Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Болашақ мамандық

09 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Болашақ мамандық (9 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру;
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, СТО, психологиялық жаттығу
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд
Пәнаралық байланыс: тарих, психология, география, әдебиет

Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1. Тамақ өнеркәсібі салаларын атаңдар.
2. Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады?
3. Сауда саласындағы мамандықтарды ата.
4. Ауыл шаруашылығы салаларын атаңдар.
5. Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығына байланысты қандай мамандықтарды білесіңдер?

ІІІ Жаңа сабақ.
Кім болам?
Ақын болсам, тіл керек.
Шешен болсам, шеберлік керек.
Ғалым болсам, ой керек,
Маман болсам, білік керек.
Палуан болсам, білек керек,
Бәріне негіз болар білім керек.
Топпен жұмыс: плакатқа салып, қорғау.
1 - топ. Мен таңдайтын мамандық.
2 - топ. Қай мамандық түрі осы заман талабына сай.
3 - топ. Мамандықтардың ерекшеліктері.
Тігінші тапсырмасы: Суреттегі заттардың атын жаз. (Бұрғы, сүргі, қайрақ)

Тапсырма:
«Доп плюс мамандық немесе кім көбірек мамандықты атайды?»
Барлық оқушылар орындарына тұрады. Оқушылар бір - біріне доп лақтыру арқылы мамандықтарды атайды.
Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды және қолда үш секундтан аса ұстамау керек.
Музыкант тапсырмасы: Кімге не керек екенін табыңдар.

Тапсырма: Сиқырлы кестедегі суреттердің жауабын табыңдар?

Тапсырма: Оқушыларға нұсқау беріледі, берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Ең ақшасы көп -......... (бухгалтер, экономист).
Ең жасыл -......... (эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті -........ (аспазшы, кондитер).
Ең күлкілі -....... (клоун, карикатурашы).
Ең жауапты -....... (сот, бухгалтер).
Ең салмақты -........ (мұғалім, заңгер).
Ең қарым - қатынасы күшті -........ (бизнесмен).

Тапсырма:
«Мамандық туралы диалог» - «Иә, бірақ та...».
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Жұптар ойыншылардың біріне болашақта алғысы келетін мамандығын талдап, ойластырады. Бұл жерде ойыншының міндеті өз қалауын негіздеу. Диалог «Иә, бірақ та...» принципі бойынша құрылады.
1 - ші «Маған ұнайтын мамандық...., себебі...».
2 - ші «Иә, бірақ та...».
Оқушылардың таңдаған мамандығының оған сәйкес келетіндігін аргументті түрде дәлелдей алдыма? Содан соң рөлдермен алмасады. Талдау. Құрылған диалог туралы пікір - талас, өз ойларын, не сезінгендерін жеткізу.

ІҮ Жаңа сабақты бекіту (рефлексия). INSERT картасы
Сіздер бүгінгі сабақта белсенді болдыңыздар. Мен сіздерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр. Сабақ несімен қызықты болды?

Бүгінгі сабақта болашақ мамандықтар туралы көп білетіндеріңізді байқадым. Барлықтарыңыз сабаққа белсене қатысып отырдыңыздар.

Ү Сабақты қорыту.
Ж. Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген сөзімен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

ҮІ Үйге тапсырма. § 46 оқу. Конспект жазу.
ҮІІ Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беруіне қарай білімдерін бағалау.

Алматы қаласы, Алмалы ауданы.
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның
Технология пәнінің мұғалімі:
Бакелекова Динара Болатхановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 112
0
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек - рим авторларының шығармалары.
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, 1 Май орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джанкенова Анаргуль Куанышевна
Су патшалығына саяхат
Су патшалығына саяхат
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы,«Балауса бөбекжай - балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі Азимова Бақытгүл Абылайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.