Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер

22 наурыз 2016, Сейсенбі
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Мақсаттары: Еліктеу сөздің түрлерін түсіндіре отырып, еліктеуіш сөздер туралы тапсырмалар беру арқылы білімдерін кеңейту, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже: Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және тақырыптың идеясын аша отырып пәнге қызығушылығы артады
Модульдері: АКТ, СТО, ОЖЕ, ТжДОЖ, ОБжК, ОҮБжОБ, ДО
Бағалау: Өзін – өзі бағалау, Екі жұлдыз, бір ұсыныс, топтық, жиынтық
Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары
Әдіс тәсілдер: «Алгоритм» әдісі, Шығармашылық жұмыс, «Өкіл, таңдау, бәрі»,
«Өрмекші торы»
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушыларды түгендеу, 3 - топқа бөлу
Үйге берілген тапсырма: Негізгі және туынды еліктеу сөздер.
Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасы «Алгоритм» әдісі арқылы 5 - сұрақ көлемінде сұралады. Сұрақтар интерактивті тақтадан көрсетіліп, жазбаша түрде, топ бойынша сағат тілінің жүруімен бір қадам алға жылжу арқылы
жеке - жеке жауап беріледі. Әр сұраққа жауап жазған сайын әр бір оқушы аты - жөнін жазып отырады. Бес сұраққа жауап берген соң әр бір оқушы алдарына келген жауап парақшасына мұғалімнің дұрыс жауап үлгісімен салыстыра отырып бағалайды. Соңында бір қадам алға жылжу арқылы өз парақшалары алдарына келеді. Егер оқушы қойылған бағамен келіспейтін болса сабақ соңында түзетуге мүмкіндігі бар.
(әр сұраққа 1 мин. барлығы 5 минут бер. )
1. Еліктеу сөздер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? (2 - ге: негізгі және туынды)
2. Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары жасала ма? (Иә (зат е, сын е, етістік))
3. Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар? (ыл,- іл,- л,- ғыр,- гір)
4. Туынды етістік жасайтын жұрнақтар? (- ыра, - іре, - да, - де)
5. Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар? (ыр,- ақ, - ек, - іш, - ық)

Қызығушылықтарын ояту: Сөйлейтін сандар
54 - 81 - 21 - 45 - 35 - 49 - 48 - 63 - 40
і --- т — е --- к — л — ш — у — і -- е

3*7= ------ 5*9= ------- 6*8=
7*5= ------ 9*9= ------- 7*9=
6*9= ------ 8*5= ------- 7*7=

Шыққан сандарды өсу ретімен орналастыру арқылы жаңа
тақырыпқа байланысты сөзді табу.

ІІ. Кіріспе сабақ
Еліктеу сөздер мағынасына қарай еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.
Табиғат құбылыстары мен айналадағы заттардың қозғалысы, адам мен түрлі аң - құс дыбыстарына еліктеуден туындаған сөздер. Мыс: тарс - тұрс, гүрс, сыңғыр - сыңғыр.
Табиғаттағы заттардың қозғалысын, адам мен түрлі аң құс қозғалысын көру арқылы сипаттайтын сөздер. Мыс: маң - маң, елпең, арбаң - арбаң т. б
Табиғаттағы заттардың қозғалуы, бір – бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады.
Еліктеуіш сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Ондайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың амалын білдіреді.
Мысалы: Тырс - тырс етті, сарт етті, арс – арс етеді,
Еліктеуіш сөздерді өмірмен байланыстыра отырып, тәжірибе жүзінде көрсету
1) сағатты алып үнін естірту
2) Стакандағы суға оттықты жағып салу
3) Шарды жарып көрсету
4) Қоңыраудың үнін естірту
310 - жаттығуды ауызша орындау
311 - жаттығу жұмысын тақтаға орындату

Музыка әуенімен сергіту сәтін жасау оған қосымша бүгінгі сабақпен байланыстыра отырып жұмбақ жасыру
Жай ғана сарт етіп жабылады
• Іздегенің ішінен табылады (сандық)

• 2. Қорбаң – қорбаң еткен
• Өмірі орманда өткен (аю)

• 3. Сырт – сырт еткен дыбысы
• Ояту оның жұмысы (сағат)

• 4. Жалт – жұлт етеді
• Жерге сіңіп кетеді (қар)

• 5. Тоқ – тоқ етіп тамағын
Ағаштан іздеп табатын (тоқылдақ)

Шығармашылық жұмыс
«Еліктеу сөздер» тақырыбын қорғау
Эссе немесе өлең жазу
«Еліктеуіш» сөзін илюстрациялық бейнелеу

Әр топ бір - біріне екі жұлдыз, бір ұсыныс пікірлерін айтады.
Келесі топтық жұмыс: Өкіл, Таңдау, Бәрі
Шарты: Жалпы сыныпқа, ішінде еліктеу сөздер көптеп кездесетін бейнеролик көрсетіледі. (2 мин) Топ мүшелері шығып жасырын карточканы таңдап алады. Егер «өкіл» түссе топ арасына еліктеу сөздердің жасалу жолына байланысты бейнероликтен туынды сын есім, туынды етістік, туынды зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары кездесетін еліктеу сөздерді теріп жазып алу тапсырылады. Өкілдің жауап беру деңгейіне қарай басқа топ мүшелері де сол бағамен бағаланады. «Таңдау» тобына еліктеу сөздердің түрлену жолына байланысты бейнероликтен кез - келген еліктеу сөзді алып, түрлендіру тапсырмасы беріледі. Тапсырманы мұғалімнің өзі топ ішінен таңдап 1немесе 2 оқушыдан сұрайды. (септеу, тәуелдеу керек) «Бәрі» тобына тұлғасына, құрамына қарай бөліну жолына байланысты еліктеу сөздерді алу керек. (негізгі, туынды - дара, күрделі сөздерге мысалдар алу)

Жаңа сабақты қорытындылау
«Өрмекші торы» арқылы топ бойынша әр бір оқушы еліктеу сөз, еліктеуіш сөздер болсын бір сөйлем құрау тапсырылады.

Рефлексия Стикерлер таратылады.
1. Бүгін мен не үйрендім?
2. Сабақтан алған әсерім?
3. Бүгінгі көңіл - күйім?
Бағалау.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Сүттіқұдық ауылы №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Барлыбаева Жаудир Ауелбеккызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 500
3
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Тұйық етістік туралы кең көлемде мағлұмат беріп, кейбір ерекшеліктерін түсіндіру; Әр түрлі халықтардың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың бойына құрмет, туған жерге деген құрмет, ізеттілік қасиеттерін дарыту;
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE - да керісінше. REPEAT - UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin - end операторлық жақшаны қолданбаса да
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Антонимдер
Антонимдер
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. (дәптерлеріне антонимдерді теріп жазады) •
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Пікірлер (3)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Захарова Молдир Нуртазаевна
Захарова Молдир Нуртазаевна Қонақ 6 мам 2016 15:55
0
Өте керемет
Ниязова  Жанат
Ниязова Жанат Қонақ 6 мам 2016 16:01
0
Өте керемет
Айнагул
Айнагул Қонақ 8 мам 2016 13:24
0
Өте жаксы жаңа әдістерді тиімді пайдаланған