Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау

11 ақпан 2016, Бейсенбі
Павлодар облысы,
Шарбақты ауданы, Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шарпекова Ақмарал Сайлауқызы

Қазақ тілі 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Білімді бекіту сабағы (көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
2. Дамытушылық: Өзіндік жұмыс түрлерін орындату арқылы ой - өрістерін кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Мақал - мәтелдерді орынды қолдана алып, оның тәрбиелік мазмұнын ұғынуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтастыру, СТО, сұрақ - жауап, баяндау, талдау әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд суреттер, кесте, венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеру
б) Оқушыларды «Тәтті тілек» әдісі арқылы оқушыларды екі топқа бөліп, құрал - жабдықтарды үлестіру.
(«Тәтті тілек» жаза отырып, оқушылар конфеттерге жазған тілектерімен алмасады. Ең соңында қолдарында қалған конфет түрлеріне қарай топтарға бөлінеді. Оқушылар орындарына орналасып, топтың атын құрайды).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық орындық» әдісі
(Әр топтан бір - бір оқушы шығып басқа топтың қойған сұрақтарына жауап береді).
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сөз деген не?
2. Сөз мағынасы деген не?
3. Сөздің қандай мағыналары болады?
4. Сөздің тура мағынасы деген не?
5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не?
6. Көп мағыналы сөздер деген қандай сөздер?

Жауаптары: - Белгілі бір ұғымға берілген атау.
- Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.
- Тура және ауыспалы мағыналары.
- Негізгі, бастапқы мағынасы.
- Келтірінді мағынасы.
- Сөздің бірнеше мағынаға ие болуы.
«Шапалақ» әдісі арқылы бағалау Оқушылар жақсы жауап берген оқушыларға шапалақтайды

ІІІ. Постер құрау. Омоним, Көп мағыналы сөз деген тақырыптарға постер құрап, қорғату
(Әр топ сұрақтарды талқылап, бір шешімге келіп, ойларын постерге түсіріп, ортаға баяндаушы баяндайды)

Әр топ бір - бірлерінің жұмысын тыңдап, «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды

IV. Оқулықпен жұмыс
84 - жаттығу І топқа Мына етістіктерді қатыстырып күз табиғатын суреттеңдер (жеке, жұптық, топтық)
ІІ топқа 100 - жаттығу Төменде берілген сұрақтың біріне жауап болатындай етіп, шағын мәтін құраңдар.
(Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы әр топ жеке, жұп, топ болып орындайды, дауыстап оқып береді)
«Сэндвич» әдісі немесе «мадақ, сын, мадақ» әдісі арқылы бағалау
V. Сергіту сәті «Шапалақ»
VI. 65 - жаттығу Мысалдарды рөлге бөліп оқыңдар. Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер

VIІ. Интерактивті тақтамен жұмыс:
Тақтаға жаз
65 - жаттығу
Қол, сабақ, сіңір, қой сөздері омоним болатындай тіркестер құрып жазыңдар.
♦ Мәтіннен ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.
● Адамның қолы; қалың қол.
Ашық сабақ; өсімдіктің сабағы.
Аяқтың сіңірі; суды сіңіріп алды.
Қоңыр қой; дәптерді орнына қой.
♦ құлағына сіңіріп қоятын (ұғындырып қоятын)

VIІІ. Венн диаграммасы
1
1. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
2. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.

2
1. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
2. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.

3
1. Сөз байлығын көрсетеді.
2. Біркелкі дыбысталады.

ІХ. Бекіту:
Жинақтау, қорытындылау.

Х. Бағалау
Әр топқа бір - бірін бағалау тапсырылады. Оқушылар сабақтың соңында өтілген тақырып бойынша алған оң және кері әсерлерін жазып қояды
«Бес саусақ» арқылы бағалау
Мұғалім сабақты бағалауға байланысты критерийлерге сүйеніп, оқушыларды бағалайды.
ХІ. Үйге тапсырма беру.
1. 28 - 29 беттер аралығын оқу, ережені жаттау.

2. 64 - жаттығу. Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұндау. Омоним болатындай мысалдар (5 сөйлем түрінде жазу).
Күнделіктеріне баға қою.

Толық нұсқасын жүктеу
7 604
0
5 дауыс
Оқи отырыңыз
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Аңыз бойынша үнді ханзадасы Сирам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыштан сыйлыққа не қалайтынын сұрайды.
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.