Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

24 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
(Қайталау жаттығулары)
Мақсаты: Ондық бөлшектерді қосу және азайту, салыстыруға есептер шығару, алған білімдерін тексеру. Өзінше ойлап тұжырым жасай білу қабілетін дамытуға, өз бетімен еңбектену сезімдерін, оқулықпен жұмыс жасау дағдысын дамыту. Дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: киіз үй моделі, канатты сөздер, слайд, плакаттар.
Сабақтың түрі: Бекіту сабақ
Сабақтың типі: ойын - оқыту сабақ

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Киіз үй моделін құру
3. Үйге тапсырма
4. Қорытынды
5. Бағалау

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңыздар. Біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз киіз үй тігу. Оны тігу үшін ондық бөлшектерді қосып - азайта және салыстыра білуіміз керек.
- Қане кім біледі киіз үйді қай кезде тігеді?
- Наурыз мейрамы кезінде
- Жайлауға көшкенде
- Қане, қайсыңыз білесіз, киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
- Керегеден
- Шаңырақ, уық, туырлық, үзік, түндік, таңғыш, басқұр
- Дұрыс
Енді шаңырағын көтеріп уықтарын байлауымыз керек. Ол үшін ауылдың мықты деген екі - үш жігіті адалбақанмен шаңырақты көтереді де қыз - келіншектер уықты байлайды екен. Бізде шаңырақты көтеруге сыныбымыздың мықты деген үш жігітін ортаға шақырайық.
"Қасқырдан қоянды құтқару" есебі.
6, 3+4=10. 3
10, 3+4, 6=14. 9
14, 9+2=16, 9
16, 9 - 4, 9=12
12+2=14
3, 44+2=5, 44
5, 44+4, 2=9, 64
9, 64 - 0, 01=9, 63
9, 63+3=12, 63
12, 63+3=15, 63

Енді уықтарын байлауға қыздарымызды шақырайық
0, 1+0, 9 қ
0, 6+0, 4 л
0, 629+0, 371 а
0, 629+0, 371а
0, 72+0, 28 ы
0, 613+0, 387ш
09+0, 91 р
0, 25+0, 75 ғ
Осы есепті шығарсаңдар адамның досы, адамға тек қана жақсылық жасайтын кұстың атын шешеміз. (Қарлығаш)
Ол үшін керегенің басында тұрған ондық бөлшекке, уықтың ұшындағы ондық бөлшектерді қосқанда шаңырақтағы 1 - ге тең болу керек.
Енді босағасы мен есігін(сықырлауық) орнатамыз. Ол үшін мынадай сұраққа жауап беріңіздер.
І. Ондық бөлшектерді қалай қосады?
2. 0ндық бөлшектерді қалай азайтады?
Міне сөйтіп үйдің қаңқасын көтердік. Енді киіздерін жауып, әсемдік бауларын тағуымыз керек. Оны енді көптеп - көлемдеп жабуымыз керек. Өйткені киіздер ауыр болады ғой. Ол үшін бәріміз
"тест" жұмысын орындаймыз.

Тест. 1 - нұсқа
1. Есепте: 0, 62+12, 3
А) 12, 92;
Б) 1, 85;
В) 74, 3.

Тапсырма: "Қасқырдан қоянды құтқару"
2. Салыстыр. қайсысы дұрыс:
А) 42, 11 < 4, 211
Б) 6, 61 < 66, 1
3. Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің әріптермен жазылуы:
А) а+в =в+а
Б) а(в+с)=ав=вс
В) а+(в+с)=(а+в)+с

4. Есепте: 2, 65 - 0, 6
А) 2, 59;
Б) 2, 05;
В) 1, 05.
5. 72/100
А) бұрыс бөлшек;
Б) дұрыс бөлшек;
В) ондық бөлшек.

2 - нұсқа
1. Есепте: 13, 23+2, 59
А) 13, 472;
Б) 134, 72;
В) 15, 82.
2. Салыстыр. Қайсысы дұрыс:
А) 5, 063 5, 7
3. Өсу ретімен орналастыр: 0, 08; 0, 0085; 1, 501; 1, 05; 0, 031
А) 0, 0085; 0, 031; 0, 08; 1, 01; 1, 501;
Б) 0, 08; 0, 031; 0, 0085; 1, 05; 1, 501;
В) 0, 0085; 0, 08; 0, 31; 1, 501; 1, 05.
4. Есепте: 1 7, 856 - 5, 254
А) 13, 202
Б) 12, 602
В) 1, 2602
5. 8/5
А) аралас сан;
Б) дұрыс бөлшек;
В) бұрыс бөлшек.

Енді үзігін жабамыз. Ол үшін мына есепті шығару арқылы күннің суытқанына қарамай, жылы жаққа ұшып кетпей қалатын, бейбітшілік құсының атын табамыз. Ол үшін төмендегі есептерді шығарып, дөңгелек сектордың тұсындағы әріптерді ретімен жазамыз.
1. 6, 7234+0, 0973=6. 8207
2. 23. 7621+1. 3=25. 0621
3. 0. 279+1. 13=1. 409
4. 9. 232 - 2. 71=6. 522
5. 5. 491 - 2. 5=2. 991
6. 0. 983 - 0. 3634=0. 2196
7. 872. 917 - 2. 811=870. 106
8. 32 - 3. 768=28. 232
Енді түндігін жабуымыз керек. Ол үшін мына тапсырманы орындау керек.

1 - тапсырма. Қандай балықта қабыршақ жоқ Шортан - 4, 3; лақа - 3, 5; жайын - 2; табан - 3;

Оқушы осы тізімнен бір балықты таңдап алып, соған сәйкес қара шаршыға орналастырып блок - схема бойынша есепті шығарады. Нәтижесінде көрсетілген 7 саны шықса, жауап дұрыс болғаны. Олай болмаған жағдайда басқа балықты таңдау керек.

2 - тапсырма: Қандай жануар бәрінен де жылдам жүгіреді?
Марал - 10; гепард - 4; бұлан - 8

Міне, балалар киіз үйді құрып болдық. Бұл сабақта біздің мақсатымызға жетуімізге не көмектесті: білім, өзара көмек және достық.

4. Үйге тапсырма:
5. Сабақ бағаланып қорытындыланады.

Солтүстік Қазақстан облысы,
Айыртау ауданы, Ағынтай батыр ауылы
Златогор орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Мағзұм Нұрланбек

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 492
9
6 дауыс
Оқи отырыңыз
Ағаштан күрек жасау
Ағаштан күрек жасау
Бүгінгі күннің қажеттілігі – кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету.
Тапқырлар тартысы
Тапқырлар тартысы
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, "Мақтарал" мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Хожаева Жазира Орынбековна
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, 1 Май орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джанкенова Анаргуль Куанышевна
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Пікірлер (9)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Жанат
Жанат Қонақ 26 ақпан 2016 22:41
0
Тамаша курылган сабак рахмет
Сункар
Сункар Қонақ 26 ақпан 2016 22:54
0
Сабак оте жаксы курылган рахмет
даяна
даяна Қонақ 27 ақпан 2016 01:43
0
Сабагынызга рахмет жаксы жазылган
Лайла
Лайла Қонақ 27 ақпан 2016 01:55
0
Рахмет сабагынызга
Лиза
Лиза Қонақ 27 ақпан 2016 20:33
0
Сабагынызга рахмет
Серибол
Серибол Қонақ 18 наурыз 2016 14:59
0
сабағыңызға рахмет сәттілік тилеймін
Серикдос
Серикдос Қонақ 11 мам 2016 18:42
0
Сабағыңыызға рахмет сәтілік тілеймін
aygerim
aygerim Қонақ 11 мам 2016 18:51
0
сабағыңыз өте тамаша екен, Сәттілік тілеймін сізге
moldirridlom
moldirridlom Қонақ 11 мам 2016 23:40
0
керемет сабақ. сабағыңызға рахмет