Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сан есімнің емлесі

09 сәуір 2016, Сенбі
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Сан есімдердің емлесі туралы түсінік беру, оларды дұрыс қолдана білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу;
ә) Дамытушылық: Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау; сауатты жазуға төселдіру;
б) Тәрбиелік. Ел тарихын, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпауға, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу, Отанды шексіз сүюге, еңбексүйгіштікке, сан есімнің емлесін ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Блум таксономиясы, халықтық педагогиканы тану, жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: ДЖИГСО стратегиясы, сұрақ - жауап, ізденіс, баяндау, талдау, ойын, т. б.
Көрнекілігі: слайдтар, постер, маркерлер, суреттер, үлестірме қағаздар т. б.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, т. б

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: 1. Сыныптың сабаққа қатысуын тексеру
2. Оқушыларды 4 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылықты ояту. Слайдтағы суреттерді көрсету арқылы, бүгінгі сабағымыздың Тәуелсіздік күні мерекесімен байланысты болатындығын білдіру. Мереке - тойларда жасалатын қазақтың бір жоралғысы бар, ол - шашу. Тәуелсіздік мерекесіне шашылатын шашу сұрақтарын шашамын деп, әр топқа екіден кәмпит - сұрақтар таратамын.

Білу.
1. Сан есім дегеніміз не? Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Есептік сан есім дегеніміз не?
3. Реттік сан есім дегеніміз не?
4. Жинақтық сан есім дегеніміз не?
5. Болжалдық сан есім дегеніміз не?
6. Топтау сан есімі дегеніміз не?
7. Бөлшектік сан есім дегеніміз не?
8. Сын есім дегеніміз не? Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сан есімнің емлесі
1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: Жиырма жеті, екі мың он бес.
2. Цифрмен берілген сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады. Мысалы: Атам 60 - қа толды. Інімнің жасы 9 - дан 10 - ға қарады.
3. Реттік сан есімдер араб цифрымен таңбаланғанда – ыншы, - інші, - нші, - ншы жұрнақтарының орнына дефис қойылады. Мысал: 6 - сынып, 152 - жаттығу, 2 - топ
4. Ал рим цифрымен берілгенде дефис қойылмайды. Мысал: ІІ том, ХХ ғасыр, ІХ тарау
5. Жыл, ай, ғасыр, күннің ретін білдіретін сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис қойылмайды. Мысал: 1991 жыл, 16 желтоқсан,
6. Екі, алты, жеті есептік сан есімдеріне – ау, - еу жұрнақтары жалғанғанда, түбір соңындағы(ы, і) дыбыстары түсіп қалады. Мысал: Ек(і) еу, алт(ы) ау, жет(і) еу
7. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, олардан кейін келетін қосымшалар дефис арқылы жазылады. Мысал: 10 - даған, 20 - дай, 100 - деп, 40 - 45 - терде.

Түсіну.
Оқулықтағы кестелер бойынша оқушылар өз тобымен сабақты өз бетінше оқып түсінеді.
1 - топ. 1, 2 - бөлімдерін оқып дайындалады
2 - топ. 3, 4 - бөлімдерін оқып дайындалады
3 - топ. 5, 6 - бөлімдерін оқып дайындалады
4 - топ. 7 - бөлімді оқып дайындалады
Постер қорғау арқылы түсіндіреді.

Қолдану.
Қазақстан - кеше...
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.

- Балалар, берілген мысалдардағы сандарды сөйлетсек... Яғни, 1932, 1937, 1945, 1986 жылдар
Әр топ суреттегі жылдар туралы сан есімдерді қатыстырып өз ойларын айтады.

Оқулықпен жұмыс.
153 - жаттығу. Мәтіннен сан есімдерді табу.
1 - топ. Мәтіннен есептік сан есімдерді табады. (Бір, төрт - бес)
2 - топ. Мәтіннен жинақтық сан есімдерді табады.(Екеуі, төртеуге, алтауға, екеуге)
3 - топ. Мәтіннен бөлшектік сан есімдерді табады. (Айдың бір ширегінде)
4 - топ. Мәтіннен басқа сөзбен берілген сан мөлшерлі сөздерді табады (Жалғыз, біршама)

Қазақстан - бүгін...
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..

(Слайдтар көрсетіледі) Сандарды сөйлету - 17 миллион, 550, 100, 50.

Әр топ берілген сандар нені білдіретіндігі туралы өз ойларын айтып, мәтін құрайды.
1 - топ. Қазақстан халқының саны бүгінде 17 миллионнан асады. Бұл біздің халықтың өсіп келе жатқандығының белгісі.
2 - топ. Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды. Мереке жыл бойына Қазақстанның барлық жерлерінде аталып өтті. Біздер де осы тақырыпта шығармалар, өлеңдер жазып, суреттер салып өз үлесімізді қостық
3 - топ. Биыл Елбасының "100 нақты қадам" бағдарламасы қабылданды. Ол келешегімізге қазірден жасалатын еліміздің нақты қадамдары. Және елімізде 100 жаңа мектеп пен 100 аурухана салынды.
4 - топ. Қазақстан биыл дамыған 50 елдің қатарына қосылды, бұл біздің үлкен жетістігіміз. Біздер де сол талапқа сай білімді оқушылар болуымыз қажет.

Талдау. 154 - жаттығу
Сан есім емлесін еске түсіре отырып, қатесін түзетіп жазу. Үш бөліктен тұратын мәтіндердегі қате жазылған сан есімдерді түзетіп жазу үш топқа беріледі.
4 - топқа“Тәуелсіздігім” сөзін септеу.

Жинақтау.
Қазақстан - ертең...
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

"Қазақстанның ертеңі" тақырыбы бойынша берілген сандарды қатыстырып шағын ой толғау жазу. Сан есімнің емлесін сақтау. Шығармашылық жұмыс.
1 - топ. 2017 жылғы болатын ЭКСПО жайында ой толғау жазады
2 - топ. Келешекте Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына қосылуы жайында өз ойларын жазады.
3 - топ. 12 - жылдық білім алу туралы өз ойларын айтады
4 - топ. ҰБТ - дан 125 балл алу үшін оқушылар не істеу керектігі жайында өз ойларын жазады.

Сәйкесін табу. (слайд)
Берілген мөлшерлі сөздерді өз орнына сәйкестендіру.
Дұрысы:
1 асым ет
1 ұрттам су
1 жайым қамыр
1 ауыз сөз
1 шымшым тұз
1 үзім нан
1 елі қазы

Сабақты қорытындылау.
"Қайсысы дұрыс емес?" сұрақтарына жауап беру. Үш тұжырымның біреуі дұрыс емес, соны табу.

Бағалау.
- Сан есімдердің күнделікті өмірде алатын орны қандай?
- Сан есімдердің емлесін білу қажет пе?
Әр топ басшысы өз тобының бағалау парақшаларын көрсетеді.
(Соған сәйкес мұғалім де өз бағасын айтып, ортақ бағаны қояды.)

Үйге тапсырма: 156 – жаттығу. Сан есім түрлерін қатыстырып шағын шығарма жазу.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№11 мамандандырылған физика - математика мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ёлдашова Жамал

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 133
6
5 дауыс
Оқи отырыңыз
Сын есім
Сын есім
Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту. Оқушылардың ой - өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын. Шығармашылық қабілетін дамыту.
Есімшенің жасалу жолдары
Есімшенің жасалу жолдары
Есімше – етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін, ал кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп,
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Тұйық етістік туралы кең көлемде мағлұмат беріп, кейбір ерекшеліктерін түсіндіру; Әр түрлі халықтардың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың бойына құрмет, туған жерге деген құрмет, ізеттілік қасиеттерін дарыту;
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар,
Пікірлер (6)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Асем Ахметова
Асем Ахметова Қонақ 14 мам 2016 10:19
0
Сабақ құрылымы жүйелі жоспарланған, өту
Толганай
Толганай Қонақ 14 мам 2016 11:04
0
Сабақ өте ұнады.
Ақмаржан
Ақмаржан Қонақ 14 мам 2016 11:13
0
Сабақтың құрылымы жүйелі маған ұнады
Айнұр
Айнұр Қонақ 14 мам 2016 11:20
0
Сабақта өткен көрнекілік құралдар ұнады
Аягөз
Аягөз Қонақ 14 мам 2016 11:22
0
Сабақтың талдау барысы маған ұнады
Ақбала
Ақбала Қонақ 14 мам 2016 13:14
0
Сабақтың барысы жоғары деңгейде өткізілген
маған ұнады smile wink