Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Көктемде. Етістікті қайталау

19 наурыз 2016, Сенбі
Қазақ тілі 6 - класс
Сабақтың тақырыбы: Көктемде. Етістікті қайталау.
Сабақтың мақсаты: балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін аша түсу, көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, әсемдікке баулу. Етістікті қайталау.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: тілдік қарым - қатынасқа сәйкес негізделген лексика - грамматикалық минимумдар арқылы аталған тақырып төңірегінде қазақша өз ойын дұрыс, түсінікті жеткізу, сауатты жазу.
2. Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, аялап сүйе білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: тілдік лексикасын байыту, дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін, ой - өрісін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Әртүрлі амал - тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу пәнге қызығушылығын арттыру.
Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, ассоциация құру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, сөйлесім, тыңдалым, оқылым, жазылым.
Түрі: білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру сабағы.
Пәнаралық байланыс: әдеп, дүниетану.
Көрнекілік: презентация, кесте, сюжетті суреттер, кеспелер, бейнесюжет, оқулық.
Ұйымдастыру формасы: жұппен, топпен, жеке жұмыс.
Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. 1. Амандасу. Түгендеу.
1. 2. Тіл дамыту кезеңі.
1. 3. Релаксация.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
2. 1. Сұрақ - жауап.
2. 2. Мәтін мазмұны.
2. 3. Ережелерді сұрау.

ІІІ. Жаңа толқында.
3. 1. Ой қозғау.
3. 2. Сөзжұмбақ «Көктемде».
3. 3. Мәтінмен жұмыс.

ІҮ. Бекіту.
4. 1. Ойланайық, орындайық! Өздік жұмыс.
4. 2. «Балдырған қоржыны» ойыны.
4. 3. «Әріпті табыңдар» ойыны.
4. 4. Шығармашылық жұмыс.
4. 5. «Иә», «Жоқ» стратегиясы.
4. 6. Ойын «Ағаштың үш жапырағы».
4. 7. Ой шақыру.

Ү. Сабақты қорытындылау.
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Түгендеу.
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
- Оқу құралдарын тексеру (оқулық, дәптер, қалам, сөздік дәптер).

Тіл дамыту кезеңі.
Сабаққа назарын аудару.
- Қазір қай сабақ?
- Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?
- Аптаның қай күні?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Көктемнің қай айы?
- Бүгін нешесі?
- Бүгін ауа райы қандай?

Релаксация.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
«5» - ке қолды жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мәтін мазмұнын сұрау.
Сұрақ - жауап өткізу.
1. Бір жылда неше мезгіл бар?
2. Әр жыл мезгілінде ауа райы не істейді?
3. Қыс айлары.
4. Жаз айларын ата.
5. Күз айлары.
6. Көктем мезгілінің айларын ата.
7. Көктемде қандай мерекелер бар?
8. Көктемде ауа райы қандай болады?

Ережелерді қайталау.
1) Етістік деген не?
2) Қандай сұраққа жауап береді?
3) Етістік түрлері.
4) Етістіктің қанша шағы бар?

ІІІ. Жаңа толқында. Сабақтың негізгі кезеңі.
Ой қозғау.
Қызығушылықты ояту.
Ассоциациялық карта.

Бұл қай кезде болады?
Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып жылиды,
Бұл қай кезде болады?

Мұғалім: - Дұрыс, көктемде.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
- Балалар, бүгін біз көктем туралы әңгімелесеміз, етістікті қайталаймыз.
- Балалар, көктем дегенде ойымызға қандай сөздер түседі?
Сурет салуға да болады, жазуға да болады.
Кластер жасалады. КӨКТЕМ
ТАБИҒАТ, АУА РАЙЫ, АЙЛАРЫ, КҮН, ТҮН, КӨКТЕМГІ ЕҢБЕК, АЛҒАШҚЫ ГҮЛ.

Сөзжұмбақ «Көктемде»

К – Ү Н
К Ө – К Ө Н І С
К – Ү З
Т – А У Ы Қ
К Ө К Е - К
М - А М Ы Р
Д – Е Н С А У Л Ы Қ
Т І Л Е - К

1. Көктемде не ұзарады?
2. Бақта не өседі?
3. Жаздан кейін қай жыл мезгілі?
4. Құс
5. Сәуір айы тағы қалай аталады?
6. Көктем мезгілінің соңғы айы.
7. Наурызда адам не тілейді?
8. Мейрамды адамдар қалай тойлайды? Не айтады?

Мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.
Мәнерлеп оқып беру.
Түсінік беру.
Тізбектеп оқыту.
Аударту.
Сөздік жұмысы.
Сөздердің мағыналарын түсіндіру.
Сөздерді буынға бөліп, түрлерін анықта.
Оқытып, сөз тіркес пен сөйлем құрастыру.

Жаңа сөздер:
Бәйшешек - подснежник
Қызғалдақ - тюльпан
Меруертгүл - ландыш
Қоңыраугүл - колокольчик
Гүлдейді - расцветут
Ерекшелік - особенность
Жаңару - обновление
Сұрақтар қойып, жауап беру.

Мәтін.
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан - жануарлар көбейеді.
Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде күн жылынады. Қар, мұз ериді. Күн ұзарады. Ағаштар бүршік атады. Құстар жылы жақтан ұшып келіп, ұя салады. Көктемде мал төлдейді. Егіс жұмысы басталады. Жас ағаштар отырғызылады. Көктемнің алғашқы гүлдері: бәйшешек, қызғалдақ, меруертгүл, қоңыраугүл.
Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы.
Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар.

INSERT - пен жұмыс істеу
Оқыңыз, аударыңыз, қарындашпен белгі қойыңыз.
( V) – білемін
(-) – білмеймін
( +)- жаңа нәрсе
(?) – түсініксіз, білгім келеді.

Тыңдалым. Айтылым.
Лексикалық минимум.
Жаңбыр, бұлт, жел, ауа райы, көктем, жылы, салқын, ашық, болды, бүршік, бәйшешек, қызғалдақ, меруертгүл, қоңыраугүл, мейрам, бүгін, ертең, кеше, жаңару, ерекше.

СЕРГІТУ СӘТІ

ІҮ. Бекіту.

 Ойланайық, орындайық!
Өздік жұмыс.
Оқулықпен жұмыс.
№5 тапсырма 103 - бет.
Берілген сөйлемдерді жазып, етістіктердің астын сызыңдар.
М.: Қыс келіп, күн суытты.

1. Қыс келді. Күн суытты.
2. Күз келді. Жапырақтар сарғайды.
3. Көктем келді. Гүлдер шықты.
4. Жаңбыр тоқтады. Кемпірқосақ шықты.
5. Аспан бұлттанды. Жаңбыр жауды.

 «Балдырған қоржыны» ойыны.
Қоржындағы көктемгі тамшылар сияқты жасалған кәртішкілердегі тапсырмаларды орындау.
Тапсырмалар:
1) І топ. Сөйлемдерді дұрыс құра.
1. Келді, көктем.
2. Ауа райы, жылынды, аптада, осы.
3. Көктем, кеш, келді, биыл.
4. Болды, жақсы, ауа райы.
5. Болады, күн жылы, көктемде.
6. Шығады, бәйшешек.
7. Ериді, қар, су, сайларға, толады.
8. Мұздары, бұзылады, өзен, көлдердің.

2) ІІ топ. Сөйлемдерді дұрыс құра.
1. Жылы, құстар, келеді, ұшып, жақтан.
2. Сең, өзенде, бастады, жүре.
3. Басталады, каникул, көктемде.
4. Балалар, отырғызды, ағаш.
5. Су, шелекпен, әкелді, олар.
6. Қар, ериді.
7. Ұйықтайтын, аңдар, қыста, жәндіктер, оянады.
8. Киеді, адамдар, жеңіл, киімдер.

 «Әріпті табыңдар» ойыны.
Сөздер үлкен кеспелерге жазылады.

К... КТЕМ, К.... К... Н... С, Қ... СТАР, Б... ЙШЕШЕК, ЕР... ДІ, Б... РШІК.
Табылған дыбыстарға сипаттама беріңдер.
М.: Ө - д/ты жіңішке езулік ашық д.
І - д/ты жіңішке қысаң езулік д.

 Шығармашылық жұмыс.
1) Суретпен жұмыс.
Сәйкестендіру. Кеспелер мен суреттер беріледі.
Тапсырмаларды орындай отырып, суреттерді жинақтау.

А. Сөз тіркестерін суреттермен сәйкестендіріңіз.
1 - в; 2 - б; 3 - а; 4 - ә.
Ә. Қиылған суретті жинақтау.
Сөйлемдерді аяқтап жазыңдар.

Мұғалім мектепте жұмыс істе....
Мен ертең дүкенге бара....
Ертең атам астанадан келе....
Сен бүгін дүкеннен кітап сатып ала....

2) «Кімнің ойы жүйрік?».
Төмендегі сөздерді қолданып, логикалық тұрғыда байланысқан әңгіме құрастыру.

І топ - Егде, әйел, екі бала, мектеп, дүкен, жығылып қалды, қамқоршы.
ІІ топ – Досым, жеміс - жидек, ауырып қалу, бару, сабақты түсіндіру, сүйіспеншілікпен
қарау.
 «Иә», «Жоқ» стратегиясы.
Тест («иә», «жоқ» деген сөздермен жауап беру, кілтін соңында беру).
1. Бүгін күн ашық па?
2. Бүгін күн бұлтты ма?
3. Кеше күн желді болды ма?
4. Көктемде күн жылы бола ма?
5. Наурыз көжені 6 түрлі азықтан жасайды.
6. Наурызда шырша қояды.
7. Көктемде мерекелер бар ма?
8. Қыста табиғат оянады.
9. Маусым көктем айы.
10. Етістік кім? не? деген сұрақтарға жауап береді.

Кілті: 1 - иә, 2 - жоқ, 3 - жоқ, 4 - иә, 5 - жоқ, 6 - жоқ, 7 - иә, 8 - жоқ, 9 - жоқ, 10 - жоқ

 Ойын «Ағаштың үш жапырағы».
Мұғалім: Ағашымыз етістік болады. Ағаштың үш жапырағы, етістіктің үш шақтары болады. Тақтаға үш оқушы шығады. Жіктік жалғауын қосып, сөздерді үш шақта жазады.

1 жапырақ ---------------- 2 жапырақ --------- 3 жапырақ
Нақ осы шақ -------------- Өткен шақ --------- Келер шақ
Не істеп жатыр? --------- Не істеді? ---------- Не істейді?
Кел ---------------------------- Оян ---------------- Шық
қара -------------------------- сұра ----------------- сөйле
ұш ----------------------------- отырғыз ----------- баста
ақты ---------------------------- ұзар ----------------- суар

 Ой қозғау.
Берілген кестені толтырыңыз. Өзара оқылып, тексеріледі.
Жыл мезгілі -------------- Айлары ------------- Ауа - райы ---------- Адамдар не істейді?
Ү. Сабақты қорытындылау.
Рефлексия әдісімен қорытындылау.
Көктем көңілді мезгіл. Көктемде көп мейрамдар бар. Мейрамда адамдар ән айтады, би билейді,
ойындар ойнайды, бір - бірін құттықтайды.

Тілдесім.
«Сауалнама - интервью» стратегиясы
Сұхбат алу(тілші келіп, сұхбат жүргізеді).

- Сізге көктем ұнай ма?
- Сізге қандай ауа райы ұнайды?
- Сіз жаңбырлы күні серуендегенді ұнатасыз ба?
- Көктемде күн қандай болады?
- Сізге сабақ ұнады ма? Ұнаса немен?
- Сіздер қандай тапсырмалар орындадыңдар?
- Сендер қалай ойлайсыңдар, араларыңда
кім жақсы жұмыс істеді?

Менің көңіл - күйім

ҮІ. Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 103 - бет №4, ережелерді оқу.

Ақтөбе қаласы №3 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Құлжанова Шарапат Мұхамбет - Рашидқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 487
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
Word бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Караулова Гулбарам Нурсултановна
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE - да керісінше. REPEAT - UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin - end операторлық жақшаны қолданбаса да
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.