Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Би музыкасы

28 наурыз 2017, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Би музыкасы (3 сынып)
Үздік ашық сабақ бәйгесіне
Қатысатын категория: музыка
1. Би музыкасы
3 - бөлім. Бүгінгі заман музыкасы
Осы сабақтағы негізгі мақсаттары: 1. Би музыкасымен танысу.
2. Қазақ халқының салт - дәстүріндегі бидің алатын орны, Шара Жиенқұлованың өмірімен және билерімен танысу.
3: Оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын дамыту, сүйіспеншілігін ояту арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтағы музыкалар
Музыка сауаты
Алдыңғы сабақтағы білімді тексеру:
1) «Ақ мамам»— орындауға
2) халық әні «Жайдарман»— тыңдауға
3) «Наурыз келді»— үйренуге
Дыбыс қатары қайталау. Гамма До - До.

Оқушылардан дыбыс қатарының бес сызыққа орналасуын, «Ақ мамам» әнін. және өз шығармашылықтарын көрсетуін сұраймын.

Сабақтың барысы
Оқушылар кірер алдында «Би күйі» (А. Жұбанов) орындалып тұрады.
Ұйымдастыру: Сәлемдесу.
Сыныпты түгендеу, сабаққа психологиялық дайындықтар.
/Оқушылар бір-біріне мамаларының еркелеткен аттарын айта отырып тілек айтады/

Сабақтың ортасы 7 - 11 минут
Миға шабуыл «Ойлан тап»
Р Ш А А.
Л Ұ У С Ұ Н Р
С Е Л Ә
Ғ А Ш Ұ Л Ы
Т О Б Л А
Б І Е Л И Р

/ тақырыпты ашу /
Оларды халық не үшін құрметтеді?.
Бишілердің ерекше қасиеттері неде?
Би – халықтың мәдениеті мен дәстүрі арқылы жеткен халық мұрасы. Ол адамның көңіл - күйін көтеріп, ішкі жан дүниесіне қуаныш сыйлайды.
Би музыкасы - биге арналған музыка.
Би музыкасы екі түрге бөлінеді.
- Халықтық / ұлттық/
- кәсіби / салтанатты, театрландырылған /
Қазақстанда би өнері 20 - ғасырдың басынан жақсы дамыған. Қазақтың ұлттық би өнерін жоғарғы деңгейге жеткізген кәсіби биші Шара Жиенқұлованың өмір баяны жайлы, билері туралы әңгімелеу.
Оқушыларға Қазақтың бишілері Болат Аюханов, Шұғыла Сапарғалиқызы, Ақтөбе облысының мақтаныштары Нұрсұлу Тапалова, Әсел Әлібекова т. б туралы таныстырылады.
Музыка тыңдайық:
«Жайдарман» халық әні.
Көңілді ән, биге арналған
/Би қимылдарын салып әуенге билеу /
«Бөрте биі» Ш. Сапарғалиқызы.
Нота сауаты: Нота арқауына жеті нотаның орналасуын жазу. Музыка әлемінде ретімен орналасқан дыбыс аралығын октава деп атайды.: Музыкада бірнеше октава бар. 1, 2, кіші, үлкен октава.
Балалар дыбыс қатарларын әуенмен және нота арқылы қайталайды. До - до.
Ән орындайық: «Наурыз келді»
Әнін жазған Н. Дүкенбаев, Сөзін жазған Қ. Смағұлов
Әнді орындамас бұрын мәтінін мәнерлеп оқып беремін.
- Балалар наурыз айында қандай мерекелер бар?
- Қазақтың жаңа жылы қай күні тойланады?
- Қалай тойланады?
Әнді нотасымен айту және әуенімен орындау. Әннің екпіні орташа. Ән көңілді, әрі жігерлі, ойнақы орындалады.

Сабақтың соңы 35 - 45 минут
Қорытындылау: Сұрақтарға жауап бер!
1. Қазақтың алғашқы биші қызы кім?
2. Шұғыла Сапарғалиқызының қандай биін бейнероликтен көрдіңдер?
3. Әсел Әлібекова кім, қай жақта дүниеге келген?
4. Халық әні Жайдарман қандай би қимылдарына сәйкес келеді / жылдам, баяу/?
5. Бидің қандай түрлерін білесіңдер?
5. Музыкада неше октава бар?

Үйге тапсырма: Бишілер жайлы қосымша мәліметтер жинау. «Наурыз келді» әнінің сөзін жаттау.
Бағалау. / өзін - өзі бағалау/

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Көкбұлақ ауылы, Көкбұлақ орта мектебінің
музыка пәні мұғалімі Қисықбасова Дариға Азанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 221
1
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Көрісу
Көрісу
Еліміздің батыс өңірлерінде Наурыз мейрамына алдын ала үлкен дайындықтар жасалады. Өйткені, қыстан аман - есен шыққан халық бір - бірімен қауышып, амандық, саулық сұрасады. Осы тұста есте қалатын мерекелердің бірі - 14 наурыз Көрісу мерекесі. Сол
Step 1. Food and drink
Step 1. Food and drink
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) *Жеміс, сусын, көкөністің ағылшынша аттарын айта алу *countable/ uncountable зат есімдерді айыра алуы *Қазақтың ұлттық тағамдары туралы ағылшын тілінде айтуға дағдылану
Туынды тарауын қайталау
Туынды тарауын қайталау
Оқушылардың туындыны есептеу ережелері, күрделі, тригонометриялы функциялардың туындысын, туындының физикалық, геометриялық мағынасы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Кілт тасушы «Соль», «Ля» деп ән саламыз
Кілт тасушы «Соль», «Ля» деп ән саламыз
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы, М. Б. Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп балабақша кешені Музыка пәні мұғалімі Сарсенгалиева Жаннагуль Ануарқызы
Күйді жаттау әдісі
Күйді жаттау әдісі
Күй – қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Қазақ халқының күйшілік өнері сонау көне заманнан халқымызбен бірге жасасып, біте қайнасып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
кырмызы
кырмызы Қонақ 29 наурыз 2017 17:24
0
САБАҚ ӨТЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН .