Бәйге бөлімі


Зат есім

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай батыр ауылы
А. С. Пушкин атындағы орта мектептің әдіскері
Елшинбекова Тамаша Бурибаевна

Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Мақсаты:
1. Елестету арқылы шығармашылық ойлау қабелітен, грамматикалық тапсырмалар арқылы теориялық ойлауын, тілін дамыту.
2. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Зат есім ұғымы туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
Көрнекілігі: Ертегі мазмұнына қатысты суреттер, тірек - сызба, қима қағаздар, кодоскоп, үнтаспа, тапсырмалар.
Принциптері: біртұтастық, жүйелілік.
Әдістері: Қызығушылықты ояту, сұрақ - жауап, ассоциация құру, көрнекілік, талдау, ажырату, жинақтау.

Сабақ барысы
І. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Қызығушылықты ояту.
Мұғалім: Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты. Халқы ақылгөй ханды – ЗАТ ЕСІМНІҢ данасы деп атапты. Хан өте мейірімді болыпты. Мейірімділігі сондай үнемі қасында балалар жүретін болған. Оларға хан ертегі айтып, жұмбақтар жасырған екен.
Бір күні хан бақта демалып отырып, айналадағы шықылықтап ұшып жүрген құсты көріп, қасындағы балаларға мына құсты не нәрсеге ұқсатасыңдар деген екен.
- Кәне, балалар біз де ойланып көрелік. Мүмкін, сендер тез табарсыңдар
- Көз алдымызға елестетіп ойлансақ, осы бейне тағы не нәрсеге ұқсайды, көп нәрсе ұқсас сияқты. Кәне, ойланайық...
- Ұқсас заттардың атын жазайық: бұлт, құрт, көбелек, тау, т. б.
- Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз? – не?
- Бұлттар, құрттар, көбелектер, таулар деген сөздерге қандай сұрақ қоямыз? – нелер?
- Ал осы құсты көріп тұрған ханға, балаларға қандай сұрақ қоямыз?
- Кім, кімдер?
- Олай болса кім, кімдер? Не, нелер? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қандай сөз табы дейміз? – зат есім.
- Сонымен, Зат есім туралы ойымызды жинақтайық.
Тапсырмалар орындау арқылы зат есімнің түрлеріне жеке - жеке тоқталамыз.

ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең.
3. Оқулықпен жұмыс. 287, 288, 289 - жаттығуларды орындап, зат есім түрлеріне ажырату, талдау, жасау.
287 - жаттығу. Берілген зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Әже, дәрігер, жазушы, іні, суретші.
Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
Зат есімдерге қандай сұрақ қойылады?
288 - жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз.
Малдың төлдері: қозы,...
Аңдар: аю,...
Құстар: аққу,...
289 - жаттығу. Әр қатардағы сөздерді жинақтап, бір сөзбен қалай атауға болатынын айт.
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі -...
Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған -...
Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз -...
Білімді тиянақтауға арналған оқулықтан тыс грамматикалық тапсырмалар:

4. Ұжымдық жұмыс
Суретке қарап, зат есімдерді айту. Тапқан сөздерге сұрақ қою. Көпше түрде ол сөздерді қалай айтуға болады?
- бала, кітап, дәптер, орындық, мұғалім, оқушы, тақта т. б.
Кім? – бала, кімдер? – балалар
- Жазған мысалдарға қарап зат есімнің көпше түрі қалай жасалатынын айтуға бола ма? – жалғаулар жалғану арқылы жасалады.
Ой тұжырымдамасы: Түбір сөзге көптік жалғауларын жалғау арқылы пайда болған сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.

5. Ойын «Тез тауып, бөгелмей айт»
Берілген сөздерден зат есімдерді тауып, ажырату.
Жел, ойнады, күлкі, күн, палуандар, радио, бес, тапсырма, әже, сандық, қызыл.

6. Танымдық тапсырма: Көрсетілген көптік жалғауларына жалғанатын сөздер тауыпы жазып, зат есім жаса.
- лар, - лер, - дар, - тар

7. Терме диктант. Үнтаспадан жұмбақ оқылады.
Тапсырма: Жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табу, кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу. Зат есімдерді түрлеріне қарай ажырату.
Жұмбақ
Жүреді мұхиттарда,
Балық деме.
Жаны бар,
Сияқты бір алып кеме. (Кит)

8. Өз бетінше жұмыс. Берілген сөздерге – шы, - ші жұрнақтарын жалғап жаз. Жазған зат есімдердің жасалу жолына қарап қандай зат есім деуге болады? Сурет, ән, егін, дойбы, мал
Ой тұжырымдамасы: Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы пайда болған түбір сөзді туынды зат есім дейміз.

9. Шығармашылық тапсырма:
І топ. Берілген сөздерді пайдаланып, мақалдар құрастырып жазу.
Азбайды, тозбайды, білім, ақыл
Аты, өлмейді, хаты жақсының, ғалымның өлмейді
ІІ топ. қ, а, б, т, с, ы, л әріптерін пайдаланып сөз ойлап жазу.
ІІІ топ. Мамандық атауларын, көкөніс атауларын, туыстық атауларды топтап жазу.

ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезең
10. Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары:
1. Зат есім дегеніміз не?
а) қимылды, іс - әрекетті білдіретін сөздер.
ә) заттың атын білдіретін сөздер.
Б) заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер.
2. Туынды зат есімді тап.
а) ауыл
ә) күйші
б) көл
3. Көптік жалғаулы зат есімді тап.
а) кітап
ә) гүл
б) доптар
4. Жалқы есімді тап.
а) сурет
ә) Қарағанды
б) анам
5. Жалпы есімді тап.
а) Жаннұр
ә) қызғалдақ
б) сағат
6. Зат есімдер обын тап.
а) кең, ақшыл, тұщы
ә) ағаш, орман, жаңғақ
б) ұшты, көктеді, тербеледі
Тест жауап кілті кодоскоп арқылы тексеріледі.
Өзін - өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлар арқылы бағалайды. Әр тапсырмаға «5» ұпайдан беріледі.

Үйге тапсырма:
- 292 - жаттығуды жазып, зат есімдерді табу;
- Оқу – деген түбірге қосымша жалғау арқылы бірнеше зат есім ойлап, оларға талдау жасау.
Шешуі зат есім болатын жұмбақ ойлап жазып келу.

Толық нұсқасын жүктеу
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Анама арнап ән саламын

    Сыйлайыншы гүлімді Теріп алған даладан Мейрамыңмен құттықтап, Ән айтамын мен саған
  • Қуыршақ киімдерінің түстері

    Балаларға түстерді ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Заттарды негізгі қызыл, сары, жасыл, көк төрт түске топтастыра білу дағдыларын ойын арқылы жетілдіру, сөздік қорларын дамыту. Ойыншықтарды күтіп ...
  • Біздің Отанымыз - Қазақстан

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту, тарихы туралы түсінік беру. Өз республикасын танып білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, ...
  • Ата - баба дәстүрі - асыл қазына (Ата - аналармен жұмыс)

    Қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, балаларға өз халқының тегін жатқа біліп, ата - бабаның салт - дәстүрін бойына сіңіру.
  • Анама арнап ән саламын!

    Шуақты көктем келді гүлін алып, Көктемнің берекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар, Ана деп бас иеді күллі халық.
  • Қысқы ойындар, Қар кескіні

    Балалармен бірге қысқы ойын - сауық атауларын бекіту. Қыс мезгілі, қар, қысқы ойындар туралы түсініктерді қалыптастыру. Қардың қасиетін, қысқы ойын түрлерімен таныстыру.
  • Дені саудың - жаны сау (спорттық шара)

    Денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ептілік және жылдамдық тәрізді қасиеттерді дамыту.
  • Әкем, анам және мен отбасылық сайысы

    Денсаулық ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру.
  • Орман патшалығы (Қысқы аңдар өмірі)

    Қыс мезгілінің құбылыстары мен қыс табиғатының ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, балаларды жабайы аңдардың қыс қы өмірімен таныстыру, өмір сүру жағдайлары туралы мағлұмат беру.
  • Күз береке - күз мереке

    Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Күзгі табиғат ерекшеліктерін таныстыра отырып, көтеріңкі көңіл - күй сыйлау. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой - ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 3
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 3
Роботтар: 0
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика