Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қонақ үйде

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Қонақ үйде

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың демалыс, туризм, жол жүру тақырыбында білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету;
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету;
3. Оқушыларды сауатты жазуға баулу;
Күтілетін нәтиже
- Сыни ойлау дағдылары артады.
- Өздігінен тақырыпты меңгереді.
- Қызығушылықтарымен өз ойларын еркін жеткізе алады.

Сабақтың технологиясы: Диалогты оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, АКТ, көшбасшы
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ
Сабақтың әдістері: Кластер, бес жолды өлең, блиц - турнир
Көрнекіліктер:
Интербелсенді тақта, стикерлер, маркер, маршрут картасы, үміт ағашы

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
«Тренинг шеңбері» бойынша көршісін таныстырып, оның есімі және сүйікті сабағын айтады.
Қонақүйдің атауларымен топтарға бөлемін.
І топ «Алматы» қонақүйі
ІІ топ «Ақсұңқар» қонақүйі

Үй тапсырмасын тексеру (6 минут)
Үй тапсырмасын
« Қайталау – оқу анасы»
Лексикалық тақырып пен грамматиканы ұштастыра отырып, «Теміржол бекетіне» диалог құрып келу.

Жаңа сабақ (30 минут) Шульте кестесі арқылы оқушылар бүгінгі тақырыпты ашады.
«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын»
Міндеті: Өз туған ауылыңның мәдени ошақтарын білу қажеттілігін көрсету.
І топ «Қонақүйдегі қызметтер»
ІІ топ «Қонақүйдегі бөлме қандай болу керек?»
әр топ постер қорғайды.
«Артық болмас білгенің.....»
Міндеті: Грамматикалық тақырыпты пысықтау.
І топ «Қонақүй» сөзін септеу
ІІ топ «Қонақүй» сөзін тәуелдеу
2 - тапсырма. Мәтін бойынша жақшадағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Қонақүй – (қандай?) шаруашылық кешені.
Қонақүй (несіне?) қарай айрықша қонақүйлер немесе қонақүй желілері болып бөлінеді.

Логикалық тапсырма
1 - топ
Стаканның ішкі қабырғасында ұсақ көпіршіктер бар суды ішіп: «Бұл минералды су емес қой», - деп таңғалды Жәнібек. Не себепті?

2 - топ
Көшеде екі баласы және екі әкесі келе жатыр. Барлығы үш адам. Олай болу мүмкін бе?

Жаңа сабақты бекіту (3 минут)
«Бекіту - нәтижеге бағытталған білім беру»
Міндеті: Қосымша мәлімет беру арқылы оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау.
Кері байланыс (1 минут)
Бағалау кезеңі (2 минут)
Үйге тапсырма (1 минут)

Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сексенбаева Жанар Мухтаровна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 817
2
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Менің бос уақытым
Менің бос уақытым
Бос уақыт туралы түсінік беру. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету;
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» Абай Құнанбаев
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» Абай Құнанбаев
Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
Қос сөздер
Қос сөздер
Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру; сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
The Past Indefinite tense. Жалпы өткен шақ
The Past Indefinite tense. Жалпы өткен шақ
Бүгінгі біздің өтетін жаңа лексикалық тақырыбымыз: «Cancer». «Рак ауруы». Сабақтың грамматикалық тақырыбы: «The Past Indefinite tense». «Өткен шақ». Сіздер осы тақырып бойынша жиған білімдеріңізді ағылшын тілімен ұштастыра отырып, тақырыпқа
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Пікірлер (2)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Досекеева Зульфия
Досекеева Зульфия Қонақ 18 қаңтар 2017 22:44
0
Маған Сексенбаева Жанар Мұхтарқызының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне дайындаған сабағы өте унады
Досекеева Зульфия
Досекеева Зульфия Қонақ 18 қаңтар 2017 22:46
0
Маған Сексенбаева Жанар Мұхтарқызының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне дайындаған жұмысы өте ұнады.