Бәйге бөлімі


Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Қатысатын категория: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Жазушының өмірі, шығармашылық жолы жайлы, шығарманың жалпы мазмұны, шығармадағы кейіпкерлер туралы, кейіпкерлердің басынан өткен қызықты сәттерінен мәлімет бере отырып, шығарманың мазмұнын ашу.
ә) дамытушылық. Оқушылардың жүйелі сөйлей алу дағдыларын, ой – өрісін, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
б) тәрбиелік. Оқушылар бойына ер мінезділікті қалыптастыру, табандылыққа, төзімділікке, қайраттылыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушының портреті, жазушы шығармашылығына байланысты материалдар, сюжетті суреттер, слайд.
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегияларының элементтері
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны тану мен ажырату
3. Ойтолғаныс

1. Қызығушылықты ояту
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесіп, керекті құрал - жабдықтарын алғызып, сабақтың басталуына жағдай туғызу;
- Көңіл күйлерін сұрау;
II. Үй тапсырмасын сұрау. Қадыр Мырзалиев өмірі, «Кәрі қыран» өлеңі жайлы мәлімет сұрау.
І топ – Ақын жайлы үзік сыр...(хронологиялық кесте немесе ақын туралы естеліктер)
ІІ топ – Поэзия минуты... (өлеңді жатқа мәнерлеп оқу)
ІІІ топ – Өлең құрылысына талдау (Скт)
Қорыту.

Асылы, адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатқа келеді: бірі – өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту; екіншісі – өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалған жерде ғана шын мәніндегі әдеби туынды бар. Енді турасына көшсек, қазақ поэзиясына осы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы отыз жылда тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса – бірі, біреу болса - өзі – Қадыр Мырзалиев.
Зейнолла Қабдолов

2. Мағынаны тану мен ажырату
- Балалар, біз 6 сыныпта Сайын Мұратбековтың өмірі мен «Қылау» әңгімесін өткен болатынбыз. «Ой шақыру!» әдісі бойынша жазушының өмірін есімізге түсірейік.
- БҮҮ сызбасын сызып қоямыз

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе сөз.
60 - 90 жылдардағы қазақ әдебиетінің көрнекті қалам иелерінің бірі - жазушы Сайын Мұратбеков Талдықорған өңірінің Қапал ауданы Қоңыз ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Мәскеудегі Максим Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғары курсты тамамдайды. Оған дейін орта мектепті бітіріп, туған ауылында жұмыс істейді, мұғалім болады. Жазушының алғашқы әңгімесі 1954 жылы жарияланған. Сол жылдардан бері проза жанрында өнімді еңбек етіп келеді. Оның «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Жабайы алма», «Дос іздеп жүрмін», «Кәмен - Тоғай», «Жусан иісі» сынды тағы басқа кітаптары халық арасына кең тараған.
Мырзатай Серғалиев
2. «Болжау» әдісі бойынша шығарманың тақырыбына шолу;
3. «Жусан иісі» повестінің мазмұнын сюжетті суреттер бойынша айту;
1. Балалық шақты есіне түсіруі
2. Балалармен ойыны
3. Аянның апасының қайтыс болуы
4. Ертегіші Аян
5. Егіс даласында
6. Қаралы қағаз
7. Аянның балалар

Қорыту
- Қазіргі кездегі жетімдер үйінің балалары мен сол кездегі балалар үйінің тұрмыс - жағдайы, әл - ауқаты салыстыруға болмайды. Яғни ол кезде ҰОС жылдары болғандықтан ол кездің жағдайы бола алмады.

Мәтінмен жұмыс.
1. Әңгімені оқу
2. Сөздікпен жұмыс (слайд бойынша түсіндіру)
Оқулықпен жұмыс. Топпен жұмыс
І топ - Аянға портрет, мінездеме жазу
Портрет - Аян – шолақ жең, ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бірі бала.
Мінездеме - Аян - өте ақкөңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де тез көне кететін жұмсақ мінез бізді үйіріп әкетті. Ең жақсы қасиеті ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі.
ІІ топ - венн диаграммасы (Аян мен әңгімеші баланың бойындағы адамгершілік қасиеттер туралы)
Аян - қайырымды, аянышты, төзімділік, қарапайымдылық қасиеттері бар адал бала
Әңгімеші бала - өте бауырмал, ақкөңіл, қарапайымдылық қасиеті жоғары, адал дос
ІІІ топ – Сауаттылық хаты! (Аянға хат жазу)
Сәлем Аян! Денсаулығың қалай? Аяғың жазылып кетті ме? Саған әртүрлі ертегілерді қалай ойлап табасың? Балалармен тез тіл табысып кетуіңе не себеп болды? Маған сіздің бойыңыздағы қарапайымдылық қасиеттер қатты ұнады. Сау болыңыз!
Хат жазушы: 7 «в» сынып оқушысы

ІҮ. Сабақты қорыту.
- Жазушы С. Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесінің негізгі түйіні – тағдыр талқысына түскен, жастайынан жетімдіктің зарын татқан жетім бала Аян бейнесі. Аянның ақылдылығымен намысшылдығы, сүйкімділігімен төзімділігі үлкен адамға тән мінез. Кішкентай Аянның бойындағы осындай мінез оның ерте есейгендігімен ақылдылығының белгісі. Ер баланың мінез - құлқында қайраттылық, намысқойлық, төзімділік, қамқорлық ерекше көрінуі тиіс. Сонда ғана ол жақсы азамат болып қалыптасады.

V. Үйге тапсырма беру.
1. Сайын Мұратбековтің өмірі, «Жусан иісі» әңгімесінің мазмұнына дайындалу
2. Аян ертегісін «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деген тақырыпта жалғастырыңдар және оған өздеріңше ат қойыңдар.
ҮІ. Бағалау

Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№12 Керімбай атындағы мектеп - гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуатова Ұлжан Аманбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 4 сәуір 2017 15:52
Сабақ ұнады
Пікірлер #2: 4 сәуір 2017 15:57
Сабағы тамаша
Пікірлер #3: 4 сәуір 2017 16:06
Қазақ тілі сабағында қолданамыз
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 2
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 2
Роботтар: 0
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика