Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі

25 наурыз 2017, Сенбі
Категориясы: Тарих
Үздік ашық сабақ бәйгесіне
Тарих 9 сынып
Қысқа мерзімді жоспар:
Сабақ тақырыбы: Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі
Сабақ мақсаттары: Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі жеке, жұптық, топтық жұмыс жасай отырып, өздігінен білім алады.
Оқулықты, қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып, мәтінді талдай алады, тарихи тақырыптар жайлы өз пікірлерін орнықтырады. Белгілі бір мақсат үшін оқылым, жазылым, айтылым стратегияларын меңгереді.
Жетістік критерийлері
- Берілген мәтіннің маңызды элементтерін біледі.
- Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі жайлы деректерге талдау жасай алады.
- деректерді жинақтай біледі.
- сын тұрғысынан ойлай алады.
Құндылықтарды дарыту Патриоттық тәрбие. Өмір бойы білім алуы қажет екенін түсіну
Пәнаралық байланыстар
Әдебиет, дүниежүзі тарихы
АКТ - ны қолдану дағдылары
- венн диаграммасын кестеге түсіреді.
- интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды.
Бастапқы білім
- әдеби кітаптарға сүйену. Жалпы тарихи кезеңнен хабардар болу.
- тарихи деректерді салыстыра отырып, талдау жасау

«Қызығушылықты ояту» сатысы
«Мағынаны тану» сатысы
«Күн дидары» айдары. 11 ақпан күніне байланысты маңызды оқиғалар:
Мейрамдар
• Әзірбайжан — Салық қызметкерлері күні.
• Ватикан — Латеран келісімі мерейтойы.
• Иран — Ислам төңкерісі жеңісі күні
• Камерун — Жастар күні.
• Либерия — Қарулы күштер мерекесі.
• Польша — Орман аңдарын қолдау күні.
• АҚШ — Ұлттық өнертапқыш күні.
• Филиппиндер — Эвелио Жавер күні.
• Жапония — Мемлекет қаланған күні.

Оқиғалар
• 1889 — Жапония империясында Мэйдзи Конституциясы күшіне енді.
• 1970 — орбитаға алғаш рет жапондық жерсерік Осуми шығарылды.
• 1979 — Ирандық революция барысында Пехлеви әулеті тақтан тайдырылды.
• 1990 — апартеидке қарсы күрескен Нельсон Мандела ұзақ мерзімді қамаудан босатылды.

Дүниеге келгендер
• 1800 жыл — Уильям Генри Фокс Тальбот, ағылшын физигі, фотосуреттің негізін қалағандардың бірі (1877 ж. қ. б.).
• 1847 жыл — Томас Эдисон, америкалық өнертапқыш (1931 ж. қ. б.).
• 1934 жыл – Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург

«Білу» деңгейі: «Миға шабуыл» әдісі
Үй тапсырмасы:
1. 1965 жылы республика халық шаруашылығындағы жұмыс істеген дипломды мамандардың саны: А) 0, 1 млн - нан астам В) 0, 2 млн - нан астам С) 0, 3 млн - нан астам D) 0, 4 млн - нан астам Е) 0, 5 млн - нан астам
2. 1970 жылдары қазақстанда бірінші болып фермерлік шаруашылықты құру мен дамытуға әрекет жасаушы: А) Н. Ким В) С. Мұқанов С) А. Қадыров D) И. Худенко Е) Н. Головацкий
3. Азық - түлік бағдарламасы қабылданған жыл: А) 1982 жылы В) 1977 жыл С) 1985 жылы D) 1980 жылы Е) 1975 жылы
4. Ауыл шаруашылығы тиімділігі төменгі деңгейінің басты себебі: А) колхоздарды жою мен совхоздарды құру В) колхоздарды ірілендіру С) егістік жер көлемін күрт көбейту D) жоспарлық көрсеткіштерді көбейту Е) шаруаларды еңбек нәтижелерінен айыру
5. Қазақстандағы су тұщытатын алғашқы атомдық станция (дүние жүзінде тұңғыш) салынған теңіз: А) Арал теңізі В) Зайсан көлі С) Алакөл көлі D) Балқаш көлі Е) каспий теңізі

ІІ. Бірнеше жауаптар бар тест түрі
6. Қай қалаларда мақта - мата өнеркәсіп кәсіпорындары ашылды: А) Қарағанды В) Алматы С) Семей D) Жамбыл, Е) Шымкент
7. 1966 жылы Қазақстанда жоспарлаудың жаңа тәртібіне көшкен өнеркәсіп орындары: А) Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты В) Ақмоладағы автомобиль жөндеу зауыты С) Шымкент цемент зауыты D) Павлодар машина жасау зауыты Е) Алматыдағы «Жетісу» аяқ киім фабрикасы
8. Мәтінде қай тұлға туралы айтылған?
Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» совхозын, кейін Алматы облысы Күрті ауданының «Ақши» совхозын басқарған ол ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын енгізе бастады. Фермерлік шаруашылықты дамытуға әрекеттенді, қағазбастылықты күрт азайтып, шаруаларға бірқатар еркіндіктер берді. Оның тиімді әрі болашағы зор әдісінің тамырына балта шабылды. Оған қоса оның ісі сотқа беріліп, сотталды. Тек бірнеше жылдан соң, елде қайта құрулар басталған кезде Қазақ КСР Жоғарғы Соты алқасының шешімімен ақталды.

«Дінмұхамед Қонаев» жайлы бейнекөрініс.
«Галерея» шарлау. Оқушылар 2 минут «Суреттер» көрмесін тамашалайды.
«Түсіну» деңгейі:
«Сағат - дос» әдісі арқылы дос іздейді. Жұптық жұмыс жасай отырып, сағат 9. 00 - де «Елдің қоғамдық - саяси өмірі», сағат 12. 00 - де «1970 жылдардағы кеңестік идеология», сағат 15. 00 - де «Қазақ жастарының кеңестік жүйеге қарсылығы», сағат 18. 00 - де «1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар» жайлы оқып, түсіндіреді.
«Қолдану»деңгейі: «Республика», «идеология» «автономия» сөздерінің мағынасын ашу арқылы 3 топқа бөлінеді.
Республика - (лат. Respublіka – халық игілігі, қоғамдық іс) – мемлекеттік басқару нысаны. Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады.
Идеология – ілім, қоғамдық сана (гр. идса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік.
Автономия - (грекше: autos - өзі, nomos - заң, тәуелсіздік) - мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін - өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.
«Талдау» деңгейі: І топ: «Елдің қоғамдық - саяси өміріндегі ерекшеліктерді ментальды картаға түсіру.
ІІ топ: «Қазақ жастарының кеңестік жүйеге көзқарастарынан нені байқауға болады? «Жад картасына» салу
ІІІ топ: Қазақстандағы ұлттық қатынастардағы келеңсіз оқиғаларды топтастыр.
«Жедел ақпарат» кезеңі тұлғалар туралы деректер келтіру
«Жинақтау» деңгейі Венн диаграммасы
«Бағалау» деңгейі:
1965 - 1985 жылдардағы саяси өмірдің оң және теріс жақтары қандай болды?

Тілдік мақсаттар
Терминологиямен жұмыс:
- Республика
- Идеология
- Автономия
- диссидент
- эмигрант

Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы,
Жамбыл атындағы мамандандырылған
мектеп - интернатының тарих пәні мұғалімі
Абдикаримова Гульзада Берлибековна

Толық нұсқасын жүктеу
12 332
2
5 дауыс
Оқи отырыңыз
Step 1. Food and drink
Step 1. Food and drink
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) *Жеміс, сусын, көкөністің ағылшынша аттарын айта алу *countable/ uncountable зат есімдерді айыра алуы *Қазақтың ұлттық тағамдары туралы ағылшын тілінде айтуға дағдылану
Ыбырайтану әлеміне саяхат
Ыбырайтану әлеміне саяхат
Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы қатар келіп отыр, соған байланысты топқа бөлуді, жалпы бүгінгі сабағымызды осы қос мерекемен байланыстырамыз.
Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті
Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті
Сақтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығының дамуы, кәсібі, бейнелеу өнерінің дамуы туралы түсіндіру. Діни наным - сенімдерді, антропологиялық зерттеулерді атап өту.
Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру, ақын тілінің ерекшелігін танытып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназия Тарих пәні мұғалімі Абуева Гүлжамал Серікбайқызы
Пікірлер (2)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
;syls
;syls Қонақ 16 сәуір 2017 15:44
1
[
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
meruert5
meruert5 Қонақ 18 ақпан 2019 16:30
0
Материал жақсы дайындалған сабаққа пайдалануға тиімді екен