Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Координаталық жазықтықта сурет салу

07 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтықта сурет салу.
Үздік ұстаз бәйгесіне
Математика 6 сынып
Сабақтың мақсаты:
Барлығы: Координаталық жазықтыққа қатысты негізгі түсініктерді білу.
Басым бөлігі: Алған білімдерін ноутбукте графикалық нысанды салуда пайдалана білу.
Кейбірі: Координаталық жазықтықта берілген координаталар бойынша сурет сала білу.
Күтілетін нәтиже:
Барлығы: Координаталық жазықтыққа қатысты негізгі түсініктерді біледі, нүктені координатасы бойынша сала біледі.
Басым бөлігі: Координаталары бойынша ноутбукте графикалық нысанды салады, көркем жазуды кірістіре біледі.
Кейбірі: Координаталық жазықтықта берілген координаталар бойынша сурет сала біледі.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: "Миға шабуыл" әдісі," Адасқан әріптер" әдісі, “Айналмалы бекет” әдісі, деңгейлік тапсырмалар, “Плюс - минус - қызықты” әдісі.
Модульдердің кіріктірілуі: СТО, АКТ, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың түрі: қорытынды кіріктірілген сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, презентация, миллиметровка қағазы, топтық тапсырма кеспелері, бағалау парағы.
Сабақтың қолданатын құралдар: интерактивті тақта, ноутбуктер, әр - түрлі сызғыштар.

Сабақтың жоспары:
 I. Психологиялық дайындық
 "Адасқан әріптер" әдісі.
 II. Кіріспе.
 "Миға шабуыл"әдісі.
 III. Негізгі бөлім.
 “Айналмалы бекет” әдісі.
 Деңгейлік тапсырмалар
 Практикалық тапсырмалар (ноутбукте орындайды).
 IV. Қорытынды.
 Координаталар бойынша сурет салу.
 Кері байланыс
 Бағалау. Үйге тапсырма.

І. Психологиялық дайындық. Саламатсыңдар ма балалар. 1 наурыз алғыс айту күні болды, ал сендер бір - біріңе алғыс айттыңдар ма? Ендеше бәріміз бір - бірімізге алғыс айтайықшы. Оқушылар алғыс айтып шығады.
Енді балалар менде үш түрлі қорапша бар, өзімізге ұнаған қорапшаны таңдап, топ болып құралайық. Қорапшаны ашсаңдар ішіндегі әріптерден сөйлемдер құрайық (координаталық жазықтық, графикалық нысандар, көркем жазу). Оқушылар сөйлемдерді құрайды, бұл сөйлемдер біздің сабағымыздың кілті болып табылады.

ІІ. Кіріспе.
"Миға шабуыл"әдісі.
Бүгінгі математика және информатика сабағында біз координаталық жазықтық тақырыбын жалғастырамыз. Қалай ойлайсыңдар мына суреттер біздің сабағымызға қатысы барма?
Оқушыларға слайд ұсынылады.
Оқушылар өз ойларын білдіреді. Өткен сабаққа шолу жасау мақсатында оқушылар дайындап келген сұрақтарды қарсылас топтарға береді. Топтар сұрақтарды талқылап жауаптарын береді.

III. Негізгі бөлім.
1) “Айналмалы бекет” әдісі арқылы оқушыларға
тапсырмалар беріледі. 3 топқа үш түрлі тапсырма. ( Таблица үш түрлі, ал сурет бойынша І топ абсцисса осьіндегі нүктелердің координаталарын, ІІ топ ордината осьіндегі, ІІІ топ төрт ширектегі нүктелердің координаталарын жазып шығады). Мұнда оқушылар 3 түрлі фламастер алып ортаға берілген флипчартқа әр топ берілген есептерді шығарады. Шығарып болған соң тапсырманы келесі топқа тексеруге береді, ол топ тапсырманы өздерінің фломастерімен тексеріп, дұрыс немесе қате екенін көрсетеді, осылайша үш топта да тапсырмалар шығарылып талқыланады.

2). Деңгейлік тапсырмалар.
Бұл тапсырмаларды оқушылар миллиметровка қағазында орындап, сосын ноутбукте орындайды. Бұл жерде ескеретініміз информатика пәні бойынша І деңгей. WORD - та координаталық жазықтықты салу.
ІІ деңгей. Алдында салынған координаталық жазықтыққа координатасы бойынша кесіндіні салу.
ІІІ деңгей. Әр топ координаталық жазықтықта координаталары бойынша өздерінің фигурасын салады ( үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат). Көркем жазуды кірістіреді (Мысалы: координаталық жазықтықта үшбұрышты салу)

IV. Қорытынды. Математикалық тіл - сандар, символдар, суреттер, сызбалар тілі. Дұрыс салынған сызбаларды, суреттерді басқа ұлт өкілдері де түсіне береді. Себебі берілгені бойынша дұрыс салынған сызба - есептің дұрыс шешілуінің кепілі.
1) Ал енді сендерге тапсырма. Егер нүктелерді дұрыс белгілесеңдер І топта қарлығаштың, ІІ топта көжектің, ІІІ топта дельфиннің суреті салынуы керек.

2) Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма.
Координаталық жазықтықта өз ойымыздан сурет салып келеміз.

3) Кері байланыс.
“Плюс – минус - қызықты” әдісі.

ОҚО, Арыс ауданы, Бейсен Онтаев жалпы орта мектебінің
Математика пәнінің мұғалімі: Нысанбаева Жанат Бақтыбаевна
Информатика пәнінің мұғалімі: Назаров Ержан Аскарович

Толық нұсқасын жүктеу
3 359
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары
Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары
Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Сызықтық функция және оның графигі
Сызықтық функция және оның графигі
Оқушыларды сызықтың функцияның графигі бойынша формуласын жазып, графигін салуды үйрету. Өздігінен жұмыс атқару дағдыларын дамыту.
Жарықтың сынуы, шағылу заңдары
Жарықтың сынуы, шағылу заңдары
Жарық бөлшектері – бұл фотондар бұлар денелерге түсіп, заттың бөлшектерімен әсерлеседі, яғни жарықтың әсерінен денелер қызады. Маталардың бояуы оңады, фототопластинкалар қараяды.
Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі
Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі
«Функция» сөзі латынның functio сөзінен шыққан, қазақша орындау, атқару дегенді білдіреді. «Функция» терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц болатын.
Сан аралықтары
Сан аралықтары
теңсіздіктер шешімін сан аралығы арқылы жаза білуге, сан аралықтарының атын білуге және координаталық түзуде сан аралықтарын кескіндей білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.