Бәйге бөлімі


Әз - Наурызым, армысың

Әз - Наурызым, армысың
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету; оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суретті плакат, нақыл сөздер, ұлттық киімдер, жартылай тігілген киіз үйде ұлттық ыдыс аяқтар, қамшы және т. б.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Құттықтау сөз.
Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні де келді. Тойларыңыз құтты болсын Ақ мол болсын, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын. тойымыз тойға ұлассын дей отырып
«Әз - Наурызым, армысың» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңдер.

ІІІ. Кіріспе
Наурыз – наурыз жақсылықтың қызыры,
Наурыз мейрам таусылмайды қызығы.
Бар сыйменен тойлап жатырбар адам,
Бір - біріне жылы жүзбен қараған.
Наурыз өте көнеден келе жатқан мейрам. Көптеген халықтардың дәстүрлі мерекелеріне айналып қашаннан тойланып келе жатқаны белгісіз. Бұл күн аспан денелері тең бастапқы нүктелеріне келіп күн мен түннің, жан - жануарлардың төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді Ұлыстың ұлы күні деп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 наурыз жаңаша 21 - 22 не қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Наурыз мейрамында қазақ халқы «Наурыз көже ішіп» ән шырқап ойын ойнап өткізген. Наурыз сөзі иран тілінен аударғанда нау - жаңа, руз - күн деген сөздерінен қалыптасып жылдың бірінші күні деп есептелінген.

1. Уа, жарандар, жарандар,
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар,
Үлкен кіші ағаң бар,
Наурыз тойы басталды.

Қыз. Наурыз келсе құт келгені халайық.
Шашау шашып ел боп қарсы алайық.
Ұлыс күні қар еріп
Сай - салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп.
Дүние біткен күлімдер.
Ұлыс күні кәрі - жас
Құшақтасып көріскен.

Қызыр баба: Ау аман ба жарандар!
Алтын таңға қараңдар.
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып
Жадырайды күніміз.
Күннің жаңа нұры бар
Мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрам бұл
Қарсы алайық тұрыңдар.

Наурыз: Сәлем ата – аналар!
Айналайын балалар,
Қызыр баба аман ба?
Жаса жайла заманда,
Уақыт іздеп келдім мен,
Бақыт іздеп адамға.

Қызыр баба:
Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы ананың
Қуанышы баланың,
Құтты болсын қадамың,
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Бейбітшілік тойы деп,
Қол соғады барша жұрт.

Наурыз қыз: Ашық болса күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
Күн мен түн теңелді,
Гүл мен жерді жайнатып,
Гүлдендірем мен енді.
Жайнатамын гүл - гүлді,
Сайратамын бұлбұлды,
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Чапаев ауылы, №1 орта жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Дюсегалиева Нурсауле Амангелдиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 2
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 2
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика