Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ізденген жетер мұратқа

14 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Үздік ұстаз бәйгесіне
Тақырып: Ізденген жетер мұратқа
Ашық сабақ 6 сынып
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Ерік - күш, еңбекқорлық, табандылық
Сабақ мақсаты: Оқушыларды өз бетінше танып - білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске асқан сүйіспеншілікпен талпынысқа үйрету.
Міндеті:
- Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;
- Оқушылардың ерік - күшін дамытуға ықпал ету;
- Оқушыларды еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу;
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)
Абай атамыздың 19 қара сөзі. Аудио, Презентация, бейнебаян.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi (2мин)
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Сабақтағы жағымды күйге келу
5 «Т» ұстанымын еске түсіру
 1. Тәртіп
 2. Талап
 3. Тазалық
 4. Татулық
 5. Тыныштық

Тыныштық сәтi (3мин)
• Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз.
• Сіз өзіңізді табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз.
• Сіз көл жағасында суда жалаң аяқ жалдап жүрсіз.
• Салқын су сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық).
• Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық).
• Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық).
• Сіз көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз..... (тыныштық).
• Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат - анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз.
• Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).
• Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана - Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.

Сөзжұмбақтар шешу арқылы өз топтарының атын ату. (1минут)
1 - топ: Мейірім
2 - топ: Қасиет
3 - топ: Ізденіс

Үй тапсырмасын тексеру (6 мин) Шоқан мен Ломоносов туралы
1 - топ Шоқан туралы
2 - топ Ломоносов туралы
3 – топ: Екі ғалымның ұқсастығын айту
- Адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?
- Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?
- Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?
- Адамды қандай қасиеттер табысқа жетелейді?

Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз (1мин)

Жаман әдеттен құтылуға,
Жақсы әдетті табуға шара бар
Ол шара - табандылық, қажырлылық Қажет қасиеттің бірі, өзіне - өзі сенімділік

Мать Тереза: «Ұлы нәрсе іздемеңдер, алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен қарау керек»
- Ұлы нәрсе дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сүйіспеншілік дегеніміз не?
Мұғалімнің сыйы: «Еңбек етпеген ішіп жемейді» Серб ертегісі
Әңгiмелеу (сұхбат) (5 мин)
• Өсиет әңгіменің мәні неде?
• Корольдың қызы жігітінің айтылған бір ауыз сөзіне мән бере білді ме?
• Қороль қызы тамақ ішу үшін қандай әрекет жасады?
• Ол өз алдына мақсат қоя білді ме және мақсатына жетуге ұмтылды ма?
• Қандай мақал - мәтел айтуға болады?
Түйін: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

Бейнефильм көрсету; C:\Users\1\Desktop\Өзін өзі тану 7с Сәулесімен санаңның, жігерленсің талабың 1 Видео ресурc - ViYoutube. webm (3 минут)
Талдау: Бұл бейнероликтегі екі азаматтың қол - аяқтары жоқ кемтар болса да ізденіп, талпыныс жасап, өздерінің жан - жақты екендігін көрсете білді.

Сахналау: шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (5 мин) Қ. Толыбаевтың,
«Құштарлық» әңгімесін оқушылардың рөлге бөліп, сахналап көрсету тапсырылады. Әңгіме барысына қатысушылар:
Автор, Әбунасыр ғұлама, мүтәліп бала.
Түйіндеме:
1. Әрекет етуге, оны жоспарлай білуге үйретеді.
2. Мақсат қойа білуге, қойған мақсатыңа жетуге ұмтылдырады.
3. Жауапкершілік ала білуге бейімдейді, белсенділікті арттырады.
4. Болашаққа деген сеніміңді қалыптастырады, өз мүмкіндігіңді шыңдай түседі

Аудио тыңдау: Abajdy_19_ara_s_z__Sol_est_lerden_est_p_b_lgen_zha_sy_n_rselerd_eskerse _zhaman_degennen_sa_tans_(iPlayer. fm) (1). mp3Абай атамыздың 19 қара сөзін тыңдай отырып сол бойынша түйіндеме жазу (2 минут)

Ойын – Сөз жұмбақ; ( ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА) сөз құрау (3минут)

• І - ізденіс, із кесу, іс әрекет жасау
• З - зиялы қауым байланыс, зейінмен тыңдау
• Д - дүниені аралау
• Е - еңбектену
• Н - намыстану
• Г - гүлдей жайнап жүру
• Е - еріншектенбеу
• Н - надандық жолға бармау

• Ж - жұмысқа құлшыныс көрсету
• Е - ертемен тұру
• Т - тамақтануды ұмытпау,
• Е - елімізге пайдамызды тигізу
• Р - риясыз еңбек ету

• М - мақсат қоя білу, мүмкіндігімізді шыңдай түсу.
• Ұ - ұзақ ұмтылыс
• Р - ренжітіп алмау ешкімді
• А - айтылған ақыл сынды көтере білу
• Т - талаптану, табандылық көрсету, терң ойда болу
• Қ - қызығушылықты ояту
• А - армандар орындалады дегенге сену.

Суретке қарап мақал - мәтелдер тауып айту;.(презентацияда көрсетіледі).... (2минут)

Топпен ән айту (1 мин)
«Жас дәуіірдің түлегіміз»
Сөзі: Е. Өтетілеуовтікі
Әні; И. Нүсіпбаевтікі
Өзіміз туған
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып -
Білімді адам боламыз.

Қайырмасы;
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей - (2 рет)
Бақытты біздер баламыз!

Аялар бізді
Қамқоршы ізгі
Сүйікті Отан – анамыз.
Отанды мақтап,
Айтамыз тақпақ -
Шырқатып әнге саламыз.

Үй тапсырмасы: 8 - сабақ. Әсемдікке ұмтылайық! «Әдемі» жаттау дәптермен жұмыс
Қорытынды ревлекция: Стикер қағазына әр оқушы бүгінгі сабақтан алған өз ойын жазып адамгершілік ағашына жабыстырады.
Соңғы тыныштық сәтi (2 мин)
Тыныштық – жүректің әні,
Тыныштық – көңілдің сәні.
Тыныштық – бақыттың таңы,
Тыныштық – өмірдің мәні.
Тыныштық – ашуды жеңер,
Тыныштық – ол нағыз шебер.
“Тыныштық!”- ұраның болса,
Рухани байлығың артып,
Арманың сені іздеп келер,
Адамзат риза боп өтер.
Шаңырақ шаттыққа жетер.

Абайдың 19 - Қарасөзін аудиодан тыңдап, түйінді ойларды іріктеп алыңдар. Олардың маңыздылығын дәлелдеп беріңдер.

Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп - есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Түйінді ойлар Маңыздылығы
Адам өмірге есті болып келмейді. Ол үшін естіп, көріп, оларды ойға тоқу керек. Еңбектенуде, Табандылықта Білгені, көргені көп және оларды ойына тоқыған адамды білімді, ақылды десе болады. Талаптануда; Қызығуда. Берілген білімді, айтылған ақылды зейінімен, көңіл қойып тыңдап, ұғып алуға болады. Талаптануда; Қызығуда

«Еңбек етпеген ішіп жемейді» Серб ертегісі

Король Матидың сұлу қызы бар еді. Бірақ ол жалқау болыпты: Әсте ештеңе істемепті, тіпті іске икемі де болмапты, күнде айна алдына отырып алып, сыланумен болыпты. Оны ұзататын шақта келеді. Король:
• Менің қызымды 3 жылда кім жұмысқа үйретсе, соған күйеуге беремін, - деп
жариялайды. Уақыт өте береді, өте береді, бірақ король қызына ешкім құда да түспейді. Король төңірегіндегі нөкерлерін қызына күйеу іздеуге жібереді. Олар жан – жаққа кетеді. Сөйтіп, оларға бірдей 8 өгізбен жер жыртып, жүрген жігіт кездеседі. Олар бірден корольге баруға бұйырады. Жігіт қорқып кетеді, бірақ бармасқа амал жоқ. Сонымен ол корольге келеді, оған қызын 3 жылда жұмысқа үйретуге уәдесін беріпті. Сөйтіп, ол король қызын үйіне ертіп келеді. Анасы алдарынан жүгіре шығып, сұлу қызға қайран қалады.
Келесі күні жігіт соқаға өгіздерін жегіп, далаға кетеді. Ол анасына келініңді жұмыс істеуге мәжбүр етпе деп тапсырады. Кешкі жұмыстан оралады да, анасы кешкі асын береді.
Мама, бүгін кім жұмыс істеді? – деп сұрапты ұлы.
Екеуіміз, - дейді анасы.
Сірә, кім еңбек етсе, сол ішіп жейтін болар.
Король қызына бұл ұнамайды, ол ашуланып, аш қалпында ұйықтап қалады. Келесі күні де нақ осындай болды. Үшінші күні король қызы қайын енесіне:
Мама, маған әлде қалай жұмыс берші, қол қусырып отырмайын, - депті. Қайын енесі «отын жар», - дейді.
Кеш болады. Асқа отырады. Ал ұлы тағы да сұрайды.
Мама, бүгін кім жұмыс істеді?
Біз үшеуіміз де: мен, сен және король қызы.
Сірә, еңбек еткен ішіп жейтін шығар.
Үшеуі де кешкі асты ішеді. Осылай король қызы ептеп жұмыс істеуге үйренеді.
Үш жылдан кейін король қызының қал – жайын білуге келеді. Қайын енесімен үйлесе жұмыс істеп жүргенін көреді.
Қалай, сенде жұмыс істеуге үйрендің бе? – деп қуана сұрайды король.
О, не дегенің, - деп жауап береді қызы, - біздегі тәртіп мынадай, еңбек етпеген –
ішіп жемейді. Әке, кешкі ас ішкің келсе барып отын жар. Король қызы мен күйеу баласына көп тарту таралғы әкеліп, қонақ болады, сдан соң үшеуінде өзінің сарайына алып барады. Ол жігітті туған ұлындай қабылдап, өзінің тірі кезінде бүкіл корольдігін табыс етуге уәде беріпті.
Соңы

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы
Үштөбе ауылы, Үштөбе жалпы орта білім беретін тірек мектебі
Өзін өзі тану пән мұғалімі Жунусова Куралай Мухамедьяровна

Толық нұсқасын жүктеу
7 359
19
120 дауыс
Оқи отырыңыз
Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары
Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары
Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Шаңырақ жарастығы
Шаңырақ жарастығы
Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық, өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады.
Ниет тазалығы – имандылық мұраты
Ниет тазалығы – имандылық мұраты
Адамгершілікке, адалдыққа, жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Ыбырайтану әлеміне саяхат
Ыбырайтану әлеміне саяхат
Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы қатар келіп отыр, соған байланысты топқа бөлуді, жалпы бүгінгі сабағымызды осы қос мерекемен байланыстырамыз.
Мінез – адам көрсеткіші
Мінез – адам көрсеткіші
Мінез адам көрсеткіші екендігін түсіндіре отырып, Ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Оқушылардың көңіл тазалығы туралы түсініктерін кеңейту
Пікірлер (19)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Марал Қабыжанқызы
Марал Қабыжанқызы Қонақ 15 сәуір 2017 22:02
0
Бұл тақырыпта қозғалып тұрған басты мəселе өзіне сенімділік жəне еңбекке баулу қажырлы табандылық бəрі кіріп тұр. Ұстаз өз оқушыларына өте жақсы жеткізген .!
Құралай Мухамедиярқызы Ең Үздік Ұстаз дер едім!!!
Еңбегіңіз жансын!
Арай
Арай Қонақ 16 сәуір 2017 01:08
0
Сабақ оте ұнады. Егер ар ата-ана балаларына осы сабақ тақырыбын ұстана тәрбие берсе, болаққа сеніммен қарауға болады. Ұстазға алғысымды айтам. Өзім сабақта отырғандай болдым. Үздік ұстаз болуға лайықтысыз деп ойлаймын.
Dariya Serikkyzy
Dariya Serikkyzy Қонақ 16 сәуір 2017 11:41
0
Тақырыптың мəні зор екен. Маған ұнады. Оқушыларға жəнеде ересек адамдарға өмірде керек деп ойлаймын. Осындай тақырыптарды мектеп қабырғасында оқушыларға айтып үйретіп жүргеніңіз өте дұрыс екен. Рахмет, өзімеде пайдасы мол болды. Ең үздік ұзтас деп айтар едім!!! Еңбегіңіз жана берсін! Денсаулығыңыз мықты болсын!
Блялова Лаура Сұнғатоллақызы
Блялова Лаура Сұнғатоллақызы Қонақ 16 сәуір 2017 15:39
0
тәрбие отбасынан басталады демекші мектеп жақтан да тәрбие берген дұрыс қой.Осындай тәрбие жайында көп мағлұмат оқыған ұстазымыз Құралай Мұхамедиярқызындай ұстаздарымыз көп болсын.Керемет жазылған.
Роза
Роза Қонақ 16 сәуір 2017 18:15
0
алынган такырыбы бойынша алынган материалдары магыналы тусиникти,маган унады. Куралай устазымызга коп рахмет,енбегиниз жансын!Саттилик!
Туғанай
Туғанай Қонақ 16 сәуір 2017 22:34
0
Сабақтың мақсаты толық орындалған!!! Болашақта да осындай қызықты сабақ өткізуге тілектеспің!!!! Маған ұнады! Рақмет
Берік Қабыжанұлы
Берік Қабыжанұлы Қонақ 16 сәуір 2017 22:56
0
Еңбегіңіз жемісті болсын!
Рымгуль Ансабаева Смагуловна
Рымгуль Ансабаева Смагуловна Қонақ 16 сәуір 2017 22:59
0
Улкен жетистикке жетинуинизге тилектеспин!
Гульнара Мизимбаевна
Гульнара Мизимбаевна Қонақ 17 сәуір 2017 10:07
0
Сабақ тақырыбы өзекті. Қолданылған әдістемелік деректер, ерекше оқуты методы мен қарастырылған тақырып мазмұны мұғалімнің дана шеберлігі мен жоғары деңгейін көрсетеді. Болашақта да Құралай Мұxамедиярқызына биік шыңдардан көріне беруге, мол жетістік пен оқушылардың алғысына баули беруге тілектеспін!
Жанар
Жанар Қонақ 17 сәуір 2017 10:12
0
Сабақ тақырыбы бүгінгі күні өзекті. Құрылымы мен өткізу барысы, пайдаланған әдістемелік құралдары ұстаздың атына айтып тұр. Ұнады! Биік жетістіктерге жете беруңізге тілектеспін!
Актолкын
Актолкын Қонақ 17 сәуір 2017 11:09
0
Сабағыңыз өте керемет! Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!
Кабдулла
Кабдулла Қонақ 17 сәуір 2017 12:39
0
Сабак катты унады!
Бижанова Анель
Бижанова Анель Қонақ 17 сәуір 2017 12:39
0
Зердеден сәлем:) Сабағыңыз қызық екен
Аина
Аина Қонақ 17 сәуір 2017 12:40
0
Құралай апайдың сабақ беру методикасы табанды, жоғары маман екендігін анық көрсетеді. Тек қана алға ұмтылуға тілектеспін. Зердеден сәлем!
Зауре
Зауре Қонақ 17 сәуір 2017 23:12
0
Енбегин жансын! Табыс тилеймин.
Ділдә
Ділдә Қонақ 20 сәуір 2017 00:52
0
Құралай апай. Сабағыңыз өте тартымды және жоғары деңгейде екен. САбақ құрылымдары жаңа технология құрлымдарын да жақсы қолданыпсыз. Балаларға өте қызыты болады.Өзіме де тәжірбие алдым, оқи отыра. winked РАхмет сізге. Жұмыс деңгейіңіз өсе берсін. Сәттілік.
Ботагоз Aлина
Ботагоз Aлина Қонақ 22 сәуір 2017 16:51
0
Құралай Мұхамедияровна сабагыныз өте қатты ұнады! Сабақтың мақсаты толық орындалған!!! Еңбегіңіз жемісті болсын!
Гүлнар Мусаева
Гүлнар Мусаева Қонақ 29 сәуір 2017 23:21
0
Кұралай сабағыныз жан-жакты ойластырылып жазылған. Ізденіп, оқушылардың бойына жақсы құндылықтарды дарытуға үлес қосыпсыз. Сабағыңыз қызықты . Тәрбиелік маңызы зор. Әрқашан биіктерден көріне берініз. Ең үздік ұстаз атағына әбден лайықсыз. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін. Сәттілік!
КУРАЛАЙ
КУРАЛАЙ Қонақ 30 сәуір 2017 04:08
0
Барша пікір жазған əріптестеріме үлкен ракмет айтамын. Дауыс беруді қиындатып жіберіпті. Сіздерге өмірде əрқашанда жолдарыңыз болсын, еңбекте шығармашылық табыс, отбасыңыз да тек бақыт тілеймін,