Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Дәнекерлер, дәнекерлердің құрамы және оларды қолдану

08 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Физика
Дәнекерлер, дәнекерлердің құрамы және оларды қолдану

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дәнекерлердің құрамымен, пайдалану тәртібімен таныстыру.
Білімділік: Өткізгіш сымдарды дәнекерлеп үйрету.
Дамытушылығы: Икемділікке, іскерлікке дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Электр энергиясын үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Оқушыларды шығармашылыққа, техникалық еңбекке үйрете отырып, кәсіби бағдар беру, мамандыққа бейімдеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Өткізгіш сымдар, дәнекерлер, дәнекерлегіштер, наждакты қағаз, канифель.

Сабақтың барысы:
1. Мақсаттық бағыттау
2. Оқушылардың білімі, білік дағдыларының өзектілігін анықтау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Блум таксономиясы бойынша білімдерін бақылау.
1. Білу. «Миға шабуыл» әдісі.
Дәнекер дегеніміз не?
Дәнекерлеу процесі дегеніміз не?
2. Түсіну. «Ой қозғау» сатысы.
Дәнекерлердің түрлерін, олардың химиялық құрамын білесің бе?
3. Қолдану. Дәнекерлердің қай түрі қандай металдарды дәнекерлеуге қолданылады?
4. Талдау. Дәнекер жұмысын қандай құралмен, қалай орындайды.
5. Жинақтау. Сарамандық жұмыс
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын немен танысамыз, нені дайындаймыз.
6. Бағалау. Блум таксономиясы бойынша бағалау парағы.

1. Білу
Дәнекер дегеніміз - белгілі бір металдардың қорытпасы.
Өткізгіштерді өзара дәнекерлеу арқылы жалғауға болады.
Дәнекерлеу процесі дегеніміз - бір текті металдарды дәнекермен жалғау.
Дәнекер тотықпауы тиіс және өткізгіштердің жалғанған жеріне ылғалды, газды өткізбеуі тиіс.
2. Түсіну
Металдарды дәнекермен берік етіп жалғау үшін дәнекерді дұрыс таңдап алу керек.
Маркасы --------------- Химиялық құрамы %
ПОС - 90 ---------------- Қалайы - 90
----------------------------- Сүрме - 2
----------------------------- Қорғасын - 8

ПОС - 40 ----------------- Қалайы - 40
----------------------------- Сүрме - 2
----------------------------- Қорғасын - 58

ПОС - 30 ---------------- Қалайы - 30
---------------------------- Сүрме - 2
---------------------------- Қорғасын - 68

ПОС - 18 ---------------- Қалайы - 18
----------------------------- Сүрме - 2
----------------------------- Қорғасын - 80

3. Қолдану
Пос - 90 дәнекері - тағам пісірілетін, су қайнатылатын ыдыстардың ішкі жапсарларын дәнекерлеуге.
ПОС - 40 дәнекері - жезді, болатты, және мыс сымдарды дәнекерлеуге.
ПОС - 30 дәнекері - жезді, мысты, болатты, мырыш және мырыш жалатылған қаңылтырды, ақ қаңылтырды, радиоаппаратура приборларын дәнекерлеуге.
ПОС - 18 дәнекері - қорғасынды, болатты, жезді, мысты, мырыш жалатылған қаңылтырды дәнекерлеуге арналған.

4. Талдау. Дәнекер жұмысын дәнекерлегішпен мына тәртіпте орындайды.

1. Дәнекерлегіш стерженінің жақтарындағы кедір - бұдыр жерлерін, тұрып қалған қақтарын тазарту.
2. Электр дәнекерлегіш шнурының ақаусыздығын тексеріп көргеннен кейін оны электрмен қоректендіруші көзге қосу.
3. Жалғанатын проводтардың ұштарының изоляциясын пышақпен кесіп тазарту: проводтың қимасы 4мм2 - қа дейін болса, 20мм жерін, ал қимасы 6 - 10 мм2 болса, 30 мм жерін тазарту керек болады; сондай - ақ проводты ұштауға әзірлеу.
4. Салаларды наждакты қағазбен жалтыратып тазарту.
5. Салаларды шиыршықтап орап жалғау (10 - 12 суреттерді қараңыздар).
6. Дәнекерлегіш стерженінің ұшын қалайылау.
7. Салалардың жалғанатын жеріне канифоль жағу.
8. Дәнекерлегіштің ұшына дәнекер жағылған стерженін жалғанатын жерге тидіріп, дәнекер салалар аралықтарын толтырғанға дейін күтіп тұру.
9. Салаға ұштықты кигізіп, оны қысқашпен қысып, сонан кейін дәнекерлеу.
10. Дәнекерлегішті ток көзінен айыру.
11. Наждакты қағазбен жалғанған жерлерді және ұшталған жерлерді тазарту және орындалған жұмысты мұғалімге көрсету.
12. Жалғанған және ұшталған жерлерді изоляциялық лентамен 2 - 3 қабат етіп орау.

5. Жинақтау
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасы ережесімен танысамыз және жұмыс орнын дайындаймыз.
Материалдар мен аспаптар: жалғауға және ұштауға арналған мыс салалы проводтарға арналған ұштықтар, наждакты (зімпара) қағаз, изоляциялық лента, дәнекері және канифолі бар кішкентай ванна, астына тіреуіш тақтайшасы бар электр дәнекерлегіш, монтерлік пышақ, кемпірауыз, егеу.

6. Бағалау
7. Үйге тапсырма

Қызылорда облысы, Қазалы аудандық
Оқушылар Үйінің «Радиотехника» үйірмесінің жетекшісі
Алматова Ұлбосын Қуанышбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 831
5
15 дауыс
Оқи отырыңыз
Алюминий және оның маңызды табиғи қосылыстары
Алюминий және оның маңызды табиғи қосылыстары
Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орны, табиғатта кездесуі, алынуы және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы білім беру.
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқында көне үрмелі сыбызғы аспабы сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы
Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы
Интернет 1960 жылдары АҚШ - та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір - бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ - ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.
Пікірлер (5)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Арухан
Арухан Қонақ 18 сәуір 2016 11:00
0
"Радиотехника" үйірмесінде өткізілген сабақ оқушыларға кәсіби бағдар беруімен қатар техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Үйірме сабағында тақырып тереңірек ашылып, дәнекерлеу туралы алғашқы түсініктер қалыптасады.
Арухан
Арухан Қонақ 18 сәуір 2016 11:03
0
Сабақ арқылы мектеп оқушыларының техникалық мамандыққа деген қызығушылығын артттыруға болады. Сабақ өте қызықты. Дәнекерлеу туралы бастапқы түсініктер анық көрсетілген.
Арухан
Арухан Қонақ 18 сәуір 2016 11:05
0
Сабақ арқылы мектеп оқушыларының техникалық мамандыққа деген қызығушылығын артттыруға болады. Сабақ өте қызықты. Дәнекерлеу туралы бастапқы түсініктер анық көрсетілген.
КЛАРА
КЛАРА Қонақ 20 сәуір 2016 16:28
0
Сабак оте керемет,маган унады.Данекерлеу туралы тусiнiктер жаксы корсетiлген.
Роза
Роза Қонақ 24 сәуір 2016 10:02
0
Сабак оте унады. Данекерлеу туралы сабак толык ашылган. Маган унады.