Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сөздік қорды байытқан менің отбасым

29 наурыз 2016, Сейсенбі
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөздік қорды байытқан менің отбасым.
Сабақтың мақсаты: білімділік – модуль бойынша алған білімдерін саралау. Әңгімелей білу дағдыларын байқау; дамытушылық – модуль бойынша білімдерінің олқылықтарын байқап, қайталау, пысықтау жұмыстарын жасау;
тәрбиелік – оқушыларды ұйымшылдыққа баулып, отбасында сыйластық, қамқорлық қасиеттерін қалыптастыруға жетелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.
Сабақтың әдісі мен тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ - жауап, жаттығулар орындату.
Сабақтың көрнекілігі: орамал, ребус, қабырға газеті, отбасына қатысты фотосуреттер, алма ағашы, қазақы үлгідегі сандықша, үлестірмелі кеспе - карточкалар,
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, музыка пәні.
Жұмыс формасы: жеке.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу.
2. Кезекші арқылы сыныпты түгендеу.
3. Сыныптың тазалығын қадағалау.
4. Оқушылар мен кезекші сұхбаты (оқушылар сұрағына кезекші жауап қайтарады).
4. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

«Тілек айту» мұғалім сөзі:
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім! – деп кемеңгер ақын жырлағандай, бүгінгі сабағымыз тіл апталығына арналады.

Психологиялық ахуал. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру.
- Біз күнде аспанға қарағанда не көреміз? Күннің көзі бізге не береді? Күннің көзі бізді қалай жылытады? Олай болса, жүректерімізді ұстап, жылуын сезінейікші. Жүрек жылуын бір - бірімізге берейік. Оқушылар орамалды қолдарына ұстап, бір - біріне жылы сөздер айтады: «сен ақылдысың», «сен мәдениеттісің», «сұлусың», «озат оқушысың».
Балалар орындарына жайғасады.

1.«Ойлан, тап!». Мына сандардың ең бірінші әрібін атап, ребусты қоса шешсек сабақтың тақырыбы шығады. Жаңылмау үшін дәптерімізге түсіріп отырайық.
10 - 9 - 5 - 6 - 8 -,,,, ы, (қасқыр суреті). Отбасы.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. «Шығармашылық жұмыс».
- Балалар, тақтаға назар аударайық. Мына қабырға газетімізде алдыңғы сабақта бірлесіп жасаған шығармашылық жұмысымыз тұр. (Күн бұрын оқушылармен «Отбасы» тақырыбында жұмыс жасаған едік. Бір оқушы бояса, екінші оқушы қағазды қиды, үшінші бала жапсырды). Отбасы – әр адамның шағын Отаны. Отбасы – келешек ұрпақ. Онда сүйіспеншілік, татулық, сенім қалыптасады. «Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен сәттілік бар» дейді. Ендеше қазір өз отбасы жайлы кім айтам дейді? Тақтада ілулі тұрған қабырға газеті бойынша сөйлету.(сыныптағы оқушылардың отбасымен түскен фотосуреттері).

2 – 3 оқушы өз отбасының суретіне қарап, әңгімелейді.
Өткен сабақта қандай грамматикалық тақырыптарды өттік? (дыбыстар, буын түрлері, зат есім, үндестік заңы).
- Ендеше, сендердің білімдеріңді тексеру үшін ойын ойнаймыз.

3. «Даналық ағашы». Оқушылар даналық ағашынан алмаларды алып, сұрақтарға жауап береді де, себетке салады.(сабақ аяқталғаннан соң, мұғалім алмаларды балаларға үлестіріп береді).
1 - алма. Менің отбасымда... адам бар. Олар:...,...,... және мен.
2 - алма. Сөздерді аудар. Отбасы мүшелері, родители, семья, әже, әкеңді сыйла.
3 - алма. Қазақ тілінде неше буын түрі бар?
4 - алма. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
5 - алма. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
6 - алма. Қай мектепте оқисың?
7 - алма. Мен... пәнін ұнатамын.
8 - алма. Дауысты дыбыстар тілдің қатынасына қарай қалай бөлінеді?
9 - алма. Үндестік заңы дегеніміз не?

4. Карточкамен жұмыс.
1. Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Сөйлемді аудар.
Я живу в Республике Казахстан.
3. «Ана» сөзін тәуелде.
4. «Отан» сөзін септе.
5. Жаңылтпашты тез айт. Шеше, неше кесе сынды кеше?
6. Мына сөйлемнен септік жалғауы жалғанып тұрған сөздерді тауып, қай септік екенін ата: Мен – қазақпын, жаныммен, жүрегіммен.
7. Қазақстанның астаналарын ата.

5. «Адасқан әріптер».
Імлғаұм, садқныра, тоысба, ілісң.

6. Сиқырлы сандық.
- Балалар, сандықшада мақал - мәтелдердің жартысы бар, сендер екінші жартысын толықтырып айтыңдар.
1. Өнер алды -....... (қызыл тіл).
2. Отан....... (отбасынан басталады).
3. Отансыз адам....... (ормансыз бұлбұл).
4. Мектеп -... (кеме),
Білім -.... (теңіз).
5. Ата –... (бәйтерек), Бала -... (жапырақ).

2 оқушы тақтадағы қабырға газетіне қарап, отбасы, шаңырақ деген ұғымдарды қалай түсінетіндерін және шаңырақ жарастығы жайлы өз ойларын айтады.

7. Сабағымызды әнмен аяқтайық. (3 тілде орындайды)
Күн әдемі, көк әлемі,

8. Қорытындылау. Сонымен, балалар, отбасында қандай қасиеттер қалыптасуы керек? – Қазақ отбасында төрде кім отырады? Бала тәрбиесіндегі ата - әжеміздің рөлі қандай? – Нұрдаулет, сенің отбасыңда қалыптасқан қандай дәстүр бар?

9. Үйге тапсырма. Отбасы шағын мемлекет тақырыбына эссе жазу.
10. Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

Солтүстік Қазақстан облысы,
Айыртау ауданы, Аксёновка орта мектебінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Игбергенова Жібек Сұлтанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 473
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Арыстан мен тышқан. С. Торайғыров
Арыстан мен тышқан. С. Торайғыров
Арыстан (лат. Panthera leo) — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жыртқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік - батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі.
Скрипка аспабы қалай пайда болды?
Скрипка аспабы қалай пайда болды?
Ертеде бір музыкант өмір сүріпті. Ол кішкентай кезінен аспаптарда ойнайтын болған. Далада мал бағып жүріп, өзіне түрлі табиғи заттардан сыбызғы жасап алып ойнағанда, жайылып жүрген мал да құлақтарын түріп тыңдай қалады екен.
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Оқушыларды сөздерді буынға бөлу арқылы тасымалдауға үйрету. Тасымал жолдарымен таныстыру.
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.