Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар

28 сәуір 2016, Бейсенбі
Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар
Сабақтың мақсаты: Сөздік қорларын арттырып, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау. Ұқсас тақырыптар бойынша мәтіндердегі нақты үзінділерді салыстырады, жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды. Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар, қос диаграмма, «Ақылдың алты қалпағы», «Қар кесегі» стратегиясы, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, салыстыру, бағалау, проблемалық. Пәнаралық байланыс: информатика, әдебиет

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық. Оқушылар бірі - біріне қарап, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. (Сынып түстер арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ топ басшысын тағайындайды.)

2. Алдыңғы оқу: Қызығушылықты ояту
Шетелдік өнім және Қазақстанда жасалған өнім (бесік туралы) бейнематериал көрсету. Бейнематериал көре отырып, алдарыңда жатқан сұрақтарға жауап ойлап отырыңдар. «Кофе таяқшалары» арқылы әр топ сұрақтарын таңдап алады.
1. Бұл өнімдер қай жерде жасалған деп ойлайсыз?
2. Мұның адам дамуына әсері бар ма?
3. Мұны ашу үшін көптеген жылдар кете ме?
4. Осындай өнертапқыш болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
Сабақ тақырыбы ашылады. Мақсат хабарланады.

3. Сабақтың басы.
1 тапсырма. «Ой шақыру»
- Осындай өнімдер Қазақстанда да өндіріледі ме?
- Ұялы телефон, өзі тербелетін бесік, робот такси ата – бабамызда болған ба?
- Қазақстанда аса дарынды өнертапқыштар бар ма? сияқты сұрақтарды топтар бір - біріне қояды.

Мұғалім: Біз бүгін осындай өнертапқыш адамдардың еңбектерінің жемісімен танысамыз.
4. Сабақтың ортасы.
2 - тапсырма. Екі ұқсас мәтінді оқу, сөздікке сүйене отырып түсіну. Мәтін бойынша әр топ екі сұрақтан даярлап отырады.

1 мәтін «Бала бағатын білезік»
Аса тиімді гаджеттердің бірі Sikker болуы әбден мүмкін. Бұл гаджеттің жұмыс істеу ерекшелігі сол – білезіктің бірі баланың, екіншісі – анасы мен әкесінің қолына тағылады. Bluetooth арқылы баланың хал – ахуалы жайлы мәлімет білезіктің бетіне шығу арқылы ата – аналарға беріледі. Соның арқасында олар балаларының жағдайын ұдайы бақылауда ұстап отыра алады. Қажет болған жағдайда көмек көрсете алады. Гаджеттің қызметі арқылы баланың жүрек соғысын да бақылап отыруға мүмкіндік бар екен. Ата – ана балаларының дауысын естіп қана қоймай, онымен сөйлесе алатын да көрінеді. Білезік базалық станция арқылы күні бойы қуаттандырылып отырады.

2 мәтін «Өзі тербелетін бесік»
Астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін бесік ойлап тапты. Баланың дауысына қарай қозғалатын құрылғы дене қызуы мен жаялық дымқылдығын өлшеп тұрады. Ол тербелетін бесік жасап шығуға 6 жыл уақытын жұмсаған. Smart Бесік ұзындығы – 100, ені – 40, биіктігі – 60 см. Бесікте баланың жағдайынан хабар беретін бірнеше құрылғы бар. Оның бірі бөбектің дене қызуын бақыласа, екіншісі жаялықтың ылғалдылығын анықтайды. Егер баланың қызуы бөлме температурасынан түсіп не асып кетсе: «Балаңыз тоңып қалды» немесе «Балаңыз ауырып қалды» деген дыбыс ескерту айтады. Бесік тербелгенде қондырғыға егізілген «Бесік жырын» ойнатып қоюға болады. Smart Бесік ата – анаға тек көмекші емес, сонымен бірге тәрбие құралы да болады.

«Қар кесегі» стр. арқылы сұрақтарын 1 - топ 2 - топқа екі мәтінге сүйене отырып қояды.

3 - тапсырма. Әр оқушы өз деңгейіне қарай тапсырмаларды таңдап алады. 1. Екі мәтіннің жанрлық ерекшелігіне талдау жаса. (ЖЖ)
Тақырыбы:
Стилі:
Жанры:
Негізгі идеясы:

2.«Қос диаграммаға» сала отырып мәтіндердің үзінділерін салыстыр

Екі мәтіннен үзінділерді алып салыстырады, ортағын, білезік пен бесіктің артықшылықтарын жазады. (ТЖ)

3. «Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар» бойынша «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы арқылы өз көзқарастарын білдіреді. (ТЖ)
Ақ қалпақ – негізгі фактілер, орташа объективті ақпарат.
Қызыл қалпақ – ішкі сезім, эмоцияны білдіру.
Қара қалпақ – сыни аналитик, логикалық негатив.
Сары қалпақ – шуақты оптимизм, логикалық позитив.
Жасыл қалпақ – мүмкіндіктер, идеялар.
Көк қалпақ – қорытынды, шешім.
Әр топ тапсырмаларын қорғайды.

Кері байланыс.
Попс әдісі
Менің ойымша.....
Мен мұны былай дәлелдеймін....
Дәлел ретінде мысалдар келтіремін......
Мынадай қорытынды шешімге келдім.......

Бағалау: топ басшылары әр оқушыны жеткен жетістіктерін айта отырып бағалайды.
Үйге тапсырма: деңгейлік тапсырмалар.
1. Мәтіннен синоним сөздерді тауып, бірнеше сөйлем құрап кел.
2. Мәтін бойынша диалог құрастыр.
3. Мәтінді мазмұндап, 4 зат есімге морфологиялық талдау жаса.

Шығыс Қазақстан облысы, «Зырян қаласы,
№6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Балтабаева Үмітжан Бақытжанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 234
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар, қосмекенділер мен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік беру. Тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Жануарлардың атауларын ажырата білуге үйрету.
Мәтіндік құжатқа диаграммаларды кірістіру
Мәтіндік құжатқа диаграммаларды кірістіру
Диаграмма құру үшін ең алдымен мәлімет керек екенін түсінеді, диаграмма түрлерімен танысады, кестеге мәліметті енгізуді және одан кейін қолданатын операциялармен жұмыс жасап үйренеді.
Сан есімнің емлесі
Сан есімнің емлесі
Сан есімдердің емлесі туралы түсінік беру, оларды дұрыс қолдана білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу;
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
Word бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.