Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Математика
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ж.Балапанов ауылы
"Қызылащы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
математика пәні мұғалімі Сарымсакова Нургул Салдарбекқызы

Геометрия 8 сынып
Тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс тарауын қайталау
/Мультимедиялық аукцион сабақ/
“Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқам, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқам, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқам, себебі, бесік жырын есітіп, ертегі тыңдап, салт - дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірек көзі көр бола ма деп қорқам, ал көрдің қолына балта берсең шаба салады, бақыр берсең ала салады, найза берсең сұға салады, намыстанбай бұға салады. Мен табиғатынан, тағдырынан соқырлықтан жазылмасақ, халық болудан қаламыз ба деп қорқам”
Бауыржан Момышұлы

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы бұрыштар тарауында өткен материалдарды қорытындылап, бекіту;
ә) дамытушылық: математикалық сауаттылықты арттыру;
б) тәрбиелік: негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді өрнектерді ықшамдауда тиімді қолдануға, тригонометриялық өрнектердің мәндерін ұтымды қолдануға үйрету. Ұлттық ойындар арқылы ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытындылау, қайталау сабағы
Оқытудың түрі: ұжымдық, даралап оқыту
Оқыту құралдары: оқулық, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар
Пәнаралық байланыс: алгебра, музыка, әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі.
ІІІ. Формула білесің бе? /еске түсіру/
IV. Сергіту сәті. /музыкаық тапсырма/
V. Сұрақ – жауап /Асық ату ойыны/
ҮІ Кеспе қағаздарымен жұмыс
ҮІІ Оқулықпен жұмыс.
VIІІ. Үй тапсырмасын беру бөлімі.
ІХ. Қорытынды бөлімі.

Үй тасырмасын тексеру
Берілгені:
АВСD – дөңес төртбұрыш,
А және D бұрыштары тең және 90º - қа тең
АD -?
Шешуі:
АВС - тікбұрышты үшбұрыш, сондықтанда АС гипотенуза. АС²=АВ²+ВС²=6+8²=36+64=100, АС=10;
ADC - да тікбұрышты үшбұрыш АС - гипотенуза,
AD²+DC²=AC², олай болса х²+(3х)²=10²
х²+9х²=100, 10х²=100, х²=100/10, х²=10, х=√10
Жауабы: х= √10

Жаңа ұғымдар
Банк - қаржы сақталатын орны.
Несие – қарызға берілген қаржы.
Капитал - әр бір адамның, мекеменің, мемлекеттің жинақ қоры.

Ойын ережесі
Ойынды бастамас бұрын банктен 25 пайыздық жылдық үстемемен 2000 теңгеден несие аласыңдар. Жыл соңында, яғни сабақ аяқталарда банкке несиелеріңізді үстемесімен қайтаруларың керек.
Сонда жыл соңында қанша қайтаруларың керек?

І тур “Музыкалық тапсырма”

Әрбір нотаның бастапқы бағасы 200 теңге, ал қадамы 100 теңгеден кем емес. Жауап бере алмаған команда банкке тігілген сомманы қайтарады.
Мысалы: бір команда аукционист ұсынған сұраққа 200 теңге берсе, басқа команда 300 теңге т. с. с.
Әр нотаның ұтыс бағасы
1000 теңге.
Өлең жолдарынан қандай фигураны байқауға болады
Таңертеңмен бір сұлу қыз суға келеді, суға келеді, суға келеді.
Ат жетектеп бір жас жігіт еріп келеді, еріп келеді, еріп келеді / Түзу/

Айгөлек - ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп. /Шеңбер/

ІІІ тур “Асық ату”
Әрбір асықтың бастапқы бағасы 300 теңге.
Асықтың артында жасырылған сұраққа жауап беріп, мергендігіңді көрсет!!!
Әр асықтың ұтыс бағасы
деңгейіне қарай көрсетілген.
Сұрақ - жауап
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы қатынасты өрнектейтін теореманы ашқан, грек оқымыстысы Пифагор (б. з. д. 580 - 500) - 500 теңге

ІҮ тур “КӨКПАР”
Әрбір есептің бастапқы бағасы
200 теңге.
Есеп шықпаса банкке аукционға қойған сомманы қайтару керек

Ү тур “Көне бұйымдар жәрмеңкесі”
Ұтыс бағасы әрбір есеп үшін 2000 теңге
ҮІ Акция
Сабақты қорытындылау
Ойынды шарты бойынша 2500 теңге банкке қайтарып, қалған ақшаларыңды есептеңдер. Қай қатарда ақша көп қалса, сол қатар жеңімпаз болады.
Үй тапсырмасы
57 беттегі №9 есеп
Жаңа тарауға дайындық

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
2 455
7
60 дауыс
Оқи отырыңыз
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын бойынша оқушылардың алған білім деңгейін анықтау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым - қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту
В. Сухомлинский. Нағыз адам
В. Сухомлинский. Нағыз адам
Василий Сухомлинский 1918 жылы, 28 қыркүйекте Херсон губерниясы, Александр уезінде дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленген.
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік. - Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? - Ұяда қанша балапан бар дейді? - Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді? - Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?
Пікірлер (7)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Нурсултан
Нурсултан Қонақ 4 мам 2016 13:03
0
Есептин шыгару амалдары унады
Нурсултан
Нурсултан Қонақ 4 мам 2016 13:17
0
Математикалык амалдары унады
молдір
молдір Қонақ 4 мам 2016 15:42
0
Сабақ өте жақсы жазылған
ержан
ержан Қонақ 4 мам 2016 15:46
0
Бекиту кезениндеги колданылган тапсырмалар жаксы жасалган
молдир
молдир Қонақ 4 мам 2016 18:08
0
Сабактын курылымы оте жаксы. Геометриядан ашык сабактар сирек отиледи. Ойын элементтери жаксы жасалган. Енбегиниз жана берсин!!!
Баракова Мария
Баракова Мария Қонақ 4 мам 2016 20:04
0
Сабағыңыздың қрылымы жақсы құрылған. Оқушы белсенділігн арттыруға тиімді тəсіл. Рахмет
Айдана
Айдана Қонақ 11 мам 2016 20:44
0
Сабағыңыз өте жақсы оқушыларға тYсiнikTi және ыңғайлы