Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

«Абай жолы» роман - эпопеясындағы Құнанбай бейнесі

09 сәуір 2016, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» роман - эпопеясындағы Құнанбай бейнесі
Сабақтың мақсаты: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман - эпопеясындағы күрделі бейне – Құнанбай бейнесі мен оның тарихтағы тұлғасы жөніндегі нақты деректі салыстыра талдай отырып, Құнанбай бейнесін жан - жақты ашып көрсету.
Оқушының өз пікірін ашық айтуға, өз қарасын білім жағынан да, білік жағынан да дәлелдеп, тыңдаушысын нандыра алатындай шешен сөйлеуге баулу және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды адамгершілікке, әділдікке, мейірімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дебат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезов «Абай жолы» роман - эпопеясы, М. Әуезов «Абай Құнанбаев» монографиясы, Д. Досжанов «Абай айнасы», «Абай» журналдары т. с. с. басылымдар және АКТ
Пән аралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Қызығушылығын ояту: «Құнанбай» кино - фильмінен үзінді көрсету

«Ой шақыру» стратегиясы:
1. Бұл үзінді қай фильмнен алынған?
2. Фильм кімнің, қай шығарманың желісі бойынша түсірілген?
3. Құнанбай кім? Ол туралы не білесіңдер?

Данышпан М. Әуезовтің қаламынан шыққан «Абай жолы» роман - эпопеясы кезінде өзіне лайықты бағасын алған әлемге қазақ халқын танытқан ғажайып туынды. Романдағы басты екі тұлға – Құнанбай мен Абай. Ұлы жазушының өзі «Құнанбайдың кім екенін білмесек Абайдың кім болғанын білу қиын» деп, Құнанбай туралы білгендерін еркін бүкпесіз жеткізе алмады. Бүгінгі сабағымызда Құнанбай туралы білгендерімізді ортаға салып, ой - пікірлерімізді бөліссек.
Құнанбай дүниеге келіп, өсіп, ер жетіп, тарих сахнасына шыққан тұсында патшалық ресейде кең байтақ қазақ жеріне бойлай еніп, өзінің отарлау саясатын жүзеге асыра бастаған еді.
Ол 1804 жылы туып, 1885 жылы дүниеден өтті. Әкеесі Өскенбай Ырғызбаев тобықты елін билеген сыйлы да, беделді адам болған. Өскенбайдан қалған бұл билік әулеттің қолында 150 жылдай тұрды. Өскенбайдың баласы Құнанбай ат жалын тартып мінісімен ата жолын қуып, шағын ауылды басқаратын старшина, тобықты елін басқаратын болыстықтан бастап, аға сұлтандыққа дейін дәрежеге көтеріліп, өткен даланың беделді де білікті әкімдерінің бірі болған.

Тобықты

Ырғызбай→ Құнанбай
Борсақ → Бөкенші→ Сүйіндік
Жігітек → Бөжей
Көкше→ Қаратай
Көтібақ → Байсал

Осылардың ішінде тобықтыны билеп төстейтін ел – Ырғызбай ауылы, яғни Құнанбай. Негізгі талас - тартыс осы рулардың арасындағы ішкі рулық тартыс
Себебі

Жер дауы
Жесір дауы
Барымта, ұрлық

Осы дауды шешудегі басты тұлға – Құнанбай. Рулық талас - тартыс үстінде біз Құнанбайдың кім екенін білеміз.
Құнанбай

ел ағасы
ділмар шешен
сұңғыла ойшыл
үстем тап өкілі
әккі саясаткер
нағыз мұсылман

Құнанбай бойындағы осы қасиеттерді кеңінен ашып, жан - жақты талдау үшін класты екі топқа бөлемін.
1 - топ «Дарын» - даттаушы топ
2 - топ «Жігер» - жақтаушы топ

Дарын тобының қарары: Құнанбай – кері кеткен кер заманының жан кешті жақтаушысы.
Айғақ: Құнанбай – үстем тап өкілі Қазбекова Ботагөз
Құнанбай – айлакер Маратов Нұрбек
Құнанбай – қатегез жан Бөкенова Нұргүл
Құнанбай – азулы, жыртқыш (Ерғалиева Динара)

Құнанбай - азулы, қатыгез, алыс - жұлысқа, арпалысқа бейім, шоқпар мен сойылды ту етіп, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр қырыс кісі. Жыртқыштығы сондай арыстанның айбаты да, жолбарыстың қайраты да бір өзінде. Бүргені құтылмайды, құтылса тырнағы сонымен бірге кетеді, айналасындағы адамдарды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын қулығы мен сұмдығына найза бойлатпайтын нағыз азулы жыртқыш. Нақтырақ дәлелдейтін болсам «Абай жолы» эпопеясының 216 - бетінде былай деп жазылған: «Майбасар мен Құдайбердіні Жігітек сабапты. Құлыншақ алуан зорлықпен көшіріп әкетіпті деген хабар бұл елдерге лезде тарады. Құнанбайдың тығыз юерген бұйрығы бойынша бір шайқайнатым арасында 150 - дей жігіт атқа қонды. Қолбасы Ізқұтты мен Құнанбайдың өзі еді.
Жігітектің көші - қонынан хабар алып отырған Құнанбай дәл түс кезінде мынау әзір тұрған қолға бұйрық етті. Тегіс атқа қондырып:
Шапқан жақсы болса, тартып алған жол болса көзі көрсін! Шап! Шауып, тиіп алып келіңдер анау кетіп бара жатқан Жігітек көшін! – деді. Қалың қолын Мұсақұл жаққа қиыс өтіп бара жатқан бір үлкен көшке қарай қаптатып жіберді. Бұл көш қаралы Бөжей көші болатын. Жасанып шапқан қол көштегі еркектерді сойылдап, бықпырт тигендей қашырып, тоздырды да сиыр, жылқы атаулыны айдай жөнелді.
Бөжейдің бәйбішесі ғана атының басын іркіп, түйелерін тоқтатып тұрып:
- Уай қарабет! Көріңде өкір шетіңнен, қаралы көшке шапқан қарабет!- деді. Бөжей көші іркіліп қалды. Бұл Мұсақұл соғысы деп аталған. Бөжейдің қаралы көшін қиратқаннан кейін жұрттың есінен кетпейтін бұл соғыс 3 күнге созылған екен. Яғни осы жерде Құнанбайдың Бөжейдің қаралы көшін қиратып, өлі аруақты қорлауы дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Жігер – жақтаушы топтың қарары: Құнанбай - өз заманының биік тұлғасы.
Айғақ: Құнанбай – ел ағасы Нәбиева Көркем
Құнанбай - ділмар шешен Ақботаев Қапиятбек
Құнанбай - әккі саясаткер Қуанова Нұрқаным
Құнанбай - нағыз мұсылман (Сағындықов Айсұлтан)
Құнанбайдың кесек мінездерінің бір қыры оның діншілдігі Дүкенбай Досжанның «Абай айнасы» атты ғұмырнамалық эссесінде орта жүздің ақылды адамы Құнанбайдың қасиетті жерге қалай барып, қалай қонақ үй салғызғандығы жөнінде былай депті.
Құнанбай қасына аса жігерлі өжет мінезді Ізғұттыны ілестіріп 1870 жылы Меккеге сапар шегеді. Жолда ат тұяғын күйдірген шөлден құс қанатын талдырған таудан өтеді. Көп қиындықпен Меккеге жетеді. Өзге елден келген мұсылмандардың жататын үйі болады екен. Үйсіз - күйсіз босып жүрген қырғыздар мен қазақтар. Осыны көрген Құнанбай: «Дүниеде малды несіне жинап жүрміз өлсек ертең бәрі қалады. Реті келсе кәдеге жаратқанға не жетсін. Біздің соңымыздан талай жұрт қажылыққа келер. Олар біздің кебімізді кимесін. Сондықтан қазақтарға арнап үй салдырайық. Мен осында қалып іс қылуға бекініп отырмын,»- деді.
Құнанбай - параға сатылмайтын әділ би, ділмар шешен, әккі саясаткер, сыншыл әке, нағыз мұсылман.

Құнанбай - сұңғыла ойшыл (Шайнуллина Қымбат)
Құнанбай - шешен тілді, өзі де суырып салып өлең шығаратын ақын адам болған. Ел арасында Құнанбайдың шешендік сөздері, ойлы өлеңдері мол - ақ. Солардың қолға түскендерімен таныстыра кетсем.
Бір беделді аға сұлтан Құнанбайды сынағысы келіп:
- Дүниедегі алыс не, жақын не?- деп сұрапты.
Сонда біртуар білгір Құнанбай: - Кешегі күннен алыс жоқ, ертеңгі күннен жақын жоқ,- депті. Тағы мынадай афоризмі еске түседі:
«Кешірім сұраса - үлкен күнә да кешіріледі, қайталана берсе кішкентай күнә да үлкенге айналады.
Осы айтылған деректерге сүйене отырып, Құнанбайдың алып ойдың иесі, қара қылды қақ жарған би,- деген қорытынды жасай аламын.
Екі топтың оқушылары да өз пікірлерін, өз ұстанымдарын дәлелдеу үшін нақты айғақтармен дәлелдей отырып сөйлейді. Келтірген мысалдар мен дәйектемелер оқушының өз танымынан ізденісінен туындап отырғандықтан қарысы жақтан да сұрақтар қойылады. Оқушы өз көзқарасының дұрыстығын білдіру үшін тыңдаушысын сендіріп ойын нақты жеткізуге талпынады.

Қорытынды:
- Сонымен оқушылар дала философтарының күштілерінің бірі шығыс әлемінің ірі тұлғаларының ішіндегі бірегейі, қазақ әдеби тілінің негізін қалаған ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды кім деп білеміз.
Академик З. Қабдоловтың мына пікіріне қосылмасқа тіпті де болмайды «Адамды биік қияға, адамгершілікке, абзал қасиетке, асыл идеалға баулитын Абай ғана емес, немесе Абай бастаған сан типті кенйіпкерлер ғана емес. Бұларға қарамаа - қарсы типтер, олардың ең оқшау өкілі Құнанбай десе, сол Құнанбайдың өзі қандай зор тәрбиелік рөл атқарып отыр? Эпопеядағы Құнанбай феодализмнің шынжыр балақ жуаны, өшер таптың аш бөрісі, көкжал жыртқышы ғана ма? Қорқауы ма?
Жоқ, ол біздің мықты тәрбиешіміз!»

Құнанбай - өте күрделі бейне. Ол - өз заманының мықты тұлғасы. Атадан ұл туса сондай тусын дерлік, ақылы да, қайраты да озық, шым болаттай берік, қайтпас қажырлы, көңілі жүйрік көреген, тілі орамды шешен, айла - амалы, қулық - сұмдығы мол алдырмас майталман. Осы қасиеттердің барлығын Құнанбай өз бойына жинақтай келе ру бірлігін сақтай білді.
Ру бірлігі - елді басқарудың алғашқы ұстанымы.

Үйге тапсырма: Шығарма «Құнанбай, өз заманының биік тұлғасы»
Бағалау: Екі топ бірін - бірі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши ауылы,
Қ. Жазықов атындағы орта мектептің
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі:
Балдыбекова Базаргүл Қыстаубаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 548
0
46 дауыс
Оқи отырыңыз
Астанаға ақ бата. Дихан Әбілов
Астанаға ақ бата. Дихан Әбілов
Халқымыздың асыл сөзі – бата туралы білетіндерін дамыту. Бата сөздерінің мағынасын, идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Бата сөздерді жинақтауға, асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға жаттығу.
Ахмет Байтұрсынұлы. Ақын ініме
Ахмет Байтұрсынұлы. Ақын ініме
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5 - ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов – арғын Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған: Байтұрсын,
Ансамбльде ойнауды қалыптастыру
Ансамбльде ойнауды қалыптастыру
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. Күй - қазақтың қасиетті қара домбырасынан шығатын сазды әуен. Күй өнері – арқылы қазақ халқы өзінің қуанышын да, қайғы - мұңын да жеткізе білген.
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.