Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Біріккен сөздер

30 сәуір 2016, Сенбі
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Талдысай орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жармедетова Жанна Куанышбаевна

Тақырыбы: Біріккен сөздер
Мақсаты. Білімділік: Біріккен сөздердің жасалу жолдарын меңгерту, түрлерін таныту.
Дамытушылық: Ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту
Тәрбиелік: Туған жерін, елін сүюге, тарихын қастерлеуге, жолдастық көмекке әзір болуға, байқампаздыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Біріккен сөздердің жасалу жолдарын меңгереді, түрлерін ажыратады, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, сөзжұмбақ, т. б
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, іздендіру, ойландыру, салыстыру, «Еркін жазу»
Пәнаралық байланыс: Халық ауыз әдебиеті, Қазақстан тарихы, жаратылыстану, география, музыка, математика, информатика

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық тренинг “Жүректен жүрекке”
І. “Хантәңірі” тобы. ІІ. “Алатау” тобы. Екі топтың оқушылары бір - біріне игі тілектерін білдіреді
Ой қозғау.. Сөздер қалай жасалады? «Ассоциация»

Мағынаны ашу. Жаңа сабақ. Интерактивті тақтадан сызба кесте көрсетіледі.
▪ Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Талдысай
Нұрәділ
Әлдеқашан
Көкшетау

▪ Кіріккен сөздер
Бүгін (бұл - күн)
биыл (бұл - жыл)
Әкел (алып - кел)
Ботагөз (Бота - көз)

Оқулықпен жұмыс.
“Біріккен сөздер” еліне саяхат.
1. Ертегілер әлемі
Ертегінің ғажайып,
Кейіпкерлері кім екен?
Бүгін олар ғылымның,
Қойнауында жүр екен.
Біріккен сөзбен келетін ертегі кейіпкерлерін табайық.

2.«Туған жер - алтын бесік»
Қазақстандағы біріккен жер - су атауларын атаңдар.
Бір айтқаны біреуге мұра болар,
Қайран біздің бабалар, ғұламалар!
Біріккен сөзбен келетін қазақтың ақын - жазушылардан кімдерді білеміз?

3.«Өнерліге өріс кең»
Біріккен шығарма, өлең, ән - күй атауларын білеміз бе?

Кім жылдам? Сәйкестендіру
Кемпір ----- сорғыш
Тоғыз ------ аралық
Шаң -------- бақа
Ақ ----------- бақан
Боз --------- бағыс
Халық ----- құмалақ
Күн --------- қосақ
Тас --------- торғай
Алты ------- неше
Бір --------- сүйек

Рефлексия. «Ер есімі – ел есінде» Біріккен сөзбен келетін қазақтың батырлары, хандары мен билері туралы эссе жазу
Сөзжұмбақты дұрыс шешсек ерекше торкөзден қазақтың билерінің бірінің есімін оқи аласыздар.
1. Бірінші түбірі сын есім, екінші түбірі географиялық атаудан тұратын қаланың аты
2. Бояу аты басында,
Шашты қостым қасына.
Сонда аңызға кіреміз,
Дана әйелді білеміз.
3. Тағам сөзінің синонимі мен ыдыс атауынан тұратын біріккен сөз
4. Үй жануары мен сезім мүшесінен тұратын өсімдік қалай аталады?
5. Абайдың әкесінің аты
6. Екі сөз бірігіп айтылса, ол - тышқан, бөлек айтылса, біреуі - ұсталық сайман.
7. Сан есімнен, адам мүшесі мен тағамнан құралған Қазақстандағы өндіріс орны қалай аталады?

Бағалау. Екі топқа белсене қатысқаны үшін алғыс хат тапсырылады.
Жекелеген оқушылардың білімін, тапқырлығын, ізденімпаздығын саралай келе мадақтау, бағалау.
Үйге тапсырма “Туған өлкем - тұнған шежірем” тақырыбына біріккен сөздерді қатыстырып шығарма жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 315
1
8 дауыс
Оқи отырыңыз
Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру
Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру
Графика — бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho – жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай - ақ заттардың ең
Қос сөздер
Қос сөздер
Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру; сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
Балалар, енді біз бүгін үйренетін әніміздің тақырыбы Отан, туған жер сөзінің синонимі - «Атамекен». (Әннің шығу тарихы туралы баяндау) 1970 жылы айтулы мерекеге салтанатты концерт дайындалады.
Есімшенің жасалу жолдары
Есімшенің жасалу жолдары
Есімше – етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін, ал кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп,
Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздің түрлерін түсіндіре отырып, еліктеуіш сөздер туралы тапсырмалар беру арқылы білімдерін кеңейту, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бану Алькенова
Бану Алькенова Қонақ 11 мам 2016 13:05
0
Жанна Қуанышбайқызы! Сабағыңыз өте қызықты, Сізге сәттілік тілеймін!