Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Мақал - мәтелдер

13 сәуір 2016, Сәрсенбі
Мақал - мәтелдер
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың мақал – мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету; дамытушылық – оқушылардың тіл байлығын арттыру, өзіндік ойын дәлелдеуге тұжырымдама жасауға жетелеу;
тәрбиелік – ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;
Түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс - тәсілі: топтастыру, талдау, салыстыру, ой қорыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығы. Үй тапсырмасы бойынша бұлтшалардағы тапсырмаларға жауап беру.

Ауыз әдебиетінің түрлері

Тұрмыс - салт жырлары
Жұмбақтар
Ертегілер
Шешендік сөздер
Батырлар жыры
Мақал - мәтелдер
Ғашықтық жырлар
Ақындар айтысы
Аңыз әңгімелер

II. Жаңа сабақ.
Мақал – мәтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал – мәтелдер - өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.
«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал – мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды көркем әрі бейнелі болады. Мақал – мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды бере алады. Мақал – халықтың өмірде алған тәжірибесінің, ой - тұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі - өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.
Мақал – мәтелдер қосарлана айтылғанымен, олар бір – біріне туыс болғанмен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды туйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ, бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады.

Мақал

Ой тиянақты, дәлелді
Аяқталған сөйлем
Салыстыру
Екі бөлімді

Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды. Мәтелде тиянақты тұжырым болмайды.

Мәтел

Сөйлем, сөз тіркесі
Мағына тұспалды
Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ
Топшылау

ІІІ. Дәптермен жұмыс. Берілген сөздер мақал - мәтелдер құрау. Ана, дос, мектеп, ел, жеті, еңбек.
ІV. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой және сол сөзді үш тілде айтып бер.

1)... тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
2) Таяқ еттен өтеді,
... сүйектен өтеді.
3)... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі.
4)... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
5)... қылды қақ жарған.

V. «Жылдам жауап» ойыны. Сәйкестендіру тесті.
Еңбек түбі - Зейнет
Бейнет түбі - Береке
Ұрлық түбі - Қорлық
Сөз анасы - Құлақ
Су анасы – Бұлақ
VІ. СЛАЙД.
Мақал - мәтелдер ---------------------------------- Тақырыптары
1. Денсаулық - зор байлық ------------------------.....................
2...................................------------------------------- Өнер - білім
3. Досы көпті жау алмайды, ----------------------....................
4.....................................------------------------------ еңбек
5. Ата көрген оқ жонар, ------------------------------..................
6..................................... ----------------------------- Ынтымақ, бірлік
7. Ерді намыс өлтіреді,-------------------------------...................

VІІ. Дәптермен жұмыс. Қай жақ тез орындай алады?
Екі топқа екі – екіден төрт мақал – мәтел жазу тапсырылады.
1 – жаққа:
1) Әр сөзі е әріпінен басталған үш сөзден тұратын еңбек туралы бір мақал:
Е... е... е....(Еңбек етсең емерсің)
2) Екі немесе 3 сөзі А әрпінен басталатын сан есімі бар мақал айтыңыз. А... а... (Алтау ала болса ауыздағы кетеді.)
1) 3 сөзі т әріпінен басталатын сөзден құралған тіл туралы бір мақал. Т... т... (Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады)
2) Басқы 2 сөзі немесе 3 сөзі ж әріпінен басталатын адамның қасиеттері туралы бір мақал. Ж... ж... ж....(Жақсымен жанассаң жетерсің мұратқа...)
Қай жақ бұрын орындап шықса, сол жақ ұтыс алады.

VІІІ. Сөйлемдерді ретімен орналастыр.
1 - топ: 1. Құралады, теңге, тиыннан.(Тиыннан теңге құрылады.)
2. Тастаған, жолда, жолдасын, қалар.(Жолдасын тастаған жолда қалар)
2 - топ: 1. Басыңа, келер, досыңа, күлме.(Күлме досыңа келер басына)
2. қымбат, адал, дос, алтыннан(Адал дос алтыннан қымбат)

ІХ. Тренинг: Екі топ бірі - бірін қолдарынан ұстап жасырылған жұмбақтарды тауып, оқу керек келесі топ оны шешуі керек.
1. Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат - қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді (орамжапырақ)
2. Сирағы ұзын,
Тырнағы ұзын
Балықты сүзбей,
Ұстайтын шоқып
Тұмсығы біздей(тырна)

Х. Сен маған, мен саған. Әрбір топ кезектесіп, мақалдың басын айтады, келесі топ жалғастырады.

IV. Рефлексия
Бүгінгі сабақта не білдім? Нені үйрендім? нені білгім келеді? Бүгінгі сабақтан алған әсерім. Осы жайлы өз ойларынды стикерге жазыңдар.

V. Үйге тапсырма: сөзжұмбақ жасау.
VI. Бағалау.

БҚО, Бөкейордасы ауданы, Сайқын ауылы
М. Мәметова атындағы ЖББОМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Избасарова Камшат Джумахметовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 255
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Бидай мен Қаңбақ (мысал)
Бидай мен Қаңбақ (мысал)
Мысалдың мазмұны бойынша тақырыптық көрініс ұйымдастыру, соған байланысты проблемалық ой туғызу, мысал туралы ұғымдарын дамыту, ой – өрісі мен дүниетанымын кеңейту;
Киелі төр
Киелі төр
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы ҚМҚК «Айгерім» ясли бақшасының тәрбиешісі Құбышева Светлана Қайнеденовна
Сандар әлеміне саяхат
Сандар әлеміне саяхат
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Аққайың" ясли бақшасы тәрбиешісі Сарманова Гүлім Амантайқызы
Антонимдер
Антонимдер
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. (дәптерлеріне антонимдерді теріп жазады) •
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.