.
- компьютерлік. Өзіміз жасаған модельді компьютерлік бағдарламалар арқылы жасайық. Қандай бағдарламаларды білеміз?
Қосымша №5

Жинақтау 5 мин
Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру. Әр топқа екі сұрақтан.
Дәптермен жұмыс: Қолданылу аймағына қарай модельдеу келесі түрлерге жіктеледі.
1. Оқу
2. Тәжірибелік
3. Ғылыми – техникалық
4. Ойын
(ЭКСПО 2017 көрмесінің логотипін жасырып, модельдердің қолданылу аймағына қарай түрлерін жазу. «мотоцикл, планеталардың орналасуы, футбол ойыны, математикалық формула»)

Бағалау 5 мин
Модель біздің өмірімізге қажет пе? Бүгінгі топқа бөлу мен ЭКСПО - ның қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?
(Мұнара мен көпір туралы ақпарат беру)

Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Қосшы ауылы, №2 Қосшы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Кунафина Меруерт Нуржановна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту