Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сын есімнен өткенді қайталау

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы
№12 жалпы орта білім беру мектебі
Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сын есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық ізденімпаздық, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ана тілінің заңдылықтарын сүйе білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар, карточкамен жұмыс, талдау, практикалық, проблемалық жағдаят, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, сөзжұмбақ, сызбалар, карточкалар, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә) Психологиялық дайындық.
Қазір сендер «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап бересіңдер. Жауаптарын есімдерінің бірінші әрпінен басталатын мінездеріне байланысты жақсылық сөзін сабаққа ұран етіп сыйлайсыңдар.

Әсем – әсеммін
Агжан – алғырмын
Дильназ – дарындымын
Ақерке – ақкөңілдімін

Үш топқа бөлу, орындықтарының артында жабысып тұрған стикер түстеріне қарай.
Көк – Дарындылар. Жасыл – Ептілер. Қызыл – Ақылдылар.
Осы айтқан қасиеттерін қандай сұраққа жауап береді? (Қандай?)
Қай сөз табының сұрағы? (Сын есім)
Ендеше, бүгін сабақта сын есімді қайталаймыз.
Оқушылар Смарт мақсатты өздері айтады.
Бүгінгі сабағымыз бірнеше бөлімдерден құрастырылған, әр бөлімде үш дәрежелі деңгейлік тапсырмалары бар.

ІІ. «Тапқырлар аялдамасы» (Интербелсенді тақта)
Ұяшықтармен жұмыс, ережені қайталау.
ІІІ. «Жауап тапқанға қолқа жоқ» (Интербелсенді тақта)
ІІІ деңгей – Негізгі, туынды сын есімдерді екі топқа бөліп жазу.
Үлкен, аласа, желсіз, жеңіл, еріншек, жүзгіш, тебеген, мықты, жіңішке, сұлу, тұсаулы, көтеріңкі, көк, қатты, түнгі, ұнамды.

ІІ деңгей – Бір зат есімге бес сын есім жазу
Оқушы (.............)
Жер (..................)
Кітап (..............)

І деңгей – Берілген мақалдардағы көп нүктенің орнына лайықты сын есімдерді қойып, орысша - ағылшынша аудар.
1. Өнер алды... тіл. (қызыл - красный - red)
2.... қыз – жағадағы құндыз. (жақсы - хорошо - good)
3.... жігіт жол бастар. (батыр - герой - hero)
4.... адамды жақынға санама. (жаман - плохой - bad)
5.... еңбектен... нан. (ащы - горький - bitter, тәтті - сладкий - sweet)

IV. «Сұраймын, жауап бер» Әр топқа кесте тарату.
ІІІ деңгей – Сын есім мен зат есімдерді сәйкестендіру.
Жазғы Оқушы
Сары Ырым
Ауыр Бала
Биік Дауыс
Жаман Балапан
Әдепті Адам
Көтеріңкі Жүк
Білімді Сөз
Қабілетті Актёр
Түйінді Үй
Дарынды Демалыс

ІІ деңгей – Ойын: бір сөзбен айтқанда қандай адам.
1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін адам? (Шешен, тапқыр)
2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам? (Аңқау, ашық ауыз)
3. Тез ашуланатын адам? (Ашушаң)
4. Көрінгенге соқтыға беретін адам? (Тентек, сотқар)
5. Ертең орындаймын, кейін жазамын дейтін адам? (Жалқау, еріншек)
6. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам? (Өсекші)
7. Көп білетін адам? (Білгіш)
8. Жан аямай көп жұмыс істейтін адам? (Еңбексүйгіш, еңбекқор)
9. Керексіз көп сөйлейтін адам? (Мылжың, көкезу)

І деңгей – Семантикалық картаны толтыру. Топпен жұмыс

Сергіту сәті. (Интербелсенді тақта)
«Көңілді күн» бейнетаспаға қарап, қимылдарды қайталау.
V. «Жалғастыр»
ІІІ деңгей - Туынды сын есімдермен сөйлемдер құрастыру.
Еріншек, қабаған, түнгі, атақты, ұмытшақ, қарулы.

ІІ деңгей – Төмендегі сөздердің қарсы мәнді сөздерін тауып жазыңдар:
аңғырт (қу)
мейірімді (қатыгез)
салмақты(жеңілтек)
салақ(таза)
пысық (сылбыр)
талдырмаш(толық)

І деңгей – Сатылай кешенді сын есімге талдау жасау.

Қайратты
Құрамына қарай: екі құрамды
Тұлғасына қарай: туынды
Құрылысына қарай: дара
Лексикалық мағынасы: жігерлі
Грамматикалық мағынасы: а) сын есім; ә) - ты сын есім тудырушы жұрнақ; б) анықтауыш
Сұрағы: қандай?
Мағынасына қарай: қатыстық

Ағалы - інілі
Құрамына қарай: төрт құрамды
Тұлғасына қарай: туынды
Құрылысына қарай: күрделі, қосарланған
Лексикалық мағынасы: туыстық атау
Грамматикалық мағынасы: а) сын есім; ә) - лы,- лі сын есім тудырушы жұрнақ;
б) анықтауыш
Сұрағы: қандай?
Мағынасына қарай: қатыстық

VI. «Шығармашылық жұмыс» Дарындылар тобы: Сын есімдерді қатыстырып ертегі құрастырады.
Ептілер тобы: Сөзжұмбақ жасайды.
Ақылдылар тобы: Сын есімді қатыстырып бір шумақ өлең шығарады. Рэп немесе опера әуенімен айтады.

VІI. Бекіту. Тест сұрақтары.
Әр оқушыға біреу, көршісімен ауыстырып тексеру.
1. Сын есім:
А) заттың санын білдіреді; Ә) заттың атын білдіреді; Б) заттың сапасын білдіреді;
2. Сапалық сын есімді тап:
А) қызыл; Ә) білгіш; Б) ашушаң;
3. Сын есімнің сұрақтары:
А) не істеді? Ә) қандай? қай? Б) қанша? неше?
4. Туынды сын есімді тап:
А) жылтыр; Ә) тәртіпті; Б) биік;
5. Негізгі сын есімді тап:
А) таза; Ә) әлсіз; Б) кешкі;
6. Қатыстық сын есімді тап:
А) заңғар; Ә) ымырт Б) өнегелі;
7. Дара сын есімді тап:
А) тап - таза; Ә) ақ; Б) өте жақсы;

VІІI. Үйге тапсырма.
Ребус құрау.(Сын есімге байланысты)
«Менің Елбасым» ойтолғау жазу.
ІХ. Өзін өзі бағалаау
Кері байланыс.
Стикерді суретке сәйкес жабыстырады. «Екі жұлдыз, бір тілек

Толық нұсқасын жүктеу
15 758
0
10 дауыс
Оқи отырыңыз
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы, Баянауыл аудандық білім бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің мұғалімі Абылкасова Балкен Көкенқызы
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар,
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Аңыз бойынша үнді ханзадасы Сирам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыштан сыйлыққа не қалайтынын сұрайды.
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.