Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Баскетбол үйірмесі. Сын есім

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол үйірмесі. Сын есім
Қазақ тілі 6 - сынып
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды баскетбол үйірмесінің тарихымен таныстыру, сын есім туралы білімдерін тереңдету
2. Жан – жақты білімін кеңейту, ауызекі сөйлеу дағдысын арттырып, есте сақтау қабілетін дамыту
3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге, спортпен шұғылдануға баулу
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: дәріс, әңгіме, іздену, кубизм
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қима қағаздар, тренинг, бейне таспа
Сабақ барысы:

І Қызығушылығын ояту
Ұйымдастыру
“Сын есімді қос” тренингі
Үй тапсырмасын тексеру: 3 - тапсырма, 179 - бет
Жан - жақты білімін тексеру
І топ. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
Сөздерді құрамына талдаңдар, асты сызылған сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.
Біздің мектепте домбыра тартуға үйренуге болады
ІІ топ. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар. Сөздерді құрамына талдаңдар, асты сызылған сөзге дыбыстық талдау жасаңдар,
Үйірме жетекшісі - өте білімді.

ІІ Мағынаны тану
Суретте бейнеленген заттардың басқы әріптерінен бүгінгі сабақтың тақырыбын табайық. « Баскетбол үйірмесі»
Оқылым
Баскетбол (ағыл. basket — себет, ball — доп) — командалық доппен ойнайтын спорттық ойын. Баскетболда екі команда ойнайды, әр қайсысында бес ойыншыдан болады.( әр командада он екі ойыншыдан болады, ойыншыларды ауыстыру шектелмейді). Әр команданың мақсаты — қарсыласының себетіне қолмен доп салу және оларға доп бермей, өз себеттеріне доп салғызбау. Себет еденнен 3, 05 м биіктікте орналасқан. (10 фут). Орта және жақын қашықтықтан салынған доп — екі ұпайға тең, ал қашықтан салынған доп — үш ұпайға тең. ( 3 ұпайлы сызықтан) — айып добы бір ұпайға тең болады. Баскетбол алаңының ұзындығы — 28 м, ені — 15 метр. Баскетбол — әлемдегі танымал спорт түрінің бірі.
Колледж мұғалімі Джеймс Нейсмит 1891 жылы 21 – желтоқсанда спорт залдағы балкон темірлеріне (периласына) шабдалынан босаған екі себетті байлайды. 18 студентті екі командаға бөліп, осы ойынды ұсынған. Ойынның шарты бойынша қарсыласының себетіне кім көп доп салса, сол команда жеңімпаз болуы керек. 1932 жылы Женева қаласында халықаралық ұлттық баскетбол ассоциациясының конференциясында Халықаралық Баскетбол Федерациясы құрылды.
"Астана" баскетбол клубының шабуылшысы Анатолий Колесников "ВТБ бірегей лигасының" 2013 – 2014 жылдар маусымындағы ең үздік қазақстандық ойыншысы болып танылды "ВТБ бірегей лигасы" былтырдан бері әр елдің үздік ойыншыларын анықтауды дәстүрге айналдырған.
Біздің мектептегі баскетбол үйірмесін Иванчуков Виктор Сергеевич басқарады. 2008 - 2013 жылдарында біздің қыздар командасы қатарынан бес жыл аудан чемпионы болған. Ең үздік ойыншы, техникасы жоғары деңгейлі спортшы – Федорова Екатерина болған. Соңғы екі жылда ұл балалар командасын жаттықтырады. Биыл біздің мектебіміздің ұлдары аудандық біріншілікті жеңіп алды. Ең үздік ойыншы – 11 “А” сынып оқушысы Қаржаубай Елнұр.

Тыңдалым. Бейнетаспа көру.
Сөздікпен жұмыс
Доп – мяч – boll
Себет – корзина – basket
Ойыншы – игрок – player
Ұпай – очко – point

Оқулықпен жұмыс. Оқылым.
1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді сөз табын қойып, қандай сұраққа жауап беретінін анықтаңдар.
1. Баскетбол үйірмелеріне біздің сыныптың оқушылары (...) қатысып жүр.
2. Оқушылар баскетболдың (...) ережелерімен танысып, жақсы ойын көрсетіп жүр.
3. Олар баскетбол ойынындағы (...) доп беру әдістерін жан - жақты үйренді.
4. Үйірмеге қатысушылар арнайы дайындық нәтижесінде (...) орынға ие болды.
Т і р е к с ө з д е р: белсенді, негізгі, маңызды, жүлделі.

2 - тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер. Тілдесім
- Баскетбол ойынының ережесі бойынша бір матч неше минутқа созылады?
- 20 минуттық үш кезеңнен тұрады.
- Баскетбол торы қандай биіктікте орнатылады.
- Кем дегенде үш метр биіктікте.
- Баскетбол ойынының негізгі қағидалары қандай?
- Қолмен допты жерге ұруға, бірақ допты ұстап жүгіруге болмайды.
- Командалардың алаңда өз бөлігі болады ғой?
- Иә. Бірақ екі команда да алаңның бір бөлігінде бола алады.

3 - тапсырма.
Мәтінді оқып, әңгімелеңдер. “Қанай?”сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазып, сөз тіркесін құраңдар.
Әр адам спортпен айналысу керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, көңіл күйі көтеріңкі болады. Барлық оқушы өз таңдауы бойынша спорт түрлерімен айналысса, бос уақытын шынығуға арнаса, олардың дені сау, тұлғасы сымбатты, бұлшық еті шымыр болады.
С портпен шұғылдануды дағдыға айналдыруымыз керек. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.

ІІІ Ой толғаныс
Уәжі төмен оқушылармен жұмыс. Қима қағаздармен жұмыс.
“Кубизм”
Үйге тапсырма: 4 - тапсырма, 182 - бет
Бағалау

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
№1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Арыстанбекова Индира Айдархановна
3 268
0
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Тәуелдік жалғауын пысықтау. Қазақстанның табиғаты
Тәуелдік жалғауын пысықтау. Қазақстанның табиғаты
Тәуелдік жалғауы туралы түсініктерін пысықтау. Қазақстан табиғаты тақырыбы бойынша білімдерін толықтыру. Сөздерді тәуелдеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ауыз – екі сөйлеу тілдерін дамыту.
Сан есім
Сан есім
Сан есім туралы берілген білімді еске түсіру, сөйлем ішінен сан есімді таба білу, сөз таптарын ажырату.
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.