Бәйге бөлімі


Көл киесі-аққулар

Мақатаев «Көл киесі-аққулар»
Поэманы талдау сағаты /қазақ әдебиеті мен географияны кіріктірген сабақ/

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыптық - идеялық мазмұнын талдау. Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларды өзіндік ой қорытуға жетелеу.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
• Поэманың мазмұнын біледі, кейіпкерлерін таниды, идеясын ұғынады.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Поэмадан үзінді жатқа айта отырып, көркем тіліне талдау жасайды.
Кейбір оқушылар:
• Өзіндік ой қорыту арқылы кейіпкерлер әрекетіне баға береді.

Тілдік мақсат
Оқушылар:
• Өз ойын толық жеткізе алады;
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сөздік жұмысы: кәззап, тегеш, обал, бармақты қанату.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар(тыңдалым):
- Әке мен ана диалогынан не ұқтыңдар?
- Қарияның ақылы анаға әсер етті ме?
- Ананың қасіреті тағдырдың сынағы ма, әлде қолдан жасалған ба?
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? (айтылым)
Поэмадағы көлдің Жетім көл аталуын қалай түсінесің?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Поэмаға және Көлсай көліне сатылай кешенді талдау жасау.

Басталуы Үзіліс кезінде Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі ойнап тұрады. Оқушылар «Таңдау» әдісі бойынша «Ана», «Ақын» және «Табиғат» топтарына бөлінеді.
/2 минут/
«Ой шақыру»
География мұғалімі М. Мақатаевтің «Жапырақ жүрек жас қайың» өлеңінің бір шумағын оқиды.
- Оқушылар, бұл кімнің өлеңі?
- М. Мақатаевтың өлеңі.
- Иә, балалар, біз бүгін қазақ әдебиеті мен географияны байланыстыра отырып, талдау сабағын өткіземіз. Сонымен, бүгінгі сабақтан не алуымыз керек?
Оқушылар:
- Поэмадағы кейіпкерлер мінезін ұққымыз келеді, Жетімкөл туралы тереңірек білгіміз келеді.
Өзін - өзі және өзара бағалау үшін Блум шеңбері бойынша жасалған бағалау парақшасы таратылып, түсіндіріледі. /2 минут/
Әдебиет пәні мұғалімі:
Бүгін «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының талдау сағаты. Алдымен үй тапсырмасына шолу жасайық. Дайынбыз ба? Сіздерге өз ойларыңызбен бөлісуге
10 минут беремін.
1. Поэмадан үзінді жатқа оқу және өз сөзімен түсінік беру.
2. Шығармашылық тапсырма: Поэма мазмұны бойынша суреттер таныстырылымы.
3. Ізденіс тапсырмасы: «Жетім көл» туралы слайд.
Оқушы:
- Мен интернеттен алынған мәліметтерді слайдқа жинақтадым. Осы Көлсай көлі туралы географ маман ретінде сіз қандай ой қосар едіңіз?
Мұғалім:
- Таныстырылым маған қатты ұнады. Көлсай көлдері бұл күнде «Солтүстік Тянь - Шаньнің інжу - маржаны» деп аталады. Қазір ол жерде туризм дамып келе жатқан керемет мекен.

Ортасы Топтық тапсырма.
«Табиғат»: Көлсай көліне сатылай кешенді талдау.
1. Көлсай - тектоникалық көл.
2. Географиялық орны – Алматы облысы, Тянь - Шань тауының солтүстігі.
3. Көлемі - 161 045 га.
4. Тереңдігі - 80 метр.
5. Қоректенуі - қар суы және
мұздықтармен қоректенеді.
6. Тіршілік дүниесі: балықтар -
жайын, көксерке, сазан, майшабақ.
7. Экологиясы: шаруашылыққа көп пайдаланылмағандықтан, суы таза
8. Қорытынды. Қазақстандағы ең биікте орналасқан көл.

«Ана»: Поэмаға сатылай кешенді талдау.
«Ақын»:
Поэма бойынша сөздік жұмысы:
Обал
Кәззап
Тегеш

Мұғалім:
-«Ақын» тобына сұрағым бар. Сіздер, тегеш деген - ернеуі тік ыдыс екенін айттыңдар. Осы «ыдыс» сөзінің көл мен аққуға қандай қатысы бар?
Оқушы:
Ақын «Білмей отыр жаңағы тыныштықтың
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын» деп қолданған. Бұл жерде ақын таудың арасында орналасқан көл мен ыдыстағы айранды қатар қоя отырып суреттейді. Бұл - ақындық шеберлік.
Рефлексия «Оймаржан»
Оқушылар:
- Ақерке, мен Жетім көлдің Көлсай көлі екенін білмейтін едім, енді білетін болдым, рахмет!
/15 минут/

Аяқталуы «Екі жақты күнделік»
Мұғалім:
- Оқушылар, өлеңді түсіну өте қиын. Ендеше поэмадағы негізгі ойды «Екі жақты күнделікке» жинақтайық. Бірінші бағанға ақынның негізгі ойын, ал екінші бағанға өз көзқарастарыңызды жазасыздар. Сіздерге тапсырманы топ болып орындауға 10 минут беремін. Мұнан кейін біз сынып болып сіздердің пікірлеріңізді талдаймыз.

- Біз қазір топ болып жұмыс жасаймыз, ақынның негізгі ойын бөліп алып, оған өз көзқарасымызды білдіреміз.

Поэмадан үзінді --------------------------------------------------------Біздің ойымызша...
Ақ төсек - аппақ айдын, аққу - бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?!
Мына жатқан Жетім көл, мына аққуды
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...

Мұғалім:
- Рахмет, сендер ғажап ой айттыңдар. Ф. Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар халық - шын бақытты халық» деп баға берген. Ал мен сіздермен бірге болып, «Сіздердей ұрпағы бар Мұқағали нағыз бақытты ақын екен»,- деп ойладым.
Бағалау. 5 минут

Қорытынды. Оқушылар, бүгінгі сіздер алған жақсы бағаларды Мұқағали ақын рухына құрмет деп қабылдадым. Ақын да аққу сияқты киелі. Біз жаралы аққу болып егілдік, ақын болып күңірендік, ана болып езілдік. Бұл - шынайы сөз құдіреті. Өзін «Есіңе мені алғайсың» деп жылдың төрт мезгіліне аманат еткен ақынның өзі де, сөзі де бізбен мәңгі бірге. «Есіңе мені алғайсың» өлеңі ақынның өз даусымен тыңдалады.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кадырова Айнур Сапуановна
География пәнінің мұғалімі Кабиев Ерболат Максотович

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 138
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 3 мам 2016 12:14
керемет сабак екен. Өте қатты ұнады.
Пікірлер #2: 3 мам 2016 12:15
Өте керемет сабақ.
Пікірлер #3: 3 мам 2016 15:33
Сабақ өте ұнады
Пікірлер #4: 3 мам 2016 23:23
Айнур Сапуановна тамаша сабак! Шыгармашылык табыс!
Пікірлер #5: 4 мам 2016 22:53
Керемет сабак екен улгили
Пікірлер #6: 5 мам 2016 11:25
Сабағыңыз керемет!! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!
Пікірлер #7: 6 мам 2016 16:03
Айнұр сабақты аяғына дейін оқып шықтым,өте керемет жазылған...Талғамы биік,талабы көп қызметіңе шығармашылық асулар тілеймін!
Пікірлер #8: 11 мам 2016 15:08
Сабағыңыз керемет. Сәттілік тілеймін.
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Жаныңда жүр жақсы адам

    Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешіре білу, адалдық, риясыз қызмет ету, жанашырлық
  • Денсаулық – өмір негізі

    Құндылық: денсаулық, адам, өмір Қасиеттер: қамқорлық, қадірлеу Сабақ мақсаты: оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
  • Өмірің өз қолыңда

    Қасиеттері: адамгершілік, мейірімділік, кешірімділік, жауапкершілік, адалдық, әділдік. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қиянат жасамай өмір сүру адам өмірінің мәні екенін түсіну.
  • Жол ережесін білесің бе?

    Сабақтың мақсаты: Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға үйрету.
  • Ана-өмірдің гүлі

    Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем Жарығыңмен, шуағыңмен күн - Ана, Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
  • Ойыншықтар әлемі

    Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. ойыншықтардың атын атау арқылы сипаттауға баулу, ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
  • Штангалы насосты қондырғының жұмыс принципі мен құрылысы

    Қазақстанның мұнай, газ саласындағы бәсекелестікке бейім, сапалы білімге ие мамандарды дайындау. Сапалы білім инновациялық даму негізі, жаңа технологияларды қолдана отырып, студенттердің оқу - ...
  • Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер

    Оқушыларды заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
  • Денсаулық - зор байлық

    Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық кенін түсіндіру. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш – қуатын молайту.
  • Скважина туралы түсінік

    Студенттерге скважинаның мұнай өнеркәсібінде алатын рөлін түсіндіру. Скважинаның конструкциясымен таныстыру, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беру.

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 9
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 9
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика