Бәйге бөлімі


22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!

Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Дамытушылық:. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу.
Тәрбиелік: Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: Сахнаны мерекеге сай безендіру, оқушылардың наурыз тақырыбына арнап салған суреттері, нақыл сөздер, ұлттық тағам түрлері, құрақ көрпе, мақал - мәтелдер, қабырға газеті.

Тәрбие сағатының жоспары:
1. Кіріспе
- Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.
2. Негізгі бөлім
Оқушылардың әдеби монтажы
Көрініс «Күн мен түн»
Қожанасыр мен Алдар көсенің қонаққа келуі
Қазақтың салт - дәстүрі «Тұсау кесер»
3. Қорытынды бөлімі
Көрініс «Ас атасы - нан»
Наурыз көже
Тәрбие сағатының барысы: Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған. Жыл басы - Наурыз халқымыздың салтында ойын - күлкінің көркі мен сәні Қожанасыр, Алдар көсе болған. Міне енді, сол ауылда болып жатқан «Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
1 - оқушы:
О, жарандар, жараңдар,
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз той басталды,
Текке қарап тұрмаңдар.
2 - оқушы:
Әуелесін армандар,
Үміті от боп жанғандар.
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар.
3 - оқушы:
О, жарандар, жараңдар,
Тамашадан қалмаңдар,
Құс қанатты көңілмен,
Жер әлемді шарлаңдар.
4 - оқушы:
Оятып шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды
Нұрландырған даланы,
Наурыз көктем басталды.
Бәрі бірге: Наурыз мерекесі баршаңызға құт - береке әкелсін! 1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар! Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын Наурыз - көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз - бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
2 - жүргізуші: Уа, халайық! Бұл Ұлыстың ұлы күні. Ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл ата - бабаларымыз үй - үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.
1 - жүргізуші: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн - Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!
2 - жүргізуші:
Кел, балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық - демекші, бүгінгі 3 «Ә» сыныбында өткелі отырған«Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!» атты мерекелік думанға қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: 22 - наурыз - аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.
Шашу, шашу шашайық,
Ән - думанға басайық.
Наурыз келді далама,
Жаңа жыл келді ауылыма (шашу шашылады)
Шашу шаштық болсын деп аман халқым,
Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.
Шашуды тер, мол болсын деп несібелі
Келер жылға жетсек деп аман - есен.
2 - жүргізуші:
Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы!
1 - жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»- деп Абай атамыз жырлағандай ортаға әнші қызымыз Утепберген Динараның орындауында «Дастархан» әнін тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші:
Ал, халайық т ұрмайық,
Әндетейік, шырқайық
Дөңгелесін бишілер,
Ортамызды ашайық. Енді тамашалайтындарыңыз « Қазақ биі» Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар.
5 - оқушы:
Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам.(Наурыз кіріп келеді)
Наурыз:
Сәлем - анам алтын Күн
Сәлем қарты халқымның
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым.
6 - оқушы:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы – салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтарал ауданы, Игілік ауылы,
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 22
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 9 сәуір 2016 09:12
Очень содержательный урок.Обязательно возьму на заметку себе. Отдаю свой голос за Полатову Айгуль.
Пікірлер #2: 11 мам 2016 00:30
Полатова Айгуль Жамантаевна әріптес тәрбие сағатыңыз ұнады. Сізге сәттілік тілеймін!
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Ж дыбысы мен әрпі

    Ж дыбысы мен әрпі бойынша алған білімдерін пысықтау, сөздерді дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Я дыбысы мен әрпі

    Ақ қоян – ау, ақ қоян. Үркек қоян, сақ қоян, Дыбыс шықса қашасың Таудан бір – ақ асасың
  • Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі

    Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
  • Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.

    Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
  • Ә дыбысы мен әрпі

    Ә дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, оқушыларды сөздің, дыбыстың мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету; дамытушылық: эстетикалық тәрбие бере отырып, әдемі жазуға дағыдыландыру;
  • Ә дыбысы мен әрпі

    Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
  • Ә дыбысы мен әрпі

    Ә дыбысы мен әрпін таныстыру. Ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
  • Физикалық және химиялық құбылыстар

    Физикалық және хим. құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту. Тәжірибе арқылы білім берін толықтырып, өмірмен ұштастыру. Құбылыстарды ажырата біледі. Өмірмен байланыстыра алады.
  • Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы

    Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, Танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін ...
  • Физикалық кеш «Қызықты физика»

    Баршаңыз да «Қызықты физика» атты кешіне хош келдіңіздер! Біз бүгінгі кешімізді І курстың ОТС - 11тобы, ОТС - 12 тобы, және құрама топ оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 12
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 12
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика