Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сайф Сарайи (1321 - 1396) Түрікше Гүлстан

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Сайф Сарайи (1321 - 1396) «Түрікше Гүлстан»

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Әдебиет 8 - сынып
Сілтеме: Ақылды тақта, видео, слайдтар, флипчарт, суреттер
Білімділік мақсаты: Оқушының білімге деген құштарлығын арттыра отырып, Сайф Сарайи шығармашылығының түпкі мән - мақсатын және оның әңгімелерінің идеясы мен тәлім - тағылымын, үлгі - өнегесін, қысқа әңгіме жазудағы ұтымды шеберлігін талдата отырып меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Алған білімдерін жинақтауға, жүйелеуге, іздене, пайдалана, салыстыра білуге, ойларын нақты, еркін жеткізуге, шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға, ойлануға, оны өз өмірлеріне пайдасы тиетін тұстарын ажырата білуге жағдай жасау, «Мәңгілік ел» идеясымен Сайф Сарайи әңгімелерінің идеясын сабақтастыра білуге жетелеу, функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Әңгімедегі адамгершілік қасиеттерді бойларына дарыта отырып, шығармашылық іскерлікке баулу, өз елінің жанашыр парасатты азаматы әрі бүгінгі заман талабына лайықты тұлға болуға тәрбиелеу.

Түйінді идеялар:
«Миға шабуыл»
Ребус шешу
1. Сәлемдесу, сабаққа дайындықты жан - жақты тексеру.
2. Жұпқа бөлу. Ол үшін шашу (конфет) шашамын. Онда 1 - ден 9 - ға дейінгі сандар 2 рет жазылып қағазға оралған. Бірдей сан алған оқушылар бір - бірімен жұптасады.

3. - ШЕ - СТАН
3. Оқушылар ребус арқылы сабақтың тақырыбын өздері анықтайды.
- Неліктен 9 жұпқа бөлдім?

«Мағынаны тану» сатысы
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
- Себебі С. Сарайи 9 әңгіме жазған. 9 әңгімені талдау үшін
9 топқа бөліндік.
Оқушылардың міндеттері айқындалып беріледі. Сонымен қатар үйде С. Сарайи әңгімелерінің мазмұнымен танысып келуді тапсырғанбыз. Бүгін осы әңгімелер бойынша шығармашылық талдау тапсырмаларын орындайтын боламыз.

4. Жұптық жұмыс
1 - тапсырма: Слайдтан әңгімені талдау тапсырмасының талабы көрсетіледі. Критериалды бағалау парақшасын таратып беремін.

Ашық сұрақ, жетек сұрақ, проблемалық сұрақтар, жұппен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау
5. Жұптасып орындаған жұмыстарын жан - жақты талдап қорғау

6. Даналық түйіні
 Әңгіменің даналық түйінін табайық!
Жұптасқан топ слайдта көрсетілген өз әңгімесінің түйінін атайды.
- Еңбек, ақыл, зұлымдықпен күрес (ақ ниет, ой тазалығы), тәрбие, адалдық, әдептілік, қабілет, дәулет, сөз құдіреті

«Ой шақыру» стратегиясы
7. «Мәңгілік ел» – ұлттық идея (өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру)
- Жазушының осындай даналық қасиеттерді ғана таңдап алу себебі неде?
- Елінің келешегін ойлаған ғұлама Қазақ елінің «Мәңгілік ел» болғанын аңсаған.
- Сонда Сайф Сарайи қандай тұлға болған?
- Осындай ғұламалық, кемеңгерлік ой айтқан кімдердің шығармашылығымен таныссыңдар?
- Түркі сөздерін шашау шығармай жинақтаған Махмұд Қашқари, адамзат баласына құт – береке әкелетін білім негізін қалаған Жүсіп Баласағұни, түркі әлемінің «Даналық кітабын» жазған Қожа Ахмет Йасауи, білімнің пайдасы мен надандықтың зиянын, жомарттық пен сараңдық, көркем мінез бен жарамсыз қылық жайында «Ақиқат сыйын» жазған Ахмет Йүгінеки, пайғамбарлар өмірінен сыр айтатын қиссалар жазған Рабғузи еңбектері – «Мәңгілік ел» болуға апаратын алтын көпір.

Бейнесюжет көсетілімі
8. Бейнесюжет «Мәңгілік ел»
- Олай болса ұлылардың астарлы ойын «Мәңгілік ел» идеясымен сабақтастырып, ойларыңды ортаға салыңдар.
Слайд
«Суретті ой толғау» сатысы
Әр жұпқа 9 суреттер топтамасы үлестіріледі.

9. Экраннан Елбасы Жолдауынан үзінді көрсетіледі.

10. Сабақ барысындағы ойлар мен төмендегі сұрақтарды, қолдарыңдағы суреттерді пайдалана отырып ой толғау жазыңдар. (9 парақ үлестіремін.)
Тақырыбын өздерің ойлап қойыңдар.
 С. Сарайи әңгімелерінің кейіпкерлері сендерді қандай қасиеттерімен баурап алды?
 Кейіпкерлерді, тұлғаларды, қаһармандарды неліктен дәріптейміз, неге үлгі тұтамыз?

11. Бекіту жұмысы. «Тәуелсіздік шамшырағы»
- Тәуелсіздігіміз мәңгілік болу үшін Адам баласында қандай асыл қасиеттер болуы шарт? Соны алдарыңдағы дайын қима қағаздарға жазып тақтаға іліңдер. Тәуелсіздіктің 25 жылдық символикасының шашыраған шуақтарына жапсырады.)
- Алдарыңда тұрған сөзге бір - бір мақал - мәтел ойлаңдар. Неліктен мен бұл парақшаларды сабақ басында бердім?

12. Үйге тапсырма
 С. Сарайи ізімен «Мәңгілік елдің» ең басты қасиетін анықтайтын 10 - шы әңгімені сендер жазып келіңдер. Бабаларың 10 - шы әңгімені сендерге тапсырғанға ұқсайды.
 Осы әңгімелердің тақырыбы мен идеясына сай мақал - мәтел, афоризм, даналық ойлар жазып келіңдер.
13. Критериалды бағалау парақшасын жинап аламын.

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы,
№1 Қазақ - түрік лицей - интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Игенова Айгүл Ахмашқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 672
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері
Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері
Ыбырай - қазақ әдебиетіндегі көркем проза саласының негізін салушы, Европалық үлгідегі шағын көркем шығарманы қазақ оқырманына тұңғыш әкелуші. Төменгі сыныптарда біз Ыбырайдың біраз әңгімелерімен танысқанбыз.
М. Жұмабаев. Қазақ тілі
М. Жұмабаев. Қазақ тілі
Мағжан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мәлімет бере отырып өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу, тіл тазалығы, тіл байлығы жайлы түсіндіру.
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» Абай Құнанбаев
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» Абай Құнанбаев
Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру, ақын тілінің ерекшелігін танытып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
Тарқаған өкпе. Толымбек Әбдірайым
Тарқаған өкпе. Толымбек Әбдірайым
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш пәні мұғалімі Гайсина Дамели Бактыгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.