Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

24 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Мұғалім: Ой шақыру -«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол « Тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыздың айтқан ұлағатты ұғымын қалай түсінесіздер?
1 - оқушы: Ана тілімізді құрметтеу
2 - оқушы: Өз отанымызға адал қызмет ету
3 - оқушы: Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен келген Тәуелсіздігімізді қастерлей, қорғай білу
Өте дұрыс оқушылар, кең байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу – барлығымыздың парызымыз, ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
Түйінді идея: Қазақстан – кеше, бүгін, ертең

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»- атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

2 - Жүргізуші: Тәуелсіздік – осы бір ғана сөздің астарында қаншама қайғы – қасірет, қаншама жүрегі елім, жерім, халқым деп соққан, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты жастарымыз бен ұрпағым деп қасықтай қаны, шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін, атамекен елі үшін жанын пида еткен ата – бабаларымыздың рухы жатыр.

1 - жүргізуші: Тәуелсіздік – бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры. Бұл Тәуелсіздік жолында қаншама ғасырды бастан кешірдік. Туған жерімізге еркіндік орнату үшін бар жанымызды салып, болашаққа үлкен үмітпен қарадық. Азаматтық туы көкте желбіреп, бостандық қыраны көгімізде еркін самғап қалықтау үшін, өткелі қиын бұралаң жолдардан өттік.
(Сахнада музыка әуені ойналады. Сахнаға Жер - Ана кейпіндегі оқушы шығады.)
Жер - Ана: Уа, халқым армысың! Барша бауырым бармысың? Әрбір арайлап атқан таңға, әрбір қызарып батқан күнге «Тәубе, тәубе!» деп шүкіршілік етіп, мен де – Жер - Ана, сендермен бірге жасасып келемін. Сендер көрген қиыншылықты мен де көріп келемін. Уф! Бұл қазағымның басынан нелер келіп, нелер өтпеді. «Елім - айлап!» елінен, жерінен айырылған қайран менің, қазағым! Сонау Жоңғар шапқыншылығы,
1930 - 1933 жылдардағы ашаршылық, 1936 – 1938жж репрессия құрбандары, 1941 - 1945 жжұлы Отан соғысы, кешегі тәуелсіздік үшін құрбан болған жастар, мен не көрмедім?!

Гүлназ: О, сұмдық заман - ай,
Көп зұлымдық жасады - ай.
Әр ананың көз жасы.
Қанды жас боп төгілді - ай!

Гаухар: Қудалауға түсті бәрі, бұзды осылай шырықты,
Тілімізді қолданыстан шеттетуге тырысты.
Халқым өткен осыншама қиянатты жолдардан,
Қаншама жан қасиетті Ана тілін ұмытты.

Дина: Айдау, ату, зобалаңнан қаншама қан төгілді,
Елім деген, қаншама жан шұңқырларға көмілді
Тәркілеу мен ашаршылық елді жоя жаздаған,
Бұл жазалар халқымызға неге қатал берілді.

Монолог: Әлия ( Сағынтаева. Көркем)
Бақыт: Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім.
Естігенде желтоқсанның ызғарын.

Көрініс: Желтоқсан.
Аяжан: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Жер – ана: Біз «Шүкір дейік, құдайға тәубә дейік!» Міне, мен Жер - Ана осының бәріне де куәмін. Уа, халқым шаттан бүгін! Уа, халқым қуан бүгін! Тәуелсіздігімізге 25 жыл! Бүгін бізде береке! Бүгін бізде мереке!
Сілкіп тастап сол жүйені, толық жойып азапты,
Шүкір, Алла, көппен бірге жарылқады қазақты
Ел сағына ұзақ күткен аяулы да ардақты
Арайлана нұрын төккен тәуелсіздік таңы атты.
(Гүл ашылады, Жер – Ананың қасындағы қыздар гүл болып айналып тұра қалады музыка ойнап )
ӘН: Елім менің

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік, Тәуелсіздік жыр – әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным
Атыңнан айналайын Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!

1 - жүргізуші: Талай қиыншылықты басынан өткерген қазақ халқы осы көтерілістің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдында егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болды. Біздің туып - өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т. б. көп ұлттар тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

2 - жүргізуші: Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымыз осыдан екі жыл бұрын ҚР - Президенті «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жариялады. Осы уақыттың өзінде - ақ оны жүзеге асыруда, тіпті, жаһандық дағдарыстың теріс ықпалына қарамастан, орасан зор нәтижелерге қол жеткіздік.
Біз кімбіз?
• Тәуелсіз елдің жастары
• Ел қорғаушы
• Өз Отанымыздың патриоты
• Заңдарын қорғайтын ұландар
• Өз жолын анықтай алатын азамат
• Әлемдік өркениеттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз
• Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз
• Біз бақытты, Интернет жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз
“Елдің жастарға жасауы”
Бала құқығын қорғау конвенция
Үштұғырлылық – заман талабы
Оқу кабинеттері жасақталуда
Мектептер, бала бақшалар саны көбеюде
Интерактивтік жүйе енгізілуде
Халықаралық “Болашақ” степендиясы тағайындалды
Жоғарғы оқу орындарын ашу
Жастар саясаты қолдау алды
Қазақстан – ертең. Тыныштық Альбина өз жобасын қорғайды
Көрініс: 20 жылдан соң кездесу (класс оқушыларының кездесуі)

Хор: Егемен Қазақстан
25 жылдыққа 25 тілек. (Тілек айтуға шаңырақтың жан жағына оқушылар жиналады, әр оқушы бір тілек айтып шаңырақтың уығын қадайды. Сыныпта 25 оқушы)
Мұғалім: Міне, біз қазір бақыт сезімімен « Бұл менің елім, менің жерім, тәуелсіз Қазақстаным» деп жар салып, мақтанышпен айта аламыз. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды. Халықтың, елдің болашағы, тіректері – сіздер. Жас ұландар. Бойларымыздағы патриоттық сезім шынайы болып отыр. Туған елімді, жерімді, тәуелсіздігіңді, ата - салтыңды салт – дәстүріңді сақтауға абыроймен атсалысыңдар. Қазақ халқында Атамекенді ардақтау ананың ақ сүтінен, әкенің ақыл - өсиетімен тараған. Өз елінің Тәуелсіздігі үшін жанын да, арын да аямайтын ер жүрек жастар Сіздер деп білемін!

Шәкіртімнің ғарышқа қол созғанын,
Қазағымның адал ұлы болғанын
Көрсем деймін. Жатсам тұрсам ойланам,
Өзімнен де көш ілгері озғанын.- дей келе ашық тәрбие сағатымызды аяқтағым келеді
Барлықтарыңызға рахмет!

Ақтөбе облысы,
№37 орта мектептің ағылшын пәні мұғалімі
Сабетова Айнаш Оразбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 181
1
24 дауыс
Оқи отырыңыз
Амангелді Иманов - халық батыры
Амангелді Иманов - халық батыры
1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің 100 жылдығы туралы хабарлама жасай отырып, ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі батырлар туралы түсінік беру.
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау. Өтілген материалдар бойынша оқушының білімдерін пысықтау, ой - өрісін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту.
Отан сүйер ұланбыз
Отан сүйер ұланбыз
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши селосы, Қ. Жазықов атындағы орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Құлманова Злиха Санаққызы
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі мен сақ қолбасшыларының ерлігі туралы білімдерін еске түсіріп, пысықтау.
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Muhambet
Muhambet Қонақ 30 сәуір 2016 23:28
0
Сабағыңыз маған ұнады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған керемет сабақ.