Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі

11 ақпан 2016, Бейсенбі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Текеева Жанша Тажибаевна

Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі

Мақсаты: - Ақын өмірімен таныстыру, өлеңді оқи отырып талдау.
- Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
- Адамгершілікке, ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап, өлең құрылысына
сатылай кешенді талдау жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, (слайдтар)
Пәнаралық байланыс: Биология, география, физика, ән, дінтану пәндері.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Мақсат қою кезеңі
ІІІ Материалды түсіндіру
ІҮ Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі
Ү Бекіту кезеңі
ҮІ Үйге тапсырма
ІІ Мақсат қою кезеңі

Оқушылар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты – көрнекті ақын Төлеген Айбергеновтың өмір жолымен, шығармашылығымен танысу. Бұл – бір. Екіншіден, “Ана” атты өлеңін оқимыз және өлеңдегі ақын көтерген өзекті мәселені, оның айтпақ болған ойын, көзқарасын анықтаймыз. Сонымен қатар, аталмыш өлең мазмұнын ашу барысында жүргізілетін түрлі тапсырмаларды орындаймыз, өз пікіріміз бен көзқарасымызды ортаға саламыз.
Сабағымыздың мақсатына жету үшін мына міндеттерді орындаймыз.
Міндетіміз:
1. Ақынның өмірімен, шығармашылығымен танысу.
2. Өлеңді оқу және өлең шумақтарына мазмұндық талдау жасау.
3. Өлеңді құрылысына қарай сатылай кешенді талдау.
4. Берілген түрлі тапсырмаларды орындау.

ІІІ Материалды түсіндіру
Ендеше, бірінші міндетіміз - ақынның өмірімен, шығармашылығымен танысу. Оқушылар, тақтаға (интербелсенді) назар аударуларын сұраймын. (Слайд №1, 2)

Екінші міндетіміз - өлеңді оқу және өлең шумақтарына мазмұндық талдау жасау. Олай болса, өлеңді алдымен өзім оқимын, содан соң оқушыларға оқытамын. Өлең мәтінімен танысып алғаннан кейін шумақтарға мазмұндық талдау жасаймыз.

АНА
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Бұл шумақ бойынша оқушыларға мынадай сұрақтар қойылды.
1. Ақын адам ағзасындағы анатомиялық атаудан неге жүректі алған? Неге бауыр емес немесе өкпе емес? Неге жүрек? (Оқушылар себебін айтады және Абайдың «Он жетінші қарасөзімен» дәлелдейді.) (Слайд №3)

Жүрек
2. Ана неге Айға сіңлі, Жерге қарындас? Керісінше Айға қарындас, Жерге сіңлі болуға болмай ма? Ақынның бұл жерде аспан денелерін (планеталарды) алудағы мақсаты не? (Оқушылар себебін ашып түсіндіреді.) (Слайд №4)

Ай Жер
3. Неге ананың қуаты Жердің тарту күшінен мың есе артық? Бұл жерде физикалық заңның қажеті қанша? Ақынның бұл тұста айтпақ ойы не? Тартылыс күші деген не? (Слайд №5)

Тартылыс күші
Осылайша өлеңнің барлық шумақтарына мазмұндық талдау жасалады.
- Оқушылар, біздің бүгінгі сабақтағы үшінші міндетіміз не еді?
- Өлеңді құрылысына қарай сатылай кешенді талдау.
- Ендеше, өлеңге талдау жасаймыз. (Өлең талдау үлгісі.) (Слайд №6)

Өлең
1. Авторы.
2. Тақырыбы.
3. Идеясы.
4. Жанр түрі.
5. Шумақ.
6. Тармақ.
7. Бунақ.
8. Буын.
9. Ұйқас түрі.
10. Әдеби теориялық ұғымдар.
11. Түсіндірме сөздік.
12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.

ІҮ Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі
“Ана”өлеңі
1. Авторы – Төлеген Айбергенов. 8. 03. 1937 жылы Қарақалпақтың Қоңырат жерінде дүниеге келген. Чехов атындағы жеті жылдық мектепте оқыды. 1957 жылдан бастап баспасөздерде өлеңдері жариялана бастады. 1959 жылы Низами атындағы педагогика институтын бітірді. Өлең құрылысына жаңалық енгізген ақын. 1959 - 1962 жылдары Қоңырат орта мектебінде мұғалім. Қазақстан Жазушылар Одағының әдебиетті насихаттау бюросында ұйымдастырушы. 1967 жылы өмірден өтті. 1974 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. Жастарға арналған Т. Айбергенов атындағы әдеби сыйлық бар.
2. Өлеңнің тақырыбы – жер бетіндегі аяулы жан анаға деген ақынның шексіз сүйіспеншілігі, құрметі, махаббаты.
3. Өлеңнің идеясы – ананы сыйлауға, құрметтеуге, аялауға шақырады. Идея дегеніміз автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арманын, қиялын, мақсатын, мүддесін білдіреді.
4. Жанр түрі – лирика, өлең. Өлең дегеніміз – қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
5. Өлеңде 6 шумақ бар. Шумақ дегеніміз аяқталған біртұтас ойды білдіреді.
6. Өлең 26 тармақтан тұр. Тармақ дегеніміз - өлеңнің әр жолы.
7. Өлең 4 бунақтан тұр. Бунақ дауыс ырғағына қарай бөлінеді.
8. Өлең 15 - 16 буынға құрылған. Буын сөздің құрамындағы дауысты дыбыстың санына қарай анықталады.
9. Өлең егіз ұйқасқа құрылған. ( а а б б ) Ұйқас дегеніміз - өлең тармақтарының соңғы сөздері үндес, дыбыстары да бірегей жақын, ол өлеңнің бүкіл бітімімен, мазмұнымен тамырлас.
10. Әдеби теориялық ұғымдар.
Эпитеттер – қасиетті жер, сұлу әлем, лапылдаған от, дөңгелек ғұмыр.
Теңеу – аң сияқты,
Тұрақты сөз тіркесі – қас қаққанша – тез, жылдам; Тасбауыр – қатыгез, мейірімсіз;
Дисфемизм – пасық
Жай қайталау – ана сөзі
Жарлай арнау – ақын жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен.
11. Түсіндірме сөздік. Шерменде – қайғы, қасірет, уайым. Пасық – надан, оңбаған, арам. Даналық – кемеңгерлік, ойлылық.
12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – ананы сүю, қадірлеу.
Өлең талданып болған соң оқушылар бейнебаяннан «Ана жүрегі» деген ән мен, күйді тыңдайды. Төмендегі тапсырмаларды орындайды.

№ 1. Тапсырма. Өздеріңіз көрген бейнебаянда болған оқиғалар өлең жолының қай шумақтарына сәйкес келетінін табыңыздар.

Оқушылар жауабы:
Бұл дүниеге онсыз - дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Тас бауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?
Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.

№ 2. Тапсырма. Сұрақ: - Адамның безбүйректеніп кетуінің себебі неде?
(Сұрақ бойынша пікір алысу. Диалог құрады.)
Ананың құдіреті туралы аңыз айтамын. (Патша мен уәзір)
Аналарға арналған мереке туралы айту. (8 наурыз)
Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. (Орыс халқы родной язык
десе, татар халқы туған тіл дейді.)
Хадистерден мысал келтіру.(Слайд № 7, 8)
Үш түрлі қасиет бар – міне, сол үшеуіне ие болған адамдарға
АЛЛА қиямет күні мейіріммен қарап, жаннатқа кіргізеді. Олар:
1. Барға мастанбаған, жоққа жасымағандар.
2. Ата - анасына мейірімді болғандар.
3. Қол астындағыларға қадірлі болғандар.
Үш түрлі адамдар бар - оларға пейіштің есігі жабық. Олар:
1. Ата - анасының қарғысына ұшырағандар.
2. Ішкілікке мүлдем салынып кеткендер.
3. Берген қайыр - садақасын не жақсылығын міндет қылушылар.

Ү Бекіту кезеңі
Білімді бекіту мақсатында,«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» тақырыбына анаға деген өз сезімдерін көркемдік тәсілді қолдана отырып, қара сөзбен немесе, өлең шумақтарымен жазу.
- Оқушылар, біз бүгінгі сабақта алдымызға қандай мақсат қойған едік?
- Төлеген Айбергеновтің өмір жолымен, шығармашылығымен танысу.
“Ана” атты өлеңін оқып, өлеңдегі ақын көтерген өзекті мәселені, оның айтпақ болған ойын, көзқарасын анықтау. Сонымен қатар, аталмыш өлең мазмұнын ашу барысында жүргізілетін түрлі тапсырмаларды орындау, пікірімізді, көзқарасымызды ортаға салу. Біз сабақ барысында
осы мақсатымызға қол жеткіздік.
- Олай болса, сабақ мақсатына жетті.

ҮІ Үйге тапсырма:
1. Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп жаттау.
2. Әркім өз анасына арнаған жыр жолдарын жазу.
ҮІІ Бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
21 046
5
6 дауыс
Оқи отырыңыз
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын бойынша оқушылардың алған білім деңгейін анықтау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым - қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Пікірлер (5)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Admin
Admin Админ 12 ақпан 2016 22:23
0
Сабағыңыз жақсы екен, тақырып толық ашылған!
Manshuk
Manshuk Қонақ 8 мам 2016 16:30
0
Cабағыңыз жақсы болса жақсы шығыр, бірақ казақ тілі пәнінің мұғалімі сауатты болу керек деп ойлаймын. Төлеген Айбергеновтың емес, Айбергеновтің болады. Яғни, ілік септігінің жіңішке жалғауы жалғанады. Дегенмен Назарбаев мектебінің мұғалімі екенсіз сәттілік тілеймін.
Базаргул
Базаргул Қонақ 15 мам 2016 16:35
0
Төлеген Айбергеновтің "Ана" өлеңі мәнді мағыналы салиқалы суреттелген. Жыр шумақтары керемет. Сабақ мақсатына жеткен.
Жайна
Жайна Қонақ 18 ақпан 2019 15:47
0
Ана туралы қанатты сөздер

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман (Қорқыт).

Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман – ағашы. (Қорқыт).


Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді. (Абай)

Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет. (Халық)
Жайна
Жайна Қонақ 18 ақпан 2019 15:50
0
Ана туралы қанатты сөздер

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман (Қорқыт).

Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман – ағашы. (Қорқыт).


Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді. (Абай)

Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет. (Халық)