Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев

05 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
Сабақтың мақсаты:
I. Е. Хасанғалиев өмірінен қысқаша мәлімет. Атамекен әнін үйрету.
II. Музыка тыңдау дағдыларын, ән салу икемділіктерін дамыту.
III. Өнер арқылы ізгілікке, мәдениетке тарту және өнерді қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
IV. Сабақтың дәйек сөзі: «Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспан шырақтарында, ал жердегі дыбыс сұлулығы - ән, күй, аспаптар сазында» Әл - Фараби.
V. Сабақ түрі: жаңа сабақ
VI. Әдісі: кешенді талдау, топтық жұмыс, сұрақ – жауап, ән үйрену, СТО. Көрнекілік: кеспе қағаздар, интерактивті тақта, суреттер, музыкалық аспап, слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу.

«Сарыарқа» күйімен класқа кіру. Әуенмен амандасу.
Оқушы назарын аудару.
Музыка – эстетика
Музыка – жан шуағы
Музыка – өмірді тану
Музыка – тәрбие ошағы.
- Балалар, көңіл күйлерің қалай?

Сабақ жоспары:
1. Танып білу кезеңі. «Мен білемін». «Атамекен» әнінен үзінді тыңдау.
Балалар, біз қандай ән тыңдадық? Әнде не туралы айтылған? Бұл әннің орындаушысы кім? Ескендір Хасанғалиев дегендер І топқа, Нұрғали Нүсіпжанов дегендер ІІ топқа бөлінеміз. Неге Ескендір Хасанғалиев деп ойлайсың? Неге Нұрғали Нүсіпжанов деп ойлайсыңдар?
- Балалар, бұл әннің орындаушысы және әннің әуенін жазған композитор Е. Хасанғалиев ағамыз екен.

2. Түсіну кезеңі. (Балаларға мәтін үлестірмелі қағаз арқылы таратылады)
І топ өмірі туралы, мансабы
ІІ топ марапаты, шығармалары туралы кестені толтыру арқылы баяндайды.
1. Е. Хасанғалиевтің өмірімен екі топ өздері кешенді талдау әдісімен таныстырады.
Кім? Ескендір Хасанғалиев

Туған жылы 1940 жылы
Туған жері? Орал облысында
Алған білімі: Құрманғазы атындағы Алматы
Мемлекеттік консерваториясының вокальды – хор факультетін, Әль - Фараби атындағы Шымкент
мәдениет институтын бітірді.
Мансабы: әнші, композитор
Марапаты: Қазақстан Республикасының халық артисі, «Құрмет» орден иесі, Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері.
Шығармалары: "Әдемі", "Асыл арман", "Өмірімнің жазы", "Атамекен»

3. Сергіту сәті. «Тәтті тілектер». (Балалардың тәттіні ұстағандағы әсерін, сезімін сұрау).
Әнді

Тәттілеп айту
Таңдап айту
Сезіммен айту
Тартымды айту
Нақышына келтіре айту
Тамсана айту
Ұнамды айту
Құштарлықпен айту

«Жұптас – ойлан – бөліс» шығармашылық жұмыс (сурет бойынша туған жер келбетін бейнелеп, бір шумақ өлең құрастыру). Мақал ( туған жер туралы). Ән ( туған жер туралы)

5. Музыкалық сауат. Дауыс жаттығулары.(Суретте бейнеленген жануар мен құстардың дауысын салу арқылы, дауыс жаттықтыру)

Балалар, енді біз бүгін үйренетін әніміздің тақырыбы Отан, туған жер сөзінің синонимі - «Атамекен». (Әннің шығу тарихы туралы баяндау)
1970 жылы айтулы мерекеге салтанатты концерт дайындалады. Бұл концертте туған ел, жер туралы жаңа ән шырқалуы керек болады. Е. Хасанғалиев тез арада ән жазуға кіріседі. Әннің әуені дайын болғанда белгілі ақын Қ. Мырзалиевқа келеді. Ақын әннің әуенін тыңдап алып, оның буынына лайық сөзін жазып шығады. Сөйтіп, осы концертте Е. Хасанғалиев пен қазақтың танымал әншісі Н. Нүсіпжанов екеуі жаңа әнді орындап шығады. Әсіресе әннің қайырмасында халық орындарынан ду көтеріліп тұрып кетеді. Осылайша халықтың жүрегінен жол тапқан «Атамекен» әні дүниеге келеді.
Ән үйрену. «Атамекен»

4. «Кім мықты». (Ноталар аттарын қатыстырып бірнеше сөз құрау).
«До», «Ре», «Ми», «Фа», «Соль», «Ля», «Си»

Қорытынды. Қолдану кезеңі.
«Аспаптар» ойыны. (аспаптарды таңдай отырып, әр топ оқушылары сұрақтар бойынша жауап береді).
Бағалау. «Бес бармақ» тәсілі бойынша.
Үйге тапсырма: Композитор туралы оқу, әннің сөзін жаттап келу. Кластан марш екпінімен шығару.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
«Ақтөбе облыстық туберкулез – санаториясы
мектеп - интернаты» КММ - сі бойынша музыка пәнінің
І санатты мұғалімі Медина Гаухар Мақсатқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 434
2
5 дауыс
Оқи отырыңыз
Мұхит салған әуезді ән
Мұхит салған әуезді ән
Қолына домбыра ұстаған әр қазақ баласының көркемдік рухының көк жиегін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін ұштап оны жыраулық, термешілік, әншілік өнерге жетелеу.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасының музыка жетекшісі Қартбаева Күнайхан Құсайынқызы
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқында көне үрмелі сыбызғы аспабы сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды.
Музыка және қолданбалы өнер
Музыка және қолданбалы өнер
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән - күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (2)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
гулфира
гулфира Қонақ 3 мам 2016 18:45
0
сабақ жоспары өте сауатты, түсінікті жазылған.Конкурста жеңімпаз атанатынына сенімдіміз.
айгерім
айгерім Қонақ 16 мам 2016 17:21
0
Сабақ мағанда қатты ұнады. Рахмет апай, деніңізге саулық, шығармашылық шыңына жетіңіз