Қонақ үйде
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесінеМақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың демалыс, туризм, жол жүру тақырыбында білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету;
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету;
3. Оқушыларды сауатты жазуға баулу;
Күтілетін нәтиже
- Сыни ойлау дағдылары артады.
- Өздігінен тақырыпты меңгереді.
- Қызығушылықтарымен өз ойларын еркін жеткізе алады.
Сабақтың технологиясы: Диалогты оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, АКТ, көшбасшы
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ
Сабақтың әдістері: Кластер, бес жолды өлең, блиц - турнир
Көрнекіліктер:
Интербелсенді тақта, стикерлер, маркер, маршрут картасы, үміт ағашы
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
«Тренинг шеңбері» бойынша көршісін таныстырып, оның есімі және сүйікті сабағын айтады.
Қонақүйдің атауларымен топтарға бөлемін.
І топ «Алматы» қонақүйі
ІІ топ «Ақсұңқар» қонақүйі
Үй тапсырмасын тексеру (6 минут)
Үй тапсырмасын
« Қайталау – оқу анасы»
Лексикалық тақырып пен грамматиканы ұштастыра отырып, «Теміржол бекетіне» диалог құрып келу.
Жаңа сабақ (30 минут) Шульте кестесі арқылы оқушылар бүгінгі тақырыпты ашады.
«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын»
Міндеті: Өз туған ауылыңның мәдени ошақтарын білу қажеттілігін көрсету.
І топ «Қонақүйдегі қызметтер»
ІІ топ «Қонақүйдегі бөлме қандай болу керек?»
әр топ постер қорғайды.
«Артық болмас білгенің.....»
Міндеті: Грамматикалық тақырыпты пысықтау.
І топ «Қонақүй» сөзін септеу
ІІ топ «Қонақүй» сөзін тәуелдеу
2 - тапсырма. Мәтін бойынша жақшадағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Қонақүй – (қандай?) шаруашылық кешені.
Қонақүй (несіне?) қарай айрықша қонақүйлер немесе қонақүй желілері болып бөлінеді.
Логикалық тапсырма
1 - топ
Стаканның ішкі қабырғасында ұсақ көпіршіктер бар суды ішіп: «Бұл минералды су емес қой», - деп таңғалды Жәнібек. Не себепті?
2 - топ
Көшеде екі баласы және екі әкесі келе жатыр. Барлығы үш адам. Олай болу мүмкін бе?
Жаңа сабақты бекіту (3 минут)
«Бекіту - нәтижеге бағытталған білім беру»
Міндеті: Қосымша мәлімет беру арқылы оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау.
Кері байланыс (1 минут)
Бағалау кезеңі (2 минут)
Үйге тапсырма (1 минут)
Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сексенбаева Жанар МухтаровнаНазар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.