Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

28 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Ежелгі Қазақстан тарихы 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сақ туралы алғаш мәліметтер, сақ тайпаларының қоныстауы, сақ қоғамы туралы мәлімет беру;
Дамытушылық: Қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыстану дағдысын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отан сүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі - тәсілі: сұрақ - жауап, баяндау, жазбаша жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, карта, үйлестірмелі карточкалар, тест, жұмбақ, ребус.
Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Амандасу, оқушыларды түгендеу;
Ә) Оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру
Психологиялық сергіту
Сыңғырлайды қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Табыс тілін баршаға,
Жаңа білім алуға
Алға қадам тастаймыз.

Бір – біріміздің жылулығымызды сезіну үшін алақандарымызды тигізейік,
Бүгінгі күн терезеден
Бізге күле тұр қарап
Сондай жақсы көңіл - күймен,
Басталады бұл сабақ

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1 тәсіл – асық ату ойыны (слайд арқылы көрсетемін, ұяшықтардағы сандарды таңдайды әр топтың оқушылары).
Ең бірінші қолданған металл.
Ең алғаш металл өндірген аймақ.
Қыш құмыралар заманы.
Неандерталь адам қай жерден табылды?
Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының бірі

ІІІ. Жаңа сабақ:
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Жоспары:
1. Сақ туралы алғаш мәліметтер
2. Сақ тайпаларының қоныстануы
3. Сақ қоғамы

Сақтар - біздің бабамыз,
Ақыл - ойлы данамыз
Тарихи дерек іздеп біз,
Көне дәуір тамырын,
Терең іздеп табамыз.

Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек - рим авторларының шығармалары. Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндер мен грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Геродот пен Страбон айтуға болады.
Сақтар б. з. д. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым - қатынас жасаған. «Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында «құдіретті еркектер» деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында «жүйрік атты тулар»дейді. Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер»деп атады.
Грек авторлары Ктесий «сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады»деп баяндайды.

Арал теңізінің сотүстік - шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, аргипейлер, исседон, массагеттер деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген.
Сақ қоғамы жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер деп аталатын үш топтан тұрады. Жауынгерлерге ежелгі үнді - ирандық тілінде «ратайштар», яғни «арбада тұрғандар» деп атаған. Абыздардың танымал белгісі болып тостаған мен айрықша бас киімдері саналады. Малшылар мен егіншілердің «сегізаяқты» деп аталатындары да болған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді.
Сақ жауынгерлері қызыл және сары - қызыл, абыздары ақ, ал малшылар мен егіншілер сары мен көк түсті киімдер киген. Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемі болып та сайланатын. Мысалы, сақтарды патшайым Томирис басқарды.
Гректерді сақтарды аса жоғары құрметтеп, оларды әлемге ең әділ, ең шыншыл халық деп есептеген. Ежелгі грек географы Страбонның айтуынша, сақтар жақсы шбандоздар болған. Олар «садақпен, қылышпен және қола балталармен қарулаған, сауыт киген».

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Постер қорғайтын уақытта оқушыларға суреттер, тақырыпқа байланысты карта беріледі 4 топқа

Ойлап тап жұмбақ шешу (ұяшықтағы алты жұмбаққа жауап беру).
1. Қадам бас алға сүрінбей,
Болашақ кілті – білімде.
Қандай мағына береді
“Сақ” сөзі парсы тілінде? («құдіретті еркектер»)
2. Арайлап таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмен тең,
Сақтар қалай атады? «шұбат»
3. Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады
Грек Геродот сақтарды. «массагеттер»
4. Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік? «Хаумаварга»
5. Ағаға тыныс іні еді,
Тарих өткеннің үні еді.
Сақ әйелінің ерлігін
Сипаттап берген кім еді? «Ктесий»
6. Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші, қай сақтар,
Арал мен Сырды жайлады? «Парадарайа»

Қарағанды облысы,
Теміртау қаласы, № 9 мектеп - лицейінің
тарих пәні мұғалімі Кушенова Назерке Талгатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 534
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар,
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.