Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қысым

07 қараша 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Қысым
физика 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
• Қысым туралы түсінік алу
• Оның қандай шамаларға тәуелді болатынын анықтау
• Қысымды есептеуді үйрену
• Қысымның өлшем бірлігімен танысу
Күтілетін нәтиже: Қысым туралы толық мағлұмат алады, анықтамасын, формуласын, өлшем бірліктерін үйренеді.
Сабақтың әдісі: Топтық, сұрақ - жауап, суретпен жұмыс

Топқа бөлу
Сынып оқушыларымен амандасу, смайлик арқылы 3 топқа бөлу
Психологиялық жағымды орта қалыптастыру
Оқушыларды ынтымақтастық қарым - қатынасқа түсіру.
Білу
Үй тапсырмасын сұрау.
“Тест”
1. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама не деп аталады?
А) Масса В) тығыздық С) Күш
2. Гук заңының формуласы қандай?
А) F=mg В) F=kх C) F=μN
3. Күшті өлшейтін құрал не деп аталады?
А) Мензурка В) Спидометр С) Динамометр
4. Күшті анықтаған ғалым кім?
А) Г. Галилей В) И. Ньютон С) Р. Броун
5. Денелердің жерге тартылу күші қандай күш деп аталады?
А) Ауырлық күші В) Серпімділік күші С) үйкеліс күші
6. Дененің салмағы қандай шама?
А) Скаляр шама В) Векторлық шама С) Физикалық шама
7. Ауырлық күшінің формуласы қандай?
А) F=mg В) F=kх C) F=μN
8. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын қандай күш?
А) Ауырлық күші В) Серпімділік күші С) үйкеліс күші
9. g тұрақты шаманың сан мәні неге тең?
А) 9, 2 Н/кг В) 9, 5 Н/кг С) 9, 8 Н/кг
10. Әлемдегі денелердің бір - біріне тартылуы не деп аталады?
А) Бүкіләлемдік тартылыс заңы В) Күш С) Жылдамдық
Тест жауабы:
1. С 6. В
2. В 7. А
3. С 8. С
4. В 9. С
5. А 10. А

Түсіну
Қолдану
Топтық жұмыс (Постер қорғау)
Кітаппен жұмыс.
15 - жаттығу №1
S=0, 01 м2 ауданға F=50 H күш әрекет етеді. Қысымды P анықтаңдар?
15 - жаттығу №2Қар үстінде тұрған шаңғының салмағы F=780 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы a=1, 95 м, ал ені b=0, 06 м. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын P табыңдар?
15 - жаттығу №3Шынжыр табанды ДТ - 75М тракторының массасы
m = 6610кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы S=1, 4 м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын P анықтаңдар?
ЕСЕПТІҢ ЖАУАБЫ 15 - жаттығу №1
P= F/S
P = 5000 Па= 5•103 Па= 5кПа
15 - жаттығу №2
S= 2 ab S=2•1, 95•0, 6= 0, 234 м2;
P= F/S P=780/0, 234≈3333, 3 Па
№ 15 - жаттығу №3
F=mg F=6610•10=66100 H
P=F/S P= 66100/1, 4≈47, 214 Па

Қостанай облысы, Науырзым ауданы,
Қарамеңді селосы, Жамбыл орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі Калиева Ажар Қуандыққызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 080
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысымның пайда болу себебін, атмосфералық қысымның ашылу тарихын, Торричели тәжірибесін түсіндіру, оны өлшейтін құралмен таныстыру.
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру
Жылдамдық, жылдамдық бірліктері және Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу мен шығару жайлы білімдерін қалыптастыру, есеп шығаруға, қолдана білуге, енгізу мен шығару операторларын қолданып программалар құрастыруды үйрету. Б
Квадрат теңдеулерді шешу
Квадрат теңдеулерді шешу
квадрат теңдеулердің түбірлерін табу туралы түсініктерін толықтыру. Түбірлер мен коэффициенттер арасындағы тәуелділікті көрсету.
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын бойынша оқушылардың алған білім деңгейін анықтау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым - қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары тарауын қайталау сабағы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.