Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Тұйық етістік

11 наурыз 2016, Жұма
Тұйық етістік (9 сынып о/б)
Мақсаты: Етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету
Білімділік: Тұйық етістік туралы кең көлемде мағлұмат беріп, кейбір ерекшеліктерін түсіндіру;
Тәрбиелік: Әр түрлі халықтардың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың бойына құрмет, туған жерге деген құрмет, ізеттілік қасиеттерін дарыту;
Сауатты, көркем жазуға баулу, тілге деген құрметін арттыру;
Дамытушылық: Әр түрлі әдістер мен тапсырмалар арқылы оқушылардың тілдік білімін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Білімдерін, сөз байлығын жан - жақтылы кеңейту арқылы, сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
Күтілетін нәтиже:
а) Етістіктердің түрлерін ажырата білу;
ә) Тұйық етістік – у жұрнағы арқылы жасалатынын түсіну;
б) Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір - бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым - қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, ұлттық құндылықты сақтауға, қадірлеуді, ұлттардың достығы мен тұтастығын құрметтеу сезімі артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, қазақ әдебиеті, музыка, өзін - өзі тану.
Қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау әдістері
Керекті жабдықтар: Оқулық, интербелсенді тақта, стикер, маркер, асық, кеспе қағаздары, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:
Кіріспе («Адай» күйі орындалып тұрады) Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі: 2015жылы Қазақстанда аталып өтіп жатқан мерекелердің тарихымен таныстырып, білім көкжиегін толықтыру мақсатында Ұлы елдің ұлы мерекелері: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығы;
Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы туралы айтылып өтеді.

Топқа бөлу: Қазақстанда 140 ұлттың, 30 конфессияның өкілдері тұрады. Әр ұлттың өзіне тән тілі, салт - дәстүрлері, ұлттық ойындары, киімдері бар. Бүгінгі сабақ барысында бірнеше ұлттың ұлттық ойындарынан мағлұмат аламыз. Қазақ халқы – көшпелі мал баққан ел. Сол себептен болар, Малды кие тұтады. Тұрмыста, ойындарда малдың сүйегін пайдаланады. Мыс, шүмек жасайды, ұршыққа бас жасайды.
Асық ойындары – «Ханталапай», «Хан атпақ», «Хан жақсы ма?», «Ханды қара басты», «Хан мен уәзір», «Үйірмекіл», «Сасыр», «Атпақыл», «Қақпақыл», «Үштабан», «Омпы», «Алтыатар», «Шықетер», «Тисінқабат», «Табан», «Төрт асық», «Бес асық» т. б.
Сыныптың оқушыларын қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай» ойынын ойнау арқылы, алған асықтарының түсіне орай топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.

Негізгі бөлім
Мен бүгін сабаққа кешікпей келдім ------------------------ Сабаққа кешікпей кел +у керек.
Маржан жақсы билейді ----------------------------------------- Аружан биле+уді жақсы көреді
Ы. Алтынсарин балаларға арнап мектептер ашты.------ Ы. Алтынсарин балаларды оқ+уға шақырды.

Бұл сөйлемдердің айырмашылығы неде? Белгіленген сөздер нені білдіреді деп ойлайсыңдар?
Сұраққа жауап бере отырып, етістіктің ерекше түрі тұйық етістік туралы біледі
Туынды етістік - неопределенная форма глагола
Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі. Неопределенная форма глагола – начальная форма. (или инфинитивом). Она не показывает ни времени, ни числа, ни лица, ни рода.
Глаголы в неопределенной форме (в инфинитиве) отвечают на вопросы что делать? или что сделать?
Глаголы в неопределенной форме имеют окончания - ть, - ти или нулевое
(Орыс тілімен салыстыра отырып, тұйық етістік туралы жан - жақты біледі.)
Тұйық етістік етістіктің түбіріне – у жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
У

Негізгі етістік - қара+у - смотреть
Туынды етістік - ойна+у - играть
Болымсыз етістік - алма+у - не брать
Етіс - оқыт+у - обучать

Тұйық етістіктің түрленуі
Көптеледі (жүгірулер, жарысулар, тексерулер, оқулар)
Септеледі (жүгірудің (і. с.), жарысуға (б. с.), тексеруді (т. с.), оқуларда (ж. с.)
Тәуелденеді - жүгіруім (І ж), жарысуың (ІІ ж), тексеруіңіз (ІІ ж), оқулары (ІІІ ж).

ЖАҢА САБАҚТЫ БЕКІТУ - АСЫҚ ҚЫРЛАРЫ(«Кубизм»)
Бүк - көптеу, шік - септеу, тәйке - тәуелдеу, алшы - сөз тіркестерін жасау
Бүк қырына - жазу, табу, жету, кету, тазалау, оқу, тыңдау, шақыру, еңбек ету, дос болу тіркестерін көптеу
Шік қырына – тойлау, көру тұйық етістіктерін септеу
Тәйке қырына - қосу, үйрету тұйық етістіктерін тәуелдеу
Берілген тапсырманы орындай отырып, тұйық етістіктердің түрленуіне көз жеткіземіз.
Тұйық етістіктің емлесі (қосымша материал, кесте)

ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС - Оқулықтың 181 бетіндегі тапсырманы орындау
1. Өлең бойынша мәтінді көшіріп жазып, тұйық етістіктерді толықтырып жазып және олардың байланысып тұрған сөздерімен оқиды
Көр..., қина..., сыйла..., өте..., бол..., көрсет..., қыл...
2. Байланысып тұрған сөзімен оқы
Гүлге қону, бал жинау, бейнетін көру,...
(«Корабейники» әні орындалып тұрады) Орыс халқының ұлттық ойындары туралы Әр түрлі халықтардың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың бойына құрмет, туған жерге деген құрмет, ізеттілік қасиеттерін дарыту;

Ледяной столб ставили в середине праздненства. Его обливали холодной водой, а на самом верху вешали подарки. Задачей было залезть на столб и добыть себе подарок. Это было не легко, так как по скользкому столбу многие просто скатывались вниз.

ТОПТАРҒА ТАПСЫРМА: Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
І топ: Қазақтың ырымдары мен тыйымдарының мән - мағынасын түсіндіру (Ұлттық құндылық арқылы оқушылардың сана сезімін ояту, адамгершілік, ізет, т. б. қасиеттерге тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі).
Бетіңді баспа - қайғылы адам бетін басады ------------------------------------------ Бетті басуға болмайды
Тұзды баспа - астың иманы, төресі деп киелі санады.
Балаға ми жегізбейді - мидай былжыр, ынжық болады.
Қойды аттама - ол киелі мал.
Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба.
Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде үйге қарай жүгірген.
Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.

етістіктерді тұйық етістіктерге айналдыру (Берілген мәтінді оқып, мағынасына қарай етістіктерді тұйық етістіктерге айналдырады,
Абайдың қара сөзіндегі адамның не нәрседен қашу керектігіне көз жеткізеді.
Берілген сөздердің жағымды жағына тұйық етістікке айналдырып жазу керек)

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - залымдық деп білесің.
Надандық - білім, ғылымның жоқтығы. Дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.

3 - топ: Берілген тұйық етістікпен неғұрлым көп сөз тіркеcтерін жасайды сөз тіркеcтерінің құрамын көбейту арқылы сөздік қоры молаяды. Оқушының қиялдау дағдылары жетілдіріледі.
Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.
Келу
Сабаққа келу
Сабаққа кешікпей келу
Сабаққа кешікпей дайындалып келу
Мектепке барлық сабақтан дайындалып келу
Сабаққа жан жақты дайындалып келу керек
Әр сабақтан жақсы баға алу үшін дайындалып келу

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ - Оқулықтың 181 бетіндегі тапсырма
Тұйық етістіктерді тауып, олардың қалай жасалып тұрғанын ажыратыңдар: Отанды сүю иманнан.
БАҒАЛАУ Біз өзіміздің бастаған «Ханталапай» ойынында ойыншылар алтын сақаға таласады. Бізде алтын сақа кімге бұйырады екен?
«Алтын сақа кімге бұйырады?» деген мақсатпен бүгінгі сабақта сен кімді, қалай бағалар едің? Аты аталған оқушылардың тұсына белгі қойылады. Қойылған белгілер мен оқушы жауаптары сараланып бағалары қойылады.
Қай оқушы көптің көңілінен шығады, сол оқушының бағасы жақсы болады.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ - Төле бидің батасы (бейне таспадан тыңдалып, сабақ қорытындыланады).

Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қосбармахова Руза Ақсырғақызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 311
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Сөз таптары
Сөз таптары
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Антонимдер
Антонимдер
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. (дәптерлеріне антонимдерді теріп жазады) •
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.