Бәйге бөлімі


Наймандар, керейіттер, жалайырлар

Наймандар, керейіттер, жалайырлар
Үздік ұстаз бәйгесіне
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды орта ғасырлардағы найман, керей, жалайыр мемлекеттepiнiң құрылу тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығымен мәдениетiндегi ерекшелiктерiн айтып түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларға қазіргі қазақ халқының әлеуметтік - этникалық құрылымының орта ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі тайпа бірлестіктерімен байланысы туралы айтып, қорытынды жасау қабiлеттерiн дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, Отанды сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, патриоттық саяси тәрбие беруге, өз құқықтарын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: карта, бүктеме, ғаламтор, слайд, сызбалар, хронологиялық кестелер, шығармашылық топтардың материалдары. Термин: шерби - ұлыс істерін басқаратын қызметшілер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
а. Оқушыларды түгелдеу.
ә. Оқушылардың оқу, құрал - жабдықтарын тексеру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау; ІІІ. Жаңа сабақ. а. Саяхат. ә. Өзіндік жұмыс
ІV. Сабақты қорытындылау;
V. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру. Оқушыларды үш топқа бөлеміз;

I топ Наймандар, II топ Керейіттер, III топ Жалайырлар
Қарахан дәуірі отандық тарихтың жаңа дәуірін меңгерудегі баспалдақ іспеттес екендігі жайлы айта келіп, түрік қағанаттарының дәстүрлі жалғасы - Қарахан мемлекетінің тарихына қысқаша шолу жасап, оқушылардың тақырып бойынша білімін тексеру үшін үй тапсырмасын сұраймыз. Үш топқа үй тапсырмасының сұрақтарын бөліп береміз.

ІІ. Үй тапсырмасының сұрақтары Дамыған ортағасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады? Қapaxaн мемлекетi Қазақстанның қай бөлiгiнде құрылды? Мемлекеттiң қоғамдық құрылысында қандай ерек¬шелiктер болды? Қapaxaн билеушiлерiнiң Самани әулетi мен Мауа¬раннахрды бағындырудағы әpeкeтi немен аяқталды? Мемлекеттiң Шығыс және батыс болып бөлiнуiнiң себебi неде? Қapaxaн мемлекетiнiң құлауына не себеп болды? Мемлекеттiң шаруашылығы бағыттары қандай болды? Ислам дiнiнiң мәдениеттiң дамуына әcepi неден көрiндi? Мемлекеттің негізін кім қалады?

Жаңа сабақты түсіндіру.
Орта ғасырлардағы Қазақстан жерінде мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы, олардың қоғамдық - саяси өмірі жайлы оқушы білген сайын отандық тарихты меңгеруге деген қызықшылығы арта түсетіндей қызықтырып өткізу.
Бүгінгі сабақта интербелсенді технлогиясының үш құзіреттілігін пайдаланамыз.
1. Ақпараттық құзіреттілік
- алынған ақпаратты қандай деректерден іздеу керек екендігін көрсете алады;
- ақпараттарды өз бетінше жоспарлап жинайды;
- алынған ақпаратты жүйелейді және талдау жасайды;
- алынған ақпаратты проблеманы шешу үшін қолданады;

2. Қарым – қатынастық құзіреттілік
- талқыланған мәселеге өз көзқарасын білдіреді;
- қоғамға жауапкершілікпен қарай алады, өз бетінше шешім шығара алады;
- өзінің жұмысына мақсат қоя біледі;
- дәлелмен сөйлей білу құзіретін меңгереді; - өз бетінше қорытынды жасайды;

3. Мәселенің шешімін табу құзіреттілігі
- сөз сөйлеуді жоспарлау;
- адам және қоғам туралы, қоғамдық қатынастар жайында қажетті ұғым мен терминдерді қолданады
- негізгі ойды шындық тұрғысынан анықтайды;
- топтық зерттеу жұмысына қатысу, талқыланған мәселелерге өз көзқарасын білдіру, сөз сөйлеудің түрлерін игеру, пікірталастың этикалық нормаларын меңгеру.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Тайпалардың орналасуы.
2. Найман, керей, жалайырлардың саяси тарихы.
3. Қоғамдық құрылысы.
4. Шаруашылығы.
Осы үш тайпаның қазақ халқының әлеуметтік - этникалық құрамында алатын орнына тоқталып, қазақ руларының шежіресіне қысқаша шолу жасап, Қалибек Данияровтың «Шыңғысхан тарихы» кітабындағы наймандар, керейіттер, жалайыр рулары туралы деректермен таныстырып, үш тайпаның мекендеген жерлерін картадан көрсетеміз және сол елдерге саяхат жасаймыз.
1 топ. Наймандар еліне саяхат.

Найман мемлекетінің шығу тарихы жайында әр түрлі деректер бар. Тарихшылардың көбі наймандарды түрік тектес халық десе, кейбір деректер оларды монғол тектес халықтар тобына жатқызады. «Найман» сөзі монғолша «сегіз» деген ұғымға сәйкес. Ол найман тайпалық одағының құрамындағы сегіз тайпаны білдірген. XII ғасырдың ортасына қарай өзінің мемлекетін құрды. 1201 жылы қырғыз, меркіт, найман тайпалары монғол тайпаларының күшейуіне қарсы құрылтай өткізеді. Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген.
Найман мемлекетінің дамуы
Ханның аты
Наркеш Дайын - Алғашқы ханы. Мемлекетті біршама нығайтты. Егін шаруашылығы мен отырықшы қалалық өмір салты орын алды
Білге хан - Мемлекетті дамытты. Халықты өз төңірегіне топтастыра отырып, күнкөріс - тіршілікке баулып, бейбіт өмір сатын орнатты. Қарақытай үстемдігінен құтылды. Сауданы дамытты.
Бұйрық хан - Ел екіге бөлінді. Алтайдың Қара Ертісіндегі Орүнгу маңын мекендеді. Мемлекет әлсіреді. Керейіттер шабуыл жасайды.
Даян хан - Мемлекет әлсіреп, далалық өлкеде мекен етті.

2 - топ. Керейіттер еліне саяхат
Керейіттер тарихы
Қазақ халқын құрған түрік тілдес ірі тайпалардың бірі. Тарихта керейлер туралы алғашқы жазба деректер X ғасырдын бастап белгілі. Тайпаның аты Керлин (Керулен) өзенінің бойында қоныстанғандықтан, керілер деп аталған. Керейлер батысында найман, ал солтүстігінде меркіттердің тайпалық бірлестігі болды. Керейіттер мемлекетінің орталығы қазіргі Улан - Батор қаласы жанындағы Хантәңірі тауының шығыс жағындағы Битөбе деген жерде болған. Жазба деректерде бұл тайпалар Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған.
Керейіттердің құрамындағы сегіз аймақ
1. Керей 2. Жиркиы 3. Қоңқай 4. Сақай 5. Тутау 6. Албат 7. Тунхай 8. Қыркун
Мемлекеттің саяси жағдайы
Мемлекеттің дамуына үлес қосқан қағандар

Маркус хан - Мемлекеттің күшейген кезі еді. Орталығы
қазіргі Улан - Батор қаласы жанындағы Хантәңірі тауының шығыс жағындағы Битөбе деген жерде болған.

Құршақұз хан - Мемлекетті бір орталықтаған басқаруға ұмтылса да, көрші тайпалар шабуылы оған мүмкіндік бермеді. Хандықты оң, сол, орта бөліктерге бөлді.

Тоғырыл хан - Мемлекет дамыды. Мемлекеттің басқару жүйесін біршама нығайтты. Шыңғысханмен достық қарым - қатынаста болды.

3 - топ. Жалайырлар еліне саяхат.
Жалайырлардың тарихы
Жалайырлар X - XIII ғасырлар аралығында Солтүстік Монғолия жерінде Орхон өзенінің жоғарғы жағы мен Селенгі, Хилок өзендерінің бойын мекендеген. Жалайырлар және олардың тайпалық бірлестігі жайында мәліметтер монғол деректерінде кездеседі. Жалайырлар монғолдармен тығыз қарым - қатынас жасап тұрған. Жалайырлар тарихында олардың билеушісі Жамұқа туралы көп айтылады. Жамұқа монғол билеушісі Шыңғысхан мен жақын достық қатынаста болған. Жамұқа 1201 жылы Аргун өзенінің бойында құрылтай шақырып, өзін «гурхан» жариялап, таққа отырған. Бұл жағдайды естіген Шыңғысхан керейіт ханы Торымен одақ құрып, Жамұханы жеңіп, жалайырларды қол астына қаратқан.

ІV. Сабақты қорытындылау: «Монғолдың құпия шежіресіндегі»деректерде бұл үш тайпаның меркіт, таңғұт, монғол тайпаларымен көрші жатқандары жайлы көп айтылады. Олардың бірде тату, бірде соғыс жағдайында болғандары туралы жазылған. Бұл үш тайпа өзара бір - бірімен бейбіт қатынаста тұра алмады. Сондықтан да біріккен, ірі мемлекеттік дәрежеге жете алмағанын айтып, Абай атамыздың өлең шумақтарымен сабағымызды аяқтаймыз.
Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек.
Өзімнің иттігімнен болды демей,
Жеңді ғой деп, шайтанға берер көмек.

V. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру: §11. оқу, хро. таб. жұм. тест құрастыру.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Б. Өтеп атындағы «Өнер» мамандандырылған мектеп - интернаты КММ
Тарих пәнінің мұғалімі Мухидинова Гүлзада Сабырқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 27
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 16 сәуір 2017 22:48
Мухидинова Гулзаданың тақырыбы ашылған, өте керемет жазылған.
Пікірлер #2: 19 сәуір 2017 16:05
Əр тайпаның тұрақты жері анық көрсетілген, билік құрған хандардың еңбектері оқушыға түсінікті етіп жазылған.
Пікірлер #3: 19 сәуір 2017 16:11
Саяхат сабағы маған өте ұнады!
Пікірлер #4: 24 сәуір 2017 12:36
Мухидинова апайдың сабағын толығымен ашып таныстым,картамен үш тайпаның тұрғылықты жерлері жақсы көрсетілген.Тәуелсіздіктің 25-жылдығына "ҚАЗАҚСТАН" сөзжұмбағы жақсы кірістірілген.Сізге сәттілік .
Пікірлер #5: 26 сәуір 2017 10:41
Гулзада Мухитдинованын сабагын толык окып шыктым, тусиникти жазылган, маган унады.
Пікірлер #6: 29 сәуір 2017 20:06
Мухидинова Гулзада апайдың сабағының құрылымы өте жақсы . Артық ештенке жоқ. Түсінікті етіп жазылған.
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 8
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 8
Роботтар: 0
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика